Жұмбақ айта білеміз. Ж дыбысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұмбақ айта білеміз. Ж дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ жоспары ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Сауат ашу Тақырыбы: Жұмбақ айта білеміз. Ж дыбысы





Бекітемін: _______________ Ермекова С.О.


Күні: 26.02.2018ж

Сыныбы: 0 «Е»



Мұғалімнің аты-жөні: Нұрболқызы Жәннат



ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.


Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді.

Ж дыбысы – дауыссыз дыбыс, ж дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады.

Ж дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ж

дыбысының орнын ажыратады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

- Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Ж дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

  • суреттегі заттардың аттарын атай алады,таниды;

  • қол жаттығуына арналған тапсырмаларды орындайалады;


Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Кемпірқосақ.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттерге қарап жұмбақ жауабын шешеді. Кемпірқосақтың түсі нешеу?

Сызбада кемпірқосақтың қай түсі белгіленген? Өзің қандай жұмбақ білесің?


Өткен ҰОҚ алған

білім

Дыбыстарды ажыратады.

Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Сөйлем

түрлерін ажыратып, сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сызба

бойынша сөйлем құрайды.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2 мин.

Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.

Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3 рет қайталайды.

Өсті ақыл, ойларың, Өсті, міне, бойларың. Иіліп сəлем береміз, Əдепті боп өсеміз.

Жақсы сөздер айтамыз, Үлкендерді сыйлаймыз.





II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.

(Ұ) Педагог «Əліппе пойызы» деген бейнетаспадан Ж дыбысы жайлы бөлігін көрсетеді.

  • Фильм əріптер мен дыбыстартуралы.

  • Дұрыс. Біз енді ұйымдастырылған оқу қызметінде Ж дыбысымен танысамыз.



Бейнетаспа.



ҰОҚ-ның ортасы

III.

Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма

Тыңда.

Педагог балаларға қысқаша жұмбақ туралы мəтінді оқып, оның қызықты болатыны туралы айтып береді.

Жұмбақ – адамның алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылысты тұспалдап сипаттайтын шағын тақпақ. .

2-тапсырма. Суреттерге назар сала отырып, педагогтің оқыған жұмбақтарын балалар шешеді.

Жұмбақтардың шешулері: жұлдыз, көжек, жапырақ.

Жұмбақтың шешуі болған сөздерді дауыстап айтқызып, осы сөздерде кездесетін Ж дыбысын бірнеше рет қайталатады.

Ж – ұяң дауыссыз дыбыс. «Ж» созылып, əндетіліп айтылмайды, ауыз қуысында кедергіге ұшырайды. Көк түсті дөңгелекпен белгіленеді.

3-тапсырма. Суреттен Ж дыбысы бар сөздері іздеп табады. (Кемпірқосақ,жапырақ).

Кемпірқосақтың түсі нешеу? (Балалар кемпірқосақтың түсінің санынайтады).

Түстерін атай отырып, Ж дыбысы естілетін түсті табады

(жасыл).

Ж дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту. Балалар əр баланың айтқан сөзін буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды. Мысалы: жаң-ғақ. Ж дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс. Көк белгімен белгіленеді.

(Ұ) Сергіту сəті.

Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық.

Билегіміз келеді, Əдемілеп əн салып.

Тік тұр, қолыңды соз, Оңға-солға бұрылыңыз. Шымыр болсын денеміз, Жаттығуды үйренеміз.

Педагог əңгімелеп беріп, сұрақ қояды.

Жапырақтары жайылған шөптер мен гүлдер өсіп тұрады. Көбелек ұшып келеді. Шөптердің арасынан жылан жылжып барады.

Балалар суреттегі көбелекті бояуға кіріседі.

Жазу жолдарына Ж əрпінің баспа түрін жазады. Алдымен ауада жазып көрсетеді.



Əліппе-дəптер.












Суреттер.
















Суреттер.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды.

Балаларды мадақтап, қай тапсырманы орындау қызықты болғанын сұрайды.

Қай тапсырманы орындау қызықты болды?

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылыбағалайды.



Əліппе-дəптер





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2018
667
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі