Материалдар / Жұма-Назар Сомжүректің поэзиясындағы азаматтық лирика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жұма-Назар Сомжүректің поэзиясындағы азаматтық лирика

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушымның зерттеу жұмысы. Бұл ғылыми жоба жұмысында оқушы ақын, сыншы Жұма-Назар Сомжүректің "Сарыарқа сазы" жинағында берілген өлеңдеріне талдау жасаған. Ақынның әрбір өлеңінен заман-дәуір тынысына үнемі құлақ түріп, қоғам дамуын жіті бақылап, оның қажет-керегін дер кезінде көре біліп әрі оған озық ойлы азамат ретінде батыл түрде өз көзқарасын білдіріп отыратындығын, халқының қамы үшін жақсылық жолында жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген қазақтың нағыз азамат ақыны екендігін талдап жеткізген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2022
500
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мазмұны:



І. Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------- 3-4

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Азаматтық лирика – ақынның адамдық бейнесі --------------------------------- 5

2.2.Отан – ана, ел мен жер – ой алаңым---------------------------------------------- 6-8

2.3. Тұғыры биік тұлғалар--------------------------------------------------------------- 9-11

2.4. Алуан-алуан тақырып,

Ақынды тұрар шақырып---------------------------------------------------------- 12-15

ІІІ. Қорытынды бөлім ---------------------------------------------------------------------- 16




















Аннотация

Бұл ғылыми жұмыста Жұма-Назар Сомжүрек ақынның «Сарыарқа сазы» атты ІІ томдық өлеңдер жинағында берілген шығармаларын негізге ала отырып, ақынның азаматтық лирикасына талдау жасайды. Зерттеліп отырған жұмыс өлең сөздің құдіретін түсініп, адами құндылықтарды ұғынуға мүмкіндік береді. Бұл ғылыми жоба – Жұма-Назар Сомжүректің шығармаларының маңыздылығын түсіну, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, туған жерді көркейту, халқының қамын ойлап, ел азаматы болу, ел ардақтаған тұлғаларды құрметтеу мәселесі болып табылады. Зерттеу барысында ақынның шығармаларымен қоса, қазіргі заман талабына сай әлеуметтік желілердегі азаматтық пікірлері де жинақталып, жүйеленді.


















І. Кіріспе


Адам баласы өмірінің әр сәтін өлеңмен өрнектеп, өлеңнен қуат алады. Көңіл-күйің шалқып, қуанышың арнасынан асса да, жүзіңді мұң торлап, жаның жабырқау тартса да, байқамай қателік жасап, өзегіңді өкініш оты өртесе де, жұбанышты «өлең» атты өлкеден іздейсің. Өзгені қайдам, өзімде солай. Сондай сәттердің бірінде мұғалімімнің үстелінен Жұма-Назар Сомжүректің «Сарыарқа сазы» атты өлеңдер жинағын көріп қалдым да, ұстазымнан қарап шығуға сұрап алдым. Жинақтың алғашқы бетіндегі ақынның «Оқырманға сыр ашуы» маған бар сырын ашқандай болып, жыр әлемінің тұңғиығына сүйрей жөнелді. Ақынның өзі жіктеп айтқандай, кітаптың соңғы бетіндегі мазмұнының өзі-ақ жүрегіңнің қалауын тауып, қолыңа ұстатып тұр. Ал жинақтың ІІ томындағы «Сегіз қырлы сері өлең» деген бөлімі поэзия әлеміне деген таным-түсінігімді кеңейтіп, семсер сөздің серісі өлең құдіретін танытты.

«Ақын – қашанда гуманистік мәдениеттің, адалдықтың, адамгершіліктің, әділет пен әдеміліктің мәңгі сергек сақшысы, қатардағы жауынгері»,-деп, Жұма-Назар ақынның өзі айтқандай, автордың азаматтық болмысына деген құрметім артып, оның өлеңдеріндегі азаматтық лирика жайлы өз пікірімді білдіру үшін осы жобаға қатысуды мақсат еттім.

Зерттеу нысаны: Жұма-Назар Сомжүректің «Сарыарқа сазы» атты ІІ томдық жыр жинағы.

Зерттеудің мақсаты:

Жұма-Назар Сомжүрек шығармаларындағы азаматтық лириканы зерттей отырып, ақын шығармашылығын замандастарыма кеңінен насихаттау, азаматтық болмысын таныту.

