Материалдар / Жұбан Молдағалиев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жұбан Молдағалиев

Материал туралы қысқаша түсінік
Ж. Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы тақырыбында сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
445
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы

Мұғалімнің аты-жөні: Доспанова Айдана Ускембаевна

Күні: 03.10.2020

Сынып/Топ: 8

Қатысқан оқушылар саны: 26

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

3.2.3.2. – Ақын шығармалары арқылы оқушылардың теориялық ұғымдарды түсіне білу қабілетін дамыту. Мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды, жазба жұмыс жасайды, сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды, өз бетінше жұмыс жасайды, сұраққа жауап береді, қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критериі:

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тындаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар:

Оқулық,топқа бөлуге арналған пішіндер, стикер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, А4 парақтары, түрлі түсті фломастерлер, қима қағаздар.

Әдіс-тәсілдер:

«Менің жанымның саябағы», «Миға шабуыл», «Өрмекші», «Менің есімде...», «Табыс сатысы», «Бақыт қалпағы», «Еден-төбе-мұрын»

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс:

Психология, педагогика

Алдынғы оқу:

Проблемалық оқыту технологиясы

Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылармен 3 тілде амандасып, көңіл-күйін, амандықтарын сұрау, сабақта кімнің бар не жоғын түгендеу).

Психологиялық ахуал «Менің жанымның саябағы» әуенді терапия

Мақсаты: Білім алушыларды жігерлендіріп көңіл–күйін көтеру. Медитация және визуализация релаксациясы.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Білім алушыларды жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

б) Әуенді қосар алдында білім алушы көзін жұмуы тиіс.

Кіріспе:

- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

- Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.

Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар! Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар. Тренингті одан ары жалғастыру үшін топта жұмыс жүргізу ережесін келісіп алуымыз керек (ережені алдынала тақтаға жазып қоюға немесе оны топпен ақылдаса отырып жасап, ватман қағазға түсіргеннен кейін, көрнекті орынга іліп қоюға болады)

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Үй жұмысын тексеру үшін «Өрмекші» әдісі

Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала   отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер   арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Топқа бөлу Қима қағаздар арқылы сыныпты 3 топқа бөлу;

(Тұлпар, Жүйрік, Жорға )

1 топ Тұлпар (көк түс)

2 топ Жүйрік (қызыл түс)

3 топ Жорға (жасыл түс)

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Оқушылармен амандасып, сабаққа деген дайындықтарын тексеру



Сыныпта жағымды әсер орнату















Берілген тапсырманы тексеру









Топқа бөліну





Жаңа білім

Сабақтың тақырыбын ашу: «Миға шабуыл»
Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін ауызша ой салу. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады,   ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау   керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ж.Молдағалиев шығармаларының жаңашылдығын түсіндіру. Ақынның шығармаларына тоқталу, мәнін түсіндіру арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту.

Топтық жұмыс:

Білу. Ақын өмірі (жылнамалық кезеңдер)

1

5 қыркүйек

Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келген.

2

1940 ж.

Орал. Ауыл шаруашылық техникумын бітіреді.

3

1940-1947 ж.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскер қатарында болады.

4

1947 ж.

«Қызыл галстук» дастаның жазған.

5

1948-1952 ж.

«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі,

жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті»

газетінің орынбасары болады.

6

1949 ж.

«Жеңіс жырлары» атты алғашқы жыр жинағы шығады.

7

1950-1951 ж.

«Нұрлы жол» дастаны жазылып, жеке кітап болып шығады.

8

1953-1954 ж.

1963-1971 ж.

Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының екінші хатшысы болады.

9

1957 ж.

«Дала дастарқаны» дастаны бір кеште жазылып, «Қазақ әдебиеті»

газетінің мерекелік санында жарияланады.

10

1958 ж.

«Жыр туралы жыр», «Қиял қанаты» дастандары жазылады.

11

1958-1965 ж.

«Жұлдыз» журналының бас редакторы болады.

12

1979-1988 ж.

Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы болады.

13

1969-1970 ж.

«Кісен ашқан», «Сел» дастандары үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болады.

14

1978 ж.

«Қыран дала» дастаны Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанады.

15

1984-1985 ж.

КСРО қорғаныс Министрлігі сыйлығының лауреаты атанады.

А.Фадеев атындағы алтын медальды иеленеді.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болады.

Ақынның туған жеріне ескерткіш орнатылады.

Орал қаласындағы № 2 орта мектеп, облыстық кітапхана

Жұбан Молдағалиевтің атымен аталады.

16

1986 ж.

Айтулы Желтоқсан оқиғасына қатысады.

17

1987 ж.

Ақын қайтыс болады.

18

2000 ж.

Облыстық кітапхана жанындағы гүлбаққа Жұбан Молдағалиев аты

беріліп, оның ескерткіші орнатылды, бұл гүлбақ Жұбан оқуларын

жыл сайын өткізетін орынға айналған.

19

2010 ж.

Ақынның 90 жылдық мерейтойы республика көлемінде ұйымдастырылды.

ІІ. Түсіну. Ақын ғұмыры (Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығынан бейне көрініс).

Топтау. Ақын мұрасы (шығармаларын топтастыру және оқушыларға толыққанды ақпар беру).

«Қызыл глстук»

«Кек»

«Нұрлы жол»

«Жыр туралы жыр»

«Мен қазақпын!»

«Қыран дала»

«Кісен ашқан»

«Дала түні»

«Байқоңыр баспалдақтары»

«Қызыл галстук»

«Нұрлы жол»

«Жыр туралы жыр»

«Кісен ашқан»

«Байқоңыр баспалдақтары»

«Нұрлы жол»

«Жыр туралы жыр»

«Кісен ашқан»

«Байқоңырбаспалдақтары»

«Кек»

«Жесір тағдыры»

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!