Материалдар / Жолда жүру ережесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жолда жүру ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережесі балабақшада тақырыптық сабақ
Авторы:
16 Мамыр 2023
343
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық.

Мақсаты: бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол , жол қиылысы, медециналық көмек пункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бағдаршам, видеоролик, жұмбақтар сөзінен слайд.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,ойын.

Бигивалді компанет: бағдаршам-светофор


Оқу қызметі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың оқу қызметі

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдас-тырушылық -ізденістік

Жұмбақ жасырады.

Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ тоқта, жүр дейді.

-Бұл не екен балалар?

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?

-Бағдаршамның неше көзі бар?Қандай.

-Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші. Қандай көзі жанғанда тоқтаймыз.

-Жарайсыңдар, балалар, бағдаршам туралы біледі екенсіңдер, енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз.

-Сендер таңертен балабақшаға келгенде немесе ата-аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?

-Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз.

- -Балалар, мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Балалар мен сендерді үш топқа бөліп тапсырмалар берем орындаймыз ба?

Ендеше сенднр мынадай үш топ атымен атаймын.

«Қызылдар», «Сарылар», «Жасылдар» деп үш топқа бөлінеміз.

Әр топқа бөлек тапсырма.

Бірінші тапсырма «Қызылдарға»

Жолдардан қалай өтеміз ?

Екінші тапсырма «Сарыларға»

Бағдаршамның түстерін атап шық?

Үшінші тапсырма «Жасылдарға»

Көлік жүргізетін адамды кім деп атаймыз?

Жарайсыңдар балалар.

Енді жұмбақ шешеміз, мұқият болыңыздар

«Қызылдарға» жұмбақ

Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

«Сарылырға» жұмбақ

Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (жол полициясы)

«Жасылдарға» жұмбақ

Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
Сергіту сәті.

Бірінші топқа бағдаршамды жапсырту. Екінші топқа бағдаршам көздерін құрастырту. Үшінші топқа бағдаршамды бояту.

Балалар енді жол ережесі туралы шағын әңгіме тыңдайық. (видео ролик көрсету.)




-Бағдаршам.

-Машиналар бір-бірімен соқтығысып қалмас үшін.

-Адамдардың жолдан өтуі үшін.

-Бағдаршамның үш көзі бар. Олар: қызыл, сары, жасыл.

-Бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанғанда жүреміз.

-Жол жиегіндегі жолмен жүреміз.

-Машиналарға кедергі жасамас үшін.




Топқа бөліну.



Тапсырмалар орындау.




Өз топтарына берілген тапсырманы орындау.




Жұмбақтар шешу.




Жұмбақты мұқият тыңдау.






Сергіту сәтін орындау.


Тапсырмаларды орындау.



Әңгіме тыңдау.

Оқу қызметінің бақылау кезеңі.

Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу қызыметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Оқу қызметінен алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам қызыметін.

Баланың жасай алуы: жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін; жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол тәртіп сақтауды.

Баланың меңгеруі: жол белгілері, басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.





































Технологиялық карта

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту.

Мақсаты: ертегі мазмұнымен таныстыру. Ертегі киіпкерлерінің бір- біріне айтқан сөздерін айтқызу арқылы оны сахналауға талпындыру. Еңбекқорлыққа баулу.

Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі.

Көрнекіліктер: ертегінің суреттері, киіпкерлердің жылжымалы суреттері.

Сөздік жұмыс: шалқан, бірінің артынан бірі.

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды жартылай шеңберге отырғызады да, оларға ертегі айтып беретінін, ертегіні мұқият тындау керектігін айтады.

Балалар ертегіге қызығушылық танытады.


Ұйымдастырушылық

ізденістік

Ертегінін мазмұнын сюжетті суреттерді ретімен көрсете отырып мазмұндайды.

Сергіту сәті:

Мысық, мысық ұйықтайды,

Тышқан, тышқан жорғалайды: пи, пи, пи.

Балаларға сұрақтар бере отырып, жылжымалы суреттермен ертегіні қайталатады.

Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындатады.

Ертегіні мұқият тындауға құлшыныс

білдіреді.

Қимыл- қозғалыстар жасайды.

Балалар тәрбиешінің көмегімен ертегіні қайталайды, сұрақтарға жауап береді.ертегі киіпкерлерінің суреттерін жапсырма арқылы жапсырады.

Рефлек-

сиялық-түзетушілік

Ертегі мазмұнын сұрақ - жауап әдісі арқылы сұрайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ертегінің мазмұнын.

Нені игерді: ертегі мазмұнын ретімен айту дағдысын.

Нені білді: ертегі туралы түсінікті.




Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы:Су тіршілік көзі.

Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету,ойын, мақтау-мадақтау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: плакат, су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер және т.б;

Құрал-жабдықтар: видео көрсетілім, сергіту сәті әуені,

Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз.

Су жайлы видео ролик қараймыз

Балаларға сұрақ жауап қою.

Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

Жұмбақ

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

Назарларын

Жұмбақтың жауабын шешеді.

Ол: Су.

Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы – «Су – тіршілік көзі» екен.

Тақтаға ілінген суретпен жұмыс.Сұрақ-жауап түрінде.

Балалар су қандай зат? Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? (балалар суды иіскеп көреді)

Судың дәмі бар ма? Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен?

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

Судың түсі бар ма? Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық.

Сонымен қатар су мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.

Балалар судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету.)

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.

Су туралы қандай тыйым сөздерді білеміз?

Ал кім су туралы тақпақ біледі.

Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер, серуендейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?

Балалар «Күн мен жаңбыр» ойынды ойнайды.

Ол сұйық мөлдір су.

Балалардың жауаптары

Су жайлы балалар өз ойларын айту. (балалардың жауаптары тыңдалады) Балалар суды ішіп көреді.Судың дәмі жоқ. Балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады.
(балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)

Иә көрінеді

Балалармен қайталау.(балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)
1.Су ішкен құдыққа түкірме.

2.Түнде суға барма.

3.Түнде судың бетін ашық қалдырма.

4.Өзен, көлдерді ластама. Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолынды жу.

Жуынсандар әрдайым,

Аппақ,бетін маңдайын

Балалар ойнайды
Рефлексиялық- түзетушілік
Балаларға сұрақ қойылады.

Игровизор бойынша жұмыс жасаймыз

Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?

Судың қандай қасиеттері бар?

Қандай тәжірибе жасадық?

Сусыз өмір сүруге болады ма?

Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?

Қандай ойын ойнадық?

Суды үнемдеу керек пе?

Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары есіме түседі.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.

Балалар осы өлең жолдарында айтқандай су болмаса тіршілік көзі болмайды. Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс – әрекетімізге белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін.!


Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Су тіршілік көзі. Адам, жануар, өсімдіктер сусыз өспейтін, өне алмайтыны жайлы түсінік біледі.

Игереді: судың қасиеттерін, қалыптарын түсінеді.

Меңгереді: су туралы тақпақтар айтады, түсін,дәмін пішінін біледі.
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!