Міндеті:

  1. Азаматтық лирика туралы білімімізді толықтыру;

  2. Ақын өлеңдерімен танысып, азаматтық жырларының маңызын түсіну;

  3. Азаматтық жырларының тақырыбын анықтап, топтастыру.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Белгілі ақ жүрек ақын, өткір тілді сыншы, ұлағатты ұстаз, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық батыл бастамалар көтеріп және сол бастамаларын өз қолымен жүзеге асырып, көрсетіп беріп жүретін қажымас жаңашыл қоғам қайраткері, сан қырлы талант иесі Жұма-Назар Сомжүректің шығармашылығы көп зерттелмеген. Ақынның бір ғана «Сарыарқа сазы» жыр жинағының өзінде талай зерттеу жұмысына өзек боларлық тақырыптар жеткілікті. Соның ішінде ел деп егілген, халық деп қамыққан, ұлтын ұлықтаған отаншыл өлеңдерін, азаматтық жырларын жұрт жүрегіне жеткізуді жөн көрдім.

Проблемасы: Қазіргі жастардың кітап оқуға немқұрайлылығы. Мектеп бағдарламасында оқылатын ақын-жазушылардан өзгелерін білмейтіндігі.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер біз Жұма-Назар Сомжүректің шығармаларын насихаттасақ, сондай-ақ, мектеп бағдарламасына енгізсек, жастардың рух, жігерін көтеріп, олардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін биік қоя отырып, қазақ жастарының өз еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, елінің үмітін ақтауға жетелеуге жол ашар едік.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен салыстыру арқылы өзіндік ой топшылау












ІІ. Негізгі бөлім


2.1. Азаматтық лирика – ақынның адамдық бейнесі

Азаматтық лирика - азаматтық парыз, ар-ождан, қоғамдағы, адамдар қарым-қатынасындағы жауапкершілік, сондай-ақ, заман жайын, әлеуметтік мәселелерді жырлайтын поэзияның бір тармағы. Ал азаматтық тақырыпты көтерген ақын әлеуметтік жайды, жағдайды айтпай тұра алмайды. Ақын сөзімен айтсақ, «Азаматтық жыр – ақын жүрегінің соғысын, лүпілін, оның ел деп соға ма, болмаса өзім деп соға ма, соны білдіріп тұратын өлшемі».

Атақты ақынымыз Әбділда Тәжібаевтың «Азаматтық лирика – әрбір ақынның  барлық саладағы шығармаларының бірден-бір барометрі. Азаматтық лирика  – әрбір ақынның адамдық және әлеуметтік бейнесі, оның барлық поэзиясының қан тамыры, тіршілік беретін жүрегі», - деген тамаша тұжырымы да азаматтық лириканың ақындардың шығармашылығында қаншалықты маңызды рөл атқаратынын айқындай түскен.

Олай болса, Жұма-Назар ақынның әрбір өлеңінен заман-дәуір тынысына үнемі құлақ түріп, қоғам дамуын жіті бақылап, оның қажет-керегін дер кезінде көре біліп әрі оған озық ойлы азамат ретінде батыл түрде өз көзқарасын білдіріп отыратындығын, халқының қамы үшін жақсылық жолында жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген қазақтың нағыз азамат ақыны екендігін айқын байқаймыз.










2.2. Отан – ана, ел мен жер – ой алаңым.

Қазақ поэзиясы – дәстүрі тереңнен тамыр тартқан құнарлы жанр. Өткенге көз жүгіртсек, ұрпақтан-ұрпаққа желі тартып, көне керуен көшін құрап келе жатқан жыр маржандары адамгершілік қасиеттермен, өмір құбылыстарымен, ел мен жер тағдырымен бірге жаралған екен. Қазір де оқырман жүрегіне жақыны – ел тарихы, ел тынысы, өмір жыры. Ендеше, азамат ақын адамдық үшін алысып, адамгершілік үшін айқасып, өзінен бұрын халқынын қамын

ойлап, ел мүддесін қорғап, әділдікті жақтап, олар аяққа басылған жерде шырылдап жатқан шындыққа ара түсуі қажет. Осы жолда қаламын қару етіп,  жалынды жырларымен күресіп жүрген ақын – Жұма-Назар Сомжүрек.

Отан деп отқа түсіп, әділдік үшін тартысқа түскен Жұма-Назар ақын:

Қымбат жоқ азаматтық абыройдан,

Өз-өзіңмен оңашада қалып ойлан!

Тағдырын ел мен жердің таразылап,

Бас ауырса, ауырсын ауыр ойдан!-деп, өзінің азаматтық позициясын нықтап алады да,

Әділдік – қорғар шебім, шегінбеспін,

Жасқанып қамал бұзбас, тегінде, ешкім.

Иілмес лауазымға өрлігім бар,

Өйткені, туған жердің өрінде өстім,-дейді. Ақын ел алдындағы азаматтық борышын, азаматтық үнін осылай саңқылдатып жеткізеді.

Халқының қамын ойлап қамыққан ол «Дархан далам» деген өлеңінде:

Кең далам, байтақ далам, дархан далам,

Халқыма қорған болған, қалқан далам, - деп ақ жүрегінен ақтарыла кең даласына деген көл-көсір махаббатын, сүйіспеншілігін білдіріп, дархан даласының тарихынан сыр шертеді, шабытына шалқар болған сұлу табиғатын, кілемдей түрленген кең жазирасын, саф ауа, салқын самалын, жаны жайсаң ұланын, қызғалдақтай құлпырған қыр сұлуларын мақтана жырлайды. Осындай ұлы даланың бүгінгі тағдыры да ақынды жай қалдырмай, жүрегің мұңға батырады.

Сарыарқа гүл-жазира, сайын далам,

Сен десе түсуге отқа дайын балаң.

Тоздырып сені әркімге жатыр сатып,

Арылмайтын сол қайғы-уайым маған,-деп, жанына батқан жарасын ашына жазады да:

...Ақындар қанша дабыл қаққанменен,

Билікке сөзі өтпеді, кешір, далам!-деп ата-бабамыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ұлан-ғайыр жерімізді саудалап, талан-таражға салып жатқан билік басындағылардың әрекетіне наразылығын білдіріп, сөзін өткізе алмаған ақын ұлы даласынан қамығып кешірім сұрап, бір Алладан медет тілейді. «Қайран да қайран, қайран жер», «Қарабет болма, қандастар!» деген шер толғауларында да жер сату дегеннің сұмдық екенін, бабалардың сүйегі жатқан киелі мекенді сатып, ұрпақ алдында ұятқа қалып, масқара болмаңдар дейді.

Ұлы даласынан аумалы-төкпелі заманда ауа көшкен ағайындарымыздың туған елге оралуына да ақын бей-жай қарамаған. «Көш келеді» (1992 ж.), «Армысыздар, ағайын! Бармысыздар, бауырлар!» (1993 ж.), (Налымаңдар көшіп келген, ағайын» деген бірнеше өлең арнаған екен. Алғашқы екі өлеңде шет жерде жүрген қандастарымыздың елге бет бұруын қуана жырлап, құшағын айқара ашады. «Сарыарқаның саумал самалынан жұтып, сағыныштарыңды басыңдар, боз далаңды мекен етіп, өсіп-өніңдер»,-дейді. Ал үшінші өлеңде туған жерге келіп, қолдау таппай, нарықтың қыспағына келіп киліккен ағайынға өтпелі кезден бірге өтіп, армандарға бірге жетеміз деп басу айтады.

Азаттықтың ақ таңына ақтарыла жыр арнап, тәуелсіз еліміздің жаңа қадамдарын, бой көтерген Астанамыздың асқақ келбетін төгілте жырлайды.

Серпе ашып үйдің түндігін,

Ұлы той жасар күн бүгін...

...Жұлдызы жанып қазақтың,

Еркіндік басқа тиген күн.


Тұрақтап бақыт қашаған,

Бекісін алтын босағам.

Тәуелсіздігі елімнің,

Баянды болғай, Жасаған! -деп еркін ел болғанымызға шабыттана шалқиды, күміс көмейден қуаныш жыр селі болып тасқындайды.

Қуана отырып, еркіндікпен бірге жеткен есірік әрекеттер мен ұлт болмысына жат қылықтарды да сынға алады. Жалпы, Жұма-Назар Сомжүрек

ел мен жер тағдыры әрқайсысымыздың азаматтығымызға байланысты, сондықтан Отан-ана алдыңдағы борышымызды дұрыс атқару міндетіміз деген ой айтады.

















