Жұлдызшылар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұлдызшылар

Материал туралы қысқаша түсінік
тест мәтіні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Мәтінді оқып, 11-15-сұрақтарға жауап беріңіз.



15-мәтін


Қазақтар өз өмірінде, тұрмысында көк жүзіндегі жұлдыздарды көп пайдаланған. Соған байланысты олардың әрқайсына ат қойған. Мысалы: Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Таразы, Шолпан, т.б. Міне, осыларға ат қойып, сырын ашқан адамды жұлдызшы деп атаған. Мұндай жұлдызшылар ежелгі түркі тайпалары мен қазақ арасынан көп шыққан. Олар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшу мерзімдерін көпшілікке айтып отырған.

Жұлдызшылар көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарған. Олар адамның туған немесе белгілі бір жауапты іске кірісер кезінде жұлдыздардың өзара орналасуы бойынша сәуегейлік жасап, бал ашып, болашағын болжаған. Жолы болатын адамға: «Жұлдызы оңынан, айы солынан туып тұр», - деген секілді болжамдар айтқан.

Жетіқарақшы – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқ жұлдыз. Сырт көзге шөміш сияқты болып көрінеді. «Жетіқарақшы жамбасқа ойысыпты» деген секілді орын ауысуларына сүйеніп, уақыт пен ауа райы туралы болжамдар айтылады.

Шолпан – күн батар не күн шығар алдында аз уақыт көрінетін жарық жұлдыз. Қазақтар Шолпанды таң жұлдызы деп атайды. (144 сөз)

Н. Қазыбеков


Ғаламтор материалы:


11. Мәтін қандай стильге жататынын табыңыз.

А) Ауызекі сөйлеу стилі

В) Публицистикалық стиль

С) Ғылыми стиль

D) Көркем әдеби стиль

Е) Ресми іс-қағаздар стилі


12. "Шөміш сияқты" тіркесіндегі "шөміш" сөзінің синонимін белгілеңіз.

А) Табақ

В) Ожау

С) Кесе

D) Қазан

Е) Торсық


13.Ауа райы туралы болжамдар қай жұлдызға қатысты жасалатынын табыңыз.

А) Үркер

В) Темірқазық

С) Шолпан

D) Жетіқарақшы

Е) Таразы


14. Мәтін ойды беру тәсілдерінің қай түріне жататынын табыңыз.

А) Көркемдеу

В) Сипаттау

С) Суреттеу

D) Хабарлау

Е) Баяндау


15. Мәтінге тән болатын тақырыпты көрсетіңіз.

А) Болжаушы

В) Жұлдызшы

С) Көшпелі халық

D) Жетіқарақшы

Е) Жұлдыздар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі