Сабақ
тақырыбы: Жоңғар басқыншылығына қарсы
Отан соғысының басталуы
Зерттеу
сұрағы: Не себепті «Елім-ай»
бүкілхалықтық әнге айналды?
|
Мектеп:
|
|
Күні:
|
|
|
Сынып: 8
(7)
|
Қатысқан оқушылар
саны:
|
Қатыспағандар:
|
|
Сабақтың
мақсаты
|
|
|
Осы сабақ
арқылы
жүзеге
асырылатын
оқу
мақсаттары
|
7.3.1.2 – Қазақ хандығының
ішкі саяси жағдайын талдау;
7.2.2.1. – халық ауыз әдебиеті
мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын
бағалау
|
|
Тілдік
мақсаттар
|
Бейнефильмді (видео) көру және
"Елім-ай" әнінің мағынасы мен мазмұнын талқылау (тыңдалым және
айтылым дағдысы).
Бейнефильмнің (видео) жазбаша
қорытындысын жасау (жазылым
дағдысы).
Тарихи дереккөздермен жұмыс
жасау (оқылым
дағдысы)
Ақпараттық мәтіндер мен тарихи
дереккөздер туралы материалдарды зерттеу барысында жұптасып жұмыс
істеу. Жасалған жұмыс нәтижелері туралы сынып алдында ауызша есеп
беру (оқылым, жазылым, тыңдалым және ауызша пікір айту
дағдылары)
Пәндік лексика мен
терминология:
Қонтайшы, Жоңғар хандығы,
ойраттар, қалмақтар, жұт, торғауттар, басқыншылық саясат
(агрессия).
Диалог құруға /жазылымға
қажетті сөздер топтамасы:
Жоңғар билеушілерінің Қазақ
жеріне қатысты басқыншылық саясат жүргізу
себептері
Қазақ хандығының ішкі
жағдайы
Демографиялық өзгерістер және
миграциялық процесстер себептері
|
|
Құндылықтарды
дардамыту
|
Азаматтықты, отансүйгіштікті,
ұлттық өзін-өзі тануды, қоғамның мүдделеріне қызмет етуге
дайындығын қамтамасыз ету. Басқа адамдарға деген құрметті
тәрбиелеу. Топтық және жұптық жұмыс арқылы оқушылар арасындағы
ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, академиялық
адалдық
|
|
АКТ
дағдыларының
дамуы
|
Ақпарат іздеу мақсатында
интернет сайттарымен жұмыс жасау, бейнематериалдарды
пайдалану
|
|
Пәнаралық
байланыс
|
Қазақ әдебиеті, география
(оқушылар шайқастардың атауларын атап, картадағы орындарын
белгілейді)
|
|
Алдыңғы меңгерілген
білім
|
Оқушылар қазақтар мен
жоңғарлардың алғашқы ірі және ең маңызды шайқастарының бірі 1643
жылы Орбұлақ шайқасы екенін және осы кезде қазақтардың жоңғарларға
қарсы күресін Жәңгір ханның басқарғанын
біледі.
|
|
Сабақ
барысы
|
|
Сабақтың қезеңдері
|
Сабақта орындалатын іс -
әрекеттер
|
Оқыту ресурстары
|
|
Басы
|
М Бейнефильммен (бейнеролик,
видео) жұмыс ұйымдастыру. Алғашында
бейнефильмді дыбыссыз көрсетіңіз, оқушылар бейнефильмнің сюжетін
суреттеп, бейнефильмде не туралы айтылуы мүмкін екендігі туралы
болжам жасайды. Содан кейін бейнефильмді қайтадан көрсетіңіз, бірақ
дыбыспен. Оқушылар өз сезімдерімен және ойларымен бір-бірімен
бөлісуі керек. Оқушыларға келесі сұрақтар қойыңыз:
1. Бейнефильмнің сюжеті қандай?
2. Неліктен қазақ рулары туған жерінен көшіп кетуге мәжбүр
болды?
Б/Ж Оқушыларға жоңғарларды
бейнелейтін иллюстрациялар көрсетіңіз. Оқушылардан суреттегі
кейіпкерлер кімдер, олар сіздер көрген бейнероликке қандай қатысы
болуы мүмкін деп сұраңыз
|
Халық әні «Елім –
ай»
https://www.youtube.com/watch?v=snCRREiAmA8
Иллюстрациялар:
|
|
Ортасы
|
Зерттеу және
талдау
Т Деректермен жұмыс
жасау
1 –
топ
-
дерек «Қазақ хандығының
жағдайы» (Қосымша 1)
Ұсынылған дерекке қойылатын
сұрақтар:
-
Қазақ хандығында шабуыл
қарсаңында қандай үрдістер болды?
-
Қазақ жасақтарының қандай
әлсіз тұстары жоңғарларға қарсы табысты күрес жүргізуге кедергі
болды?