2.3. Тұғыры биік тұлғалар


Ер ісінен дастан болып жыр қалар,

Өнерліден сылдыраған сыр қалар.

Ел мен жерге тұтқа болған тұлғалар

Саясы кең бәйтеректей ырғалар.

Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заманымыз – өткен дәуірдің перзенті, келер заманның атасы»,-деген екен. Қазақ тәуелсіздігі жолында күресіп өткен тарихи тұлғаларымыз - біздің ұлы бабаларымыз. Қазақ нағыз -жауынгер, ержүрек, данышпан халық. Осы игі қасиеттердің бүгінгі ұрпағына айтылуы өткен тарихында із қалдырған тұлғаларына қатысты болар еді. Ешбір халық өткен тарихы мен бүгінінен сабақ алмай келешегін кемелдей алмас.

Тәуелсіздік - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Сол тәуелсіздікдіктің жаңа лебімен қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар мен ұлт интелегенцияларының есімі де жаңғырып, ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына арқау болды.

Жұма-Назар Сомжүрек те қазақ тарихында өзіндік орны бар қазақтың өр мінезді қайсар ұлдарына, еркелігіне ерлігі, көркемдігіне өнері астасқан аруларымызға жыр арнаған. Ол ақынның біз талдап отырған «Сарыарқа сазы» жинағының І томында «Арнаулар» бөлімінде қамтылса, ІІ томында «Поэмалар» бөлімінде топтастырылған. «Тархан Жәнібек», «Иман батыр», «Сардар Аманкелді», «Тұрғанбай датқа, қайран ер» атты өлең-поэмалары мен Бауыржан Момышұлына арнаған топтама-өлеңдеріне батыр бабаларымыздың туған жерін, Отанын қорғау жолында көрсеткен өшпес ерлігі арқау болса, бір шоғыры ұлы Абай бастаған, Ахмет қостаған, Сәкен, Қасым, Мұқағали секілді сөз өнерінің

ақберендеріне арналған. Қазақтың даласын әсем әнімен сусындатып, күмбірлеген күйге бөлеген өнерпаздарымыз да ақын жырынан шет қалмаған.

Енді осы жырлардың бір парасын талдап көрейік.


Жәнібек –ортан қолы Орта Жүздің,

Қарсы шапқан қалмаққа қабыландай.

Ер жүрек, құрыш білек, қарыс маңдай!

Адам түгіл диюмен алысқандай-деген шумақта Жәнібек батырдың абыройын асқақтата жырласа,

Әруақты ер, даңқты ер, Иман батыр!

Ел намысын қорғауға туған батыр.

Бодандықтың бұғауын қимақ болып,

Өмірін соған арнап қиған батыр, - деп Иман батырдың аруағын асыра жырлайды. Ал қазақтың қаҺарманы Бауыржан Момышұлын былай сипаттайды:

Қажымай балтыр сыздап, талғанда бел,

Көрсете білдің жауға майданда өнер.

Батыр боп, жазушы боп, кейіпкер боп,

Тірісінде-ақ аңызға айналған ер!

Осы жыр шумақтарынан Жұма-Назар Сомжүректің кейіпкер бейнесін жасаудағы шеберлігін көруге болады. Қанша батырдың портретін суреттесе, соншалық образ, соншалық көркемдік.

Ақын жыр әлемі деген тылсымға тіл бітірген тумасынан талантты үзеңгілес серіктерінің өнерін бағалап, құрмет сезімін білдіреді.

Бояуын қара өлеңнің қанықтырған,

Жүрегің – жарық жұлдыз жанып тұрған.

Сенің нұрын шоқтығын биіктетіп,

Қазақ жыры аспанын жарық қылған,-деген жолдардан қазақтың ұлы ақыны Абай бейнесін айтпай тануға болады.

Елінің мұңын, жоғын жатқа біліп,

Жырлаған ағыл-тегіл ақтарылып.

Ұйқысынан қазақты оятып жүр,

Әруағы қазір де атқа мініп,-дейді ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы жайында.

