Материалдар / Жүйелік блокты құрастыру реті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүйелік блокты құрастыру реті

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүйелік блокпен танысу
Авторы:
28 Ақпан 2024
177
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облыстық Білім басқармасы

МКҚК «Қарақия кәсіптік колледжі»

БЕКІТЕМІН

Басшының оқу ісі

жөніндегі орынбасары:

____________ Г.А.Бекенова

«____» _________2023ж



Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына

арналған педагогінің сабақ жоспары



Сабақ тақырыбы: Жүйелік блокты құрастыру реті

Модуль/ пән атауы:

КМ 01«Компьютерлік аппараттық қамтамасыз етумен жұмыс істеу кезінде еңбек заңнамасын

және қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтау»

Педагог: А.Журумбаева, өндірістік оқыту шебері.

Күні: _________________2023ж

  1. Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ: Біліктілігі 3W06120101 Компьютерлік ақпараттық қамтамасыз ету операторы 1-курс

ОН 1.4. Дербес компьютердің құрылғыларымен жұмыс істеу.

Сабақтың түрі: Теория сабақ

  1. Мақсаты, міндеттер:

Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау студенттер мен оқытушылардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

ОН 1.4. Дербес компьютердің құрылғыларымен жұмыс істеу.

  1. Кәсіби дамыту мақсаты:

  • Қазіргі заманғы ЭЕМ-нің жүйелік блогын бөлшектеу, жинақтау;

  1. Қажетті ресурстар: компьютер, интерактивті тақта, отвертка, блок, қысқаш.

  2. Сабақтың барысы:

Амандасу. Түгендеу. Екі топқа бөлу.

Өткен сабақты қайталау барысында сұрақ жауап алу. Бағалау 20 балл

Блиц-турнир әдісі. Берілген материалдарға байланысты сұрақтар арқылы студенттерді алдын ала бағалау. Студенттердің зейін назарын сабаққа аудартып, берілген тапсырмадан кейін студенттердің білім деңгейлерін анықтап сабақ жоспарын сәйкестендіру. Wordwall программасы.

1. Информация дегеніміз не?

Бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәлімет тер алу деген сөз

2. Информация мен басқару командаларын енгізетін құрылғылар

Пернетақта, тышқан, сканер

3. Модем

Телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған құрылғы

4. Стриммер

Мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы

5. Желілік адаптер

Компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді

6. Монитор

Мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған құрылғы

7. Пернетақта

Әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған құрылғы

8. Принтер

Мәтіндік және графикалық информацияларды басып шығаратын құрылғы


Бейне ролик Студенттерге сабақты айқындап алу үшін видео көрсетіледі.



  1. Б ұл жерде компьютерлік блоктарды ашып, қайта жинау

Жүйелік блоктың (компьютердің) ішкі бөлшектерімен таныса отырайық:



Жүйелік тақта - Барлық компьютерлік компанентерді осы ең үлкен және ең басты тақта байланыстырады.
2. Процессор - ақпаратты өңдейтін арналған, жүздеген миллион элементтерден(транзисторлар) тұратын күрделі чип.
3. Салқындатқыш - процессордын қатты қызып кетпеуінен сақтайды.
4. Жедел жады - процессормен қатты дисктің арасындағы ақпараттың жылдам алмасуына көмектесетін микросхемалары бар шағын тақта.
5. Қатты диск - барлық деректерді (мәтіндік құжаттар, фотосуреттер, фильмдер, т.б.) және орнатылған бағдарламаларды (операциялық жүйе, Word, Excel, және т.б. сияқты бағдарламалар) сақтайтын құрылғы.
6. Бейнетақта - Компьютердің жадындағы (немесе адаптердің өзінде) сақталған графикалық кескінді (ақпаратты)монитор бетіне көрсету үшін қолайлы пішінге түрлендіретін құрылғы.

Алдарындағы жүйелік блоктың бөлшектеріне қандай қызмет атқаратынын Google парағына жазып беру. Бағалау 40 балл

Өрмекші әдісі.

С туденттер постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.







Компьютермен жұмыс. 10 мин тест орындау Бағалау 40 балл



Сабақты түсіндім

Жартылай түсіндім

Түсінген жоқпын



Қорытынды бағалау.

Үй тапсырмасын беру.

Бүгінгі өткен тақырып пен келесі сабақтың тақырыбын ұштастыру мақсатында слайд жасау.









Маңғыстау облысының Білім басқармасы

«Қарақия кәсіптік колледжі» МКҚК



«Бекітемін»

Басшының оқу ісі

Жөніндегі орынбасары:

____________Г.А.Бекенова

«____»____________2023ж


Ашық сабақ


Жүйелік блокты құрастыру реті




КМ 01«Компьютерлік аппараттық қамтамасыз етумен жұмыс істеу кезінде еңбек заңнамасын және қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтау»

Өндірістік оқыту шебері: А.Журумбаева.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!