2-топ
2-дерек «Жоңғарлардың басып
кіруі (шабуылы)»
Ұсынылған дерекке қойылатын
сұрақтар:
1. Жоңғарлар қандай тактика
қолданды?
2. Бұл тактиканың мәні неде?
3. Жоңғар шабуылының негізгі бағыттары қандай болды?
4. Жоңғарлар шабуыл жасау үшін жылдың қай мезгілін пайдаланды,
неге?
-
– топ
3-дерек «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама»
Ұсынылған дерекке қойылатын
сұрақтар:
1. Неліктен Жоңғар
шапқыншылығы болған жылдарды қазақ халқы тарихында «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атайды?
2. Жоңғарлар жергілікті халыққа қатысты қандай саясат
жүргізді?
3. Солтүстік Түркістан
қалаларына жету үшін жоңғарларға қанша уақыт керек болды?
4. Жоңғарлардан қорғану үшін
қазақ халқы не істеуге мәжбүр
болды?
4-топ
-
– дерек «Жоңғар шапқыншылығы
жылдарының салдары»
Ұсынылған дерекке қойылатын
сұрақтар:
1. Жоңғар шапқыншылығы болған
кездегі тарихи оқиғалар қандай поэмада
суреттелген? 2. Жоңғар шапқыншылығының
зардаптары қаншалықты ауыр болды?
3.
Жоңғар шапқыншылығы кезеңін
қазақ халқы неге «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары» деп
атады?
|
История Казахстана (с древних
времен до современности). 5 том. 3-том. – Алматы,
2010.
Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева
А.Т. 8 класс. История Казахстана., Атамура,
2012.
Қабылдинов З.Е. 8 класс.
История Казахстана Хрестоматия. Атамура,
2012.
Сулейменов
Р.Б.,
Моисеев В.А. Из истории
Казахстана XVIII века (о внешней и внутренней политике Аблая). –
Алма-Ата, 1988.
Моисеев Джунгарское ханство и
казахи
XVII-XVIII вв. – Алма-Ата,
1991.
|
|
Соңы
|
Интерпретация
Б Әр топ өз жұмысының
нәтижелерін ұсынады. Оқушылардан өздерінің нәтижелерін шығармашылық
жұмыс түрінде көрсетуін сұраңыз. Мысалы, плакат, шағын есеп,
хабарлама, презентация түрінде. Сұрақтар мен жауаптарды
ұйымдастырыңыз. Оқушыларға бір-бірінің жауаптарын толықтыруға
мүмкіндік беріңіз.
Оқушылардың осы сабақ
барысында алған білімдерін келесі сұрақтарға жауап беру арқылы
бекітіңіз:
1. Жоңғар хандығы қашан пайда
болды?
2. Жоңғар хандығының билеушілері қандай мақсаттар көздеді,
неге?
3. Неліктен қазақтар бастапқы
кезде жоңғарларға қарсы күресте сәтсіздікке
ұшырады?
4. Жоңғарларға қарсы қазақ
халқының күресінің сипаты қандай
болды?
5. Жоңғар шапқыншылығының
салдары қандай болды?
6. Қазақ әскерінің жеңіске
жеткен атақты шайқастарын атаңыз.
7. Қазақ халқы үшін жоңғар
шапқыншылығы кезінде қалыптасқан жағдайдан шығу жолдары қандай
еді?
|
А-4 қағаз,
стикерлер
|
|
Қосымша
ақпарат
|
|
Дифференциациялап
оқыту – Оқушыларға
көбірек қолдау көрсетуді
қалай жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға
қандай міндеттер қоюды
жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың
білімін қалай тексересіз?
|
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік
ережелері
АКТ-ны
қолдану
Құндылықтарменбайланыс
(тәрбие
элементі)
|
|
Сабақтың әр кезеңінде жасырын
дифференциация бар. Сыныпта жалпы талқылау барысында оқушылармен
түсіністік деңгейі және сыни ойлау дағдыларын дамыту анықталады.
Неғұрлым қабілетті оқушылар Қазақ хандығының саяси жағдайының
ерекшеліктерін анықтай алады. Сыныптағы оқушылардың көп бөлігі
жоңғарлардың жаулап алу саясатының себептерін және осы саясаттың
салдарларын анықтай алады.
|
Ауызша бағалау, жеке, жұпты
бағалау
|
Оқушылардың денсаулығын сақтау
үшін, қажет болған жағдайда, дене шынықтыру минуттарын өткізу
ұсынылады. Қажетсіз уақытта интерактивті тақтаны
өшіріңіз.
|
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты/ оқыту
мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар оқыту мақсатарына жетті
ма?Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жасалды ма?
Сабақтың бөлінген уақыт кезеңдері бұзылмады ма ба? Сабақ барысында
қандай ауытқулар болды?
|
Төменде берілген бос орынды
өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға
қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап
беріңіз.
|
|
|
|
Қорытынды
бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсені
атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге
қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе
тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға
және үйренуге қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында
барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет
болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
|