Материалдар / «ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН БІЛ ЖӘНЕ ӘРҚАШАНДА ОРЫНДА»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН БІЛ ЖӘНЕ ӘРҚАШАНДА ОРЫНДА»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне жол жүру ережелері бойынша балаларға түсінік беру үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН БІЛ ЖӘНЕ

ӘРҚАШАНДА ОРЫНДА»

атты үгітбригада сценарийі

(Балалар залды айналып саппен кіреді)

Ислам: Кім абайлап саппен жүрді?

Бәрі: Бұл біздің «Үгіт бригада»

Айзада: Біз «Алпамыс» балабақшасының жас инспекторлары.


Жетекші (Ислам) : Біздің топтың аты: «Бағдаршам»

Біздің ұранымыз: Ережені білеміз,

Көшеде еркін жүреміз.

Біздің ұран осындай,

Сіздерге айтып береміз.

(Әннің алдында Ислам бір адым алда тұрып сықырып инспекторларды шақырады.Балалар орын-орнына тұрады).

Ән: «Жаяу»

(Балалар келіп тоқтайды, бауырсақ келіп жол бойымен жүреді)

Бала : Бауырсақ, бауырсақ сен неге жол ережесін бұзасың?

Бауырсақ : Мен ешқандай ереже білмеймін......

Бала : Бағдаршамға қара. Біз саған қазір жол ережесін түсіндіреміз.

Бауырсақ: Жарайды!







Балалар: Бас көшеде қырағы,

Үш көзді дәу тұрады

Ашса кезек үш көзін,

              Айтты деп біл ,үш сөзін

             

  -Тоқта!

                   -Сақтан!

                      -Жол ашық!

              Жүрме жолға таласып.

Қызық жарық жанғанда

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жағылса,

Сақ абай бол барынша.

Жасыл шамы жол ашық,

Зымырай бер бел асып.


Жәңгір: Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді

Сары жанса дайындыққа кір дейді.

Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.

Тапжылмастан бір орында тұр дейді.



Айзада : Бағдаршамнан басқа жол жүру ережесіне байланысты жол белгілері бар. Солардың бірнешеуін біздің балалар түсіндіріп береді.

( жол жүру белгілері бойынша анықтама беру).


1.Бұл белгі «велосипед жолын» білдіреді.

2. «Абайлаңыз, балалар! » деген белгі.

3. Бұл белгі «жабайы хайуанаттар орны».


4. Мотоциклдің қозғалысына тыйым салынатын белгісі.

5.Бұл белгі бір бағытқа арналған белгі.

6.Бұл белгі жүк машинасының қозғалысына тыйым салынады деген белгі.

7.Мына белгі жаяу жүргінші өтпесі дегенді білдіреді.

8.Бұл белгі велосипедпен жүруге тыйым салынады дегенді білдіреді.


Бауырсақ: Рахмет сендерге балалар, мен енді жол ережесін бұзбаймын.

Мен тәтті бауырсақпын,
Мектепке енді барамын.

Жүруді де үйрендім,

Көшесінде қаланың.

  • Мен енді ертегілер еліне қайтайын.Сау болыңдар, балалар!


Қай көше,қай қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жол жүру ережесі-заңды тәртіп

Ол ортақ!Үлкен-кіші баршамызға.


Хормен: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!





































«ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН БІЛ ЖӘНЕ

ӘРҚАШАНДА ОРЫНДА»

үгітбригада сценарийі

12 «Күншуақ» ересектер тобы



















Тәрбиеші: Жумабаева Г







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!