Материалдар / "Жолда жүру ережесің білесің бе?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жолда жүру ережесің білесің бе?"

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып оқушыларына тереңірек жолда жүру ережесімен таныстыру, сонымен қатар білген білімдерін оқушылар тапсырмалар орындау арқылы түсіндіріп бере алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2023
350
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы :

Жолда жүру ережесің білесің бе?


Мақсаты: Оқушыларды жол ережесімен таныстыру ,жол қауіпсіздігін есте сақтауға , білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. 


Көрнекілігі :Бағдаршам, жол белгілері, слайд


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.


Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты..

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Жол тәртібін білетін,

Біз білімді баламыз.


Балалар бүгін “Жолда жүру ережесін сақтаймыз” атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмын.Себебі сендер жолда жүру ережесін қатаң сақтауларың керек.

-Балалар біздің ата -аналарымыз базарға, қалаға. ауылға барғанда олар немен жүреді.

-Көлікпен.

-Жолда жүргенде жол ережелерін сақтайсыздар ма?

-Иә.

-Олай болса мен сіздерге жұмбақ жасырайын.

1)Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр ? ( Бағдаршам)

-Балалар бағдаршам бізге не үшін керек ?


ІІ Негізгі бөлім.

Сурет арқылы түсінік беру.

Бағдаршам- жол ережесін реттеуші, ол жол қиылысынан өтуге көмектеседі .

Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды .Біз жол ережесін сақтай білуіміз керек. Балалар бағдаршамның үш көзі болады.

Қызыл көзі жанғанда - қалт тоқтаймыз.

Сары түс жанғанда- дайындаламыз , абайлап сақ болыңыз.

Жасыл түс жанғанда- жасыл жарық жол ашық жүгіріп өтіп кетеміз.


Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

- Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не? - Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады? - Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме? - Ол үшін не істеуіміз керек?

Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың

- жол бойында қалай болса солай жүріп,

- доп қуалайтыны,

- ролик тебетіні,

- жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,

- қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Жоғарыда берілген суреттер бойынша сұрақ – жауап арқылы оқушылардың жол ережелері жайында не білетіндігі анықталады, және де жол қауіпсіздігін сақтау жайында айтылады.



Оқушыларға суретте берілген жол белгілері туралы айтылады.

Жұмбақтар шешу:

1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Оқушылардың жол қауіпсіздігі түсінуін білу үшін, топтық тапсырмалар беруге болады:

І-топ. Бағдаршам не үшін қажет, суретін құрастыру арқылы түсіндіру

ІІ-топ. Басқа да жол ережелерінін суреттерін мозайка арқылы құрастыру, айтып түсіндіру.

ІІІ-топ. Жол ережелерін оқушыларға құрастырту.

Қорытынды.

Жеке жұмыс.

Суретте берілген бағдаршамның көздерін сәйкесінше бояуы керек. Осы арқылы оқушылардың бағдаршамның көзін меңгергенің байқайтын боламыз.

Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп, деп сабағымызды аяқтаймыз.









45 Жалпы орта білім беретін мектебі





Shape1

Тәрбие сағаты















Тақырыбы:

Жол жүру ережесін білесің бе?”




Өткізген: 2 “В” сынып жетекшісі

Алексеева Жазира Сергейқызы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!