Материалдар / Жұлдызды сәт
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жұлдызды сәт

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2018
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт»
Мақсаты: оқушылардың білімін сарапқа салу, сынау арқылы өзара бәсекелестікке жетелеу, логикалық қабілетін дамыту, қиыннан мүдірмей тез шешім тауып шыға білуге үйрету
Көрнекілігі: сұрақ тапсырмалары жазылған плакаттар, әріптер, жұлдызшалар, карточкалар.

Сайыстың барысы:
Мұғалімінің кіріспе сөзі:

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды болашаққа білімді ұрпақ бастап барады»,- деген сөзін алға қоя отырып,«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет»,- демекші әрбір жұлдыз өмірден лайықты өз орнын таба білуі тиіс. Ендеше көкте жұлдыз болып жарқырауларыңа сәттілік тілейік.
Құрметті оқушылар, қонақтар! Бүгінгі болғалы отырған «Жұлдызды сәт»интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайыстың мақсаты алған білімдерінің нәтижесін көрсету, білімнің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білу.
Олай болса біз біліміміздің артып, санамыздың оянғанын осы жиналған қауым алдында көрсетейік.

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге, білім бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда,- дей отырып сайысымызды бастаймыз.
Сайысқа қатысушы оқушыларды таныстыру.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Демекші, әділ қазыларды ортаға шақырамыз.

Әділ – қазылар алқасы:

1.Бастауыш сынып мұғалімі:Туякова Т.А.

2. Бастауыш сынып мұғалімі:Сейтімова А.Р.

3.Бастауыш сынып мұғалімі:Баймұратова М.Ж.
Сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін
1 айналым. «Математика - бұл ғылымның данасы» математика.
2 айналым. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»қазақ тілі.

3 айналым. «Ана тілім айбыным» әдебиеттік оқу.
3 айналым. «Табиғатты танып, біл» дүниетану.
Математика
1.Сыныпта 21 оқушы бар. Оларды екеуден орналастыру үшін қанша парта керек?. (11 парта)...
2.Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
3.Ауылдан қалаға дейін бір бала 2 сағат жүрген. Ал 5 бала қанша жүреді? (2 сағат)
4.Азайтудың компоненттерін ата. (азайғыш, азайтқыш айырманың мәні)
5.Үш қыз жаңа жылдық шыршаның ойыншықтарын жасады. Үшеуі 3 сағат жұмыс істесе, әр қыз бала қанша уақыт жұмыс істеген? (3 сағат)
6.Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт(қосылғыштардың орындары ауысқанмен мәні өзгермейді)
7.5 пен 15 арасында қанша сан бар? (9 сан)
8.Кесінді дегеніміз не? (басымен аяғы тұйықталған түзу сызық)
9.
Ағаш басында 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Қанша торғай қалды. (10 торғай)

10.Үш таңбалы сан берілген, одан кейінгі сан 4 таңбалы сан болады. Берілген қандай сан? (999)

11.Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әрбір қайыңда 4-4 тен үлкен бұта бар. Әрбір үлкен бұтақта 4-4 тен алма бар. Барлық алма саны қанша? (Қайыңда алма өспейді)

Қазақ тілі
1.Сан есімге байланысты мақал-мәтел айт.
2.Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға(Айжан мен Мәрия фермаға бара жатты)
Олардың, ұша жөнелді, бір, үйек алдынан.(Олардың алдынан бір үйрек ұша жөнелді)
Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді.(Олар үйрек ұшқан жерге келді)
Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа.(Ұяда жеті жұмыртқа жатыр)
Олар, алмады, жұмыртқаны.(Олар жұмыртқаны алмады)
4.Мәтін деген не?

5.(Тұрақты сөз тіркестерді табу. Әр дұрыс жауап 1 ұпай)

  1. Ит өлген жер. (Алыс жер)

  2. Тайға таңба басқандай. (Айқын, анық)

  3. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған. (Жақсы заман)

  4. Көрмес түйені де көрмес (көз алдындағыны көрмеу)

  5. Ит пенмысықтай (Қас адамдар)

  6. Қой аузынан шөп алмас (Өте момын)

6.Мюнстенберг әдістемесі (сөз құрау)
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдпжыл
(ағаш, шырша, дарын, отан, оқу, нәтиже, жел, жыл)
Әдебиеттік оқу.
Сұрақтар:
1. Сендер піс қазаным, піс деп айтпаңдар, балалар!(№3. Ұр, тоқпақ)
2. О, байеке! Қазаның балалапты!(№2. Қожанасыр)
3. Мен мына жілігімді сенің қазаныңа пісіріп алсам, сенің етің менің жілігімді жеп қоймай ма? (№1 Алдар Көсе)
4.Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы жариялады,

5.Қ.Р-да жыл сайын аталып өтілетін басты үш мерекені ата?

6.Қазақ халқының жаңа жыл мерекесі қай уақытта аталып өтіледі?

7. М.Әуезов көбінесе кім туралы жазды?

8.Мына өлеңнің авторын ата? «Күз» А. Құнанбаев

9.Гимннің екінші шумағын жатқа айт.

10.Қазақтың аса көрнекті ақыны,Солтүстік Қазақстан облысының тумасы,4 жастан мектеп табалдырығын аттаған,өз ұлтын өте жақсы көрген ,жастарға үміт артқан ақын.Оның “Қарағым”, “Аққала” т.б шығармаларымен таныспыз.Бұл кім туралы айтылған?

11.Қазақтың аса көрнекті ақыны,ірі қоғам қайраткері,өте білімдар ғалымы,Торғай өңірінде туған,балаларға арнап тұңғыш қазақ “ Әліппесін” жазған. Оның “Оқуға шақыру”, “Әліппенің атасы” т.б шығармаларымен таныспыз.Бұл кім туралы айтылған?

12.Жырау,жыршы әрі айтыс ақыны.Жамбыл облысында дүниеге келген.Ол он бес жасынан қолына домбырасын алып,ел кезіп,өлең айтып,айтысқа түскен.Ұлы Отан соғысы кезінде ел жігерін қайраған ақын.Бұл кім туралы айтылған?

Дүниетану Сұрақтар.

1.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не?

2.«Көмір кені» аталған қала?

3.Топырақтың құнарлы болуы неге байланысты?

4.Жер шарында неше мұхит бар?

5.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

6.Ең терең көлді ата?

7.Шәкен Ниязбеков кім? Ту авторы

8.Көкжиек дегеніміз не? Жай көзбек қарағанда көз жеткенге дейінгі кеңістік қалай аталады?

9. Жүрек кеуде қуысының қай бөлігінде орналасқан?

10. Адам денесінде қанша сүйек бар?

11. Хеапс пирамидасының биіктігі канша? 147 м

12. Сақ көсемінің Есік қаласынан табылган тарихи қазба ескерткіші

қалай аталады?


Ендеше, сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
Марапаттау
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Білдім деме, балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп нәрсені тоқиды,- деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай оқып, білім алудан ешқашан жалықпайық!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!