«Сабаз ақын, серілердің серкесі» сырбаз Сәкеннің тар жол, тайғақ кешулерден өте жүріп, Сарыарқаның самалындай, таудың кәусар бұлағындай мөлдір жырларын, «от жүректі, дауылпаз» Қасымның рухты көтерер найзағай поэзиясын, «тірісінде сый көрмеген» ақиық ақын Мұқағалидың әр әуені әуезге айналған әсем жырларын өлең өрнегіне айналдырып, осындай жандардың өнерінің өшпейтіндігін сыр ғып шертеді.

Сыр шертіп, табиғат гүл, тал-қайыңнан,

Күн күліп, жұлдыз жанар маңдайыңнан.

Тамсанамыз тәтті тіл – тәтті әніңе,

Жатқандай бал ағылып таңдайыңнан,-деп, Нұржамал Үсенбаева, Роза Рымбаева, Гүлмира Сарина секілді әнші арулардың өнеріне тамсанып, таңдай қағады.

Автор ел өміріне етене араласып, өнерімен, ерлігімен, абзал ісімен халық құрметіне бөленген тұлғаларды өлең сөздің құдіретімен танытады.

















2.4. Алуан түрлі тақырып,

Ақынды тұрар шақырып.


Жалпы мұсылман әлемінде бар дәстүрдің бірі – кез келген еңбектң Алла Тағаланы мадақтап сөз етумен ашу. Сонан соң ғана негізгі мәселеге көшу. Сол секілді Жұма-Назар ақын да жыр жинағының бір бөлімін «Құдіреті Алланың» деп атаған. Осы бөлімді «Аллаға мадақ!» өлеңімен ашады.

Керемет жұлдыз, күн, айың,

Жарқырай берсін лайым!

Жерді де ғажап жараттың,

Құдіретің күшті,

Құдайым!-дейді, табиғаттың ғажаптарын жаратқан Алланың құдіретінің шексіздігіне тамсанып:

Арайлы таңды атырған,

Шығарып күнді батырған.

Айналдым,

Алла, атыңнан!

Айналдым,

Алла, атыңнан!-деп өзінің шексіз ризашылығын білдіреді. Ал «Қадір түні» атты өлеңінде халқымыздың имандылық жолына бет бұрып, ниетінің түзелгенін, Аллаға мойынсұнғанын жеткізе отырып, халқымыздың тілегін бере көр деп жалбарынады. «Жасаған, жерге ғұмыр бер», «Тәңірге мұң» өлеңдерінде де ақынның азаматтық үні естіледі. Өз басының мұңын емес, халқының мұңын, ел тілегін Жаратқаннан жалбарына тілейді. Әр тілегін жай сөзбен емес, келісті теңеу, көркем ойлармен кестелеп жеткізеді.

Елінің болашағына алаңдап, бір Алладан медет тілеген ақын «Уа, қазақ, қайда сенің қазақтығың» деген бөлімде халқымыздың қанында болмаған, бүгінгі күні көптеген жандарға кесел болып жабысқан ішкілікке әуестіктің белең алуына қапаланып, «Қалай жеттік бұл күйге?» деп торығады. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқанда, санаңды тазартып, жаңа өмірге жақсылықпен қадам бас, «Арақтан азба, азамат!» деп ағалық ақ тілегін арнайды.

Ақын мұңын, жан жарасын ашатын тағы бір бөлім – «Нарық қысқан». Бұл бөлімде егемендік алған алғашқы жылдарымызда ел экономикасының құлдырап, халықтың қиын жағдайға тап болғанын:

Заман, заман...

Заман бұл –

Нарық қысқан,

Қос өкпе, жан алқымнан алып қысқан.

Сор кешіп, өлмешінің күнін көріп,

Қалт-құлт етіп шығады халық қыстан,- деп суреттейді.

Халықтың кедейшілікке түсіп, күн көрістің қиындауымен қатар, ел ішінде ұрлық, зорлық әрекеттердің көбеюі, ел басындағылардың парақорлығы мен жемқорлық әрекеттерінің белең алғанын ашына айтады. Сонымен қатар, өзі туып-өскен жері Торғай облысының жабылып, халқының елден үдере көшуі, Арқа төсіндегі арайлы да әсем қала Арқалықтың ажарынан айрылуы да ақын жүрегін жылатады.

Торғайым,

Қайран, Торғайым!

Ел мұңын қозғап толғайын.

Тастады-ау жауып кінәсіз,

Дәрмен жоқ, қайтіп қорғайын...

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!