Материалдар / Жүйелік жобалаудың бизнес-процестерін модельдеу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүйелік жобалаудың бизнес-процестерін модельдеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары информатика
Авторы:
26 Сәуір 2023
215
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 45-46

Тақырып 2.21-2.22

Тәжірбиелік- практикалық жұмыс № 35-36

Жүйелік жобалаудың бизнес-процестерін модельдеу.

Сабақтың тақырыбы

Модуль /пән атауы: КМ 04 Web –технологияларды қолдана отырып жоғарғы деңгейлі тілдерде бағдарламалау/ Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің технологиясын жобалау

Оқытушы: Жұмабай.А.С.

2023 жылғы "03" сәуір

1.Жалпы мәліметтер:

Курс, 1 (10 айлық ) топ: 401

Сабақ түрі: практикалық сабақ

2. Мақсаты:

Телекоммуникациялық жүйелерді (ТЖ) әзірлеудің, жобалаудың және модернизациялаудың барлық кезеңдеріндегі зерттеуді біледі.

Модель-объектінің, жүйенің көрсетілуі, олардың нақты болмыстық формасынан ерекшеленетін кейбір формадағы түсініктерін біледі.

Модель-объект –түпнұсқаның объект  орынбасары, түпнұсқаның кейбір қасиеттерін  зерттеуді  қамтамасыз етуін біледі.



3.Бағалау критерийі:

Жүйелік жобалауды анықтайды.

Coogl тестпен жұмыс жасайды.

4. Қажетті ресурстарПрезентация, суреттер, мәтін.

https://infourok.ru/dәrіs-zhүjelіk-model-zhәne-onyң-elementі-zhүjelіk-model-5778258.html

5. Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы:

3 мин

Ұйымдастыру. Білім алушылармен амандасып, түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Қазіргі заманғы қандай технологияларды білесің және қолдана аласың?

  2. Learning app. Бағдарламасында тапсырмаларды қалай құрастырады?

  3. Learning app бағдарламасының тиімді және тиімсіз жақтарын айтыңыз?

  4. Өзің білетін жаңа бағдарламамен жұмысыңды көрсет.

Сабақтың ортасы:

35 мин













































































Видео көрсету арқылы жаңа сабаққа «Көпір салу»

Жаңа сабақтың мақсаты:

Телекоммуникациялық жүйелерді (ТЖ) әзірлеудің, жобалаудың және модернизациялаудың барлық кезеңдеріндегі зерттеудің қазіргі заманғы негізгі тәсілі-модельдеу болып  табылады.

Модель-объектінің, жүйенің көрсетілуі, олардың нақты болмыстық формасынан ерекшеленетін кейбір формадағы түсініктері.

Модель-объект –түпнұсқаның объект  орынбасары, түпнұсқаның кейбір қасиеттерін  зерттеуді  қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта модельдеу күрделі объектілерді ғылыми зерттеудің тиімді  тәсілі ғана емес, сондай-ақ күрделі жүйелерді құрастыру мен жобалаудың қуатты құралы да болып отыр.

Математикалық модельдеу көмегімен алынатын тапсырмалар шешімінің сапасы нақты объектіге  модельдің  адекваттық дәрежесімен  (яғни модельдеу нәтижелері нақты объектінің жұмыс нәтижесіне қаншалықты сәйкес келетініңе байланысты) анықталады.

Модельдеу тәсілімен телекоммуникациялық жүйелерді (ТЖ) талдау және синтездеуге байланысты  маңызды  тапсырмаларды шешуге болады. Модельдеу жүйені өңдеушіге жүйені сынақтан өткізуге  (нақты объектімен мұндай әрекет орындалу мүмкін болмаған жағдайда) мүмкіндік береді. Модельдеу нәтижесі бойынша  ТЖ параметрлері мен оның  қасиеттерін  сипаттайтын функционалдар арасындағы тәуелділік құрылуы мүмкін, ыңғайлы  параметрлерді таңдаумен байланысты заңдылықтар  зерттеліп, тапсырмалары шешіледі, басқарудың рационалды бағыты құрылады.Әдістемелік түрде  математикалық модельдеу екі түрге бөлінеді:

аналитикалық (талдаушы) және имитациондық модельдеу.

Аналитикалық модельдеуде математикалық модель қажетті нәтижені аналитикалық  (анық түрде) немесе сандық әдіспен алуға мүмкіндік беретін салыстырмалы шамалардың теңдеулер жүйесі ретінде  жүзеге асырылады.

Кейбір жағдайларда жүүйені аналитикалық  сипаттау шектен тыс күрделі болып кетеді, бұл талап етілетін нәтижелерді алуды қиындатады. Мұндай жағдайларда имитациондық модельдерді пайдалануға ауысу қажет.

Имитациондық модель ТЖ-ң барлық жұмыс процесін  логикалық құрылымын сақтай отырып, құбылыстары арасындағы байланысты және  олардың уақыт бойынша  өту тізбегін сақтай отырып іске қосуға  мүмкіндік береді. Имитациондық модельдеу негізінде компьютерде  жобаланатын жүйенің жұмысы имитацияланады. Бұл жерде математикалық модель компьютер үшін  программа түрінде жүзеге асырылады.

Жүйелерді модельдеудің кезеңдері:

Жүйелерді модельдеу кезеңдері

S жүйесін модельдеу 3 негізгі кезеңнен тұрады:

1) Жүйенің концептуалды моделін құру және оны формализациялау.

2) Жүйе моделін алгоритмдеу және оны машиналық жүзеге асыру.

3) Жүйені модельдеу нәтижелерін алу және интерпретациялау


Тапсырма 1. (Білу, Түсіну) «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар қою.

  1. Қазіргі заманда бизнес бастау үшін қандай бағдарламалды қолдануға болады?

  2. Бизнес планды қалай құруға болады?

  3. Сайтты қалай құрамыз және қалай қолданамыз?

  4. Ақпараттық желілер арқылы бизнесті қалай бастайды?


Дескриптор:

Жүйелік жобалаудың бизнес-процестерін модельдеуді біледі.

Кері байланыс

Shape1 Shape2

Тапсырма 2. (Қолдану) топтық жұмыс. «Ойлан, тап» әдісі арқылы

Топты екі топқа бөліп қазіргі заманғы бизнес жобалау мен бұрынғы заманғы бизнес жобаларды салыстыру, және қандай бағдарламаларды пайдаланғанын қорғап беру.


Дескрипторы: Бизнес жобаларына қандай бағдарламаларды қолданатынын біледі.

Кері байланыс.

Тапсырма 3. (Талдау) «Ойлан тап» әдісі.

https://infourok.ru/aparatti-resurstar-aparat-yim-basshisini-tzhirimdamali-resursi-1516023.html

Дәстүрлі комуникациялық желінің сызбасын сызыңыз жеке –жеке түсінің беріңіз?

дискпторы:

Дәстүрлі комуникациялық желінің сызбасын біледі.

Кері байланыс.


Тапсырма 4 (Жинақтау). «Нұсқауды орындау» әдісі

  1. Каспи қолдану сатушы мен қолданушыға тиімді жақтары қандай?

  2. Қазіргі заманда тұрмыстық техникалар сататын дүкендерде қандай бағдарламаларды қолданады және қолдану жолдары қандай.

  3. Онлайн сауда жасау үшін қандай бағдарламалар мен қосымшаларды пайдаланады және тиімді тиімсіз жақтары қандай, мысал келтіріңіз?

  4. Ақпараттық желі арқылы реклама жасау үшін қандай бағдарламалар мен қосымшаларды пайдалануға болады, мысал келтіріңіз?


Дескрипторы:

Операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсетуді біледі.


Кері байланыс.


Тапсырма 5. (Бағалау) «сұраққа жауап» әдісі

-Бағдарламалық қамтамасыз ету дегеніміз не?

-Бағдарламалық қамтамасыз етуде қандай бағдарламалар топтары бөлінеді?

-Операциялық жүйелердің тағайындалуы қандай?

- қандай операциялық жүйелерді білесің?

Дескрипторы: Бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ұғымды біледі.

Кері байланыс.

Сабақтың соңы:

5 мин

Сабақты қорытындылау. «Сұраққа жетіп ал» әдісі арқылы.

  1. Операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттендер.

  2. Бағдарламалық қамтамасыз ету тақырыбынды толық мәліметті интернет желісінен білу.

Сабақ бойынша рефлексия:

1 мин

Жетістік баспалдағы.

Мен білемін.

Менің білгім келеді..

Маған белгісіз болды...

Бағалау

Үй тапсырмасы:

1 мин



Мәтінді контур бойынша орналастыру.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!