Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу
жолдары. Иммунитет.
Жұқпалы
аурулар – бүгінгі күнде ең қауіпті аурулардың бірі
болып табылады. Аурудың
ерекшілігі: олар адамнан адамға жұғу арқылы үлкен аумақтарға
таралуы мүмкін. Сондықтан, бұл аурулардың алдын алу жолдары туралы
айта кетейік. Жұқпалы аурулар дегеніміз – бұл ауруды тудыратын
микроорганизмдердің кесірінен пайда болатын және жұқтырған адамнан
(немесе жануардан) сау адамға берілетін ауру турлері. Аурудың
қандай нәтижемен аяқталатыны
адамның ағзасына, оның физиологиялық қасиеттеріне және иммундық
жүйесінің күйіне байланысты.
Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар
жұқпалы ауруларға бейімділігі төмен және олар тезірек
жазылады. Ұқсас: Тез
арықтау жолдары. Арықтауға арналған жаттығулар Инфекциялық аурулар
– бактериялар және вирустар үшін туындайды, оларды емдеу көбінесе
антибиотиктер арқылы жүргізіледі. Таралу жолдары ауамен
тасылмалданатын аурулардың (тұмау, туберкулез, көкжөтел, дифтерия,
қызылша және т.б.) алдын алу үшін бөлмені желдету, маска кию және
адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу керек. тамақ арқылы
келетін дерттерді (ішек инфекциялары, сальмонеллез, дизентерия,
вирустық гепатит А) болдырмау үшін жеке гигиена, қолды жуу, және
бөлмеде шыбындардың болмауы маңызды; жыныстық қатынас (вирустық
гепатит В, С, ВИЧ/СПИД, жыныстық герпес, сифилис, гонорея,
папилломатоз) жолымен келетін жұқпалы ауруларды алдын алудың
маңызды бөлігі мүшеқап қолдану; Үқсас: Жыныстық қатынастың
пайдасы және зияны қан арқылы (көбінесе вирустық гепатит B, ВИЧ)
берілетін ауруларды болдырмаудың ең басты тәсілі: бұл терінің
бұзылуына жол бермеу. Жұқпалы
аурулардың алдын алу.
Инфекциялық аурулардың алдын
алу жолдарының ең басты ережесі жеке гигиены ұстану болып
табылады. Өнімдерді
пісірер алдында мұқият жуып отыру керек. Тамақтанудың алдында,
дәретханадан шыққан соң және даладан келгеннен кейін міндетті түрде
қолдарыңызды жуыңыз. Үй-жайды желдету, шаңды сүрту, едендерді
тазалау, басқа адамдардың киімін кимеу және жеке гигиена заттарын
қолдану қажет. Дұрыс тамақтанып, иммунитетті көтеру керек. Вирустық
жұқпалы ауруларды алдын алуды ерте балалық кезеңнен бастау керек.
Ағзаның вирустық инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттыру керек.
Егер отбасыңызда ауру адамыңыз болса, оны сау баладан аулақ
болатындай етіп оқшаулау керек. Бөлмеге үнемі ауа кіргізу
патогендік вирустардың санын азайтуға көмектеседі. Науқас жеке
ыдыс-аяқты, сүлгіні және сабынды қолдануы
қажет.
Иммунитет.
Иммунитет дегеніміз организмнің зиянды әсерлерді
немесе бүлдіруші уларды қабылдамау
қасиеті.
Әрине бүндай қасиет организмнің жеке басының
тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды
микроорганизмдер, вирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші
қасиеті бар заттарға қарсы түра алатындығына тікелей байланысты.
Осындай өз ара байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде
аса күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп, организмде
қорғаныштьиқ қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды
микроорганизмдерді, вирустарды қүртатын және улы заттардың уытын
жойып ыдырататын қабілеті күшейеді.. Иммунитет түзілуде бүкіл бір
тұтас организм қатысады әрине бүнда басқарушы және
бағыттаушы—орталық нерв
жүйесі.
Ауру қоздырушылар немесе вакциналар нерв
системасының ұштары арқылы сарысу гамма-глобулиндерін түзетін
тиісті органдарға әсер етеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті
антителалар бөле-ді. Осыида клетка ішінде кандай іпроцестер орын
алатыны жөнінде толық мағлүмат жоқ.
Иммунитет пайда болуда сыртқы орта жағдайлары
көп әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау немесе организмнің аса
шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін
нашарлатады.
Сонымен бірге иммунитеттің организмде жақсы
түзілуін тамақтың нашарлығы, соның ішінде А және С витаминдерінің,
фосфор және кальций түздарының жетіспеуі
тежейді.
Бұдан зиянды әсерлерге қарсы
күресуде арнаулы шаралармен қатар (вакциналар егу т. б.) малдарды
және адамдарды толық бағалы қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет
деген қорытынды шығаруға болады. Жалпы иммунитеттің бірнеше
түрлерін ажыратады. Оны мына схемадан көруге
болады:
Табиғи немесе туа пайда болған
иммунитет—адамдар және жануарлардың белгілі бір түріне тән. Ол
түқым қуалайды. Бұдан мүйізді ірі қара малдың — жылқының
маңқасымен, жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен шошқа обасымен
ауырмауы мысал бола алады. Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше
зиянды әсерге қарсы әсер ете
алады.
Жасанды иммунитет адам мен жануарларда
жұқпалы аурулар-дың әсерінен пайда болады және оны та,биғи
-жағдайда қабылдаған ммунитет деп те атайды. Егер де иммунитеттер
организмге түрлі биологиялық препараттарды енгізгенде (егу,
вакцина, сарысу енгі-зу) лайда болса, оны жасанды жолмен түзілген
иммунитет деп атайды. Бұнда организмдегі түзілген иммунитет зиянды
микробтың бір ғана түріне арналады.
Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше
үзақ болады. Ал кейбір ауруларға іқарсы түзілген иммунитет
организмде бүкіл тіршілік барысында сақталыл қалады. Мәселеқадамдар
шешөк, обамен бір рет ауырса, екінші рет ауырмайды. Тіршілік
барысында түзілген иммунитетті актив және пассив деп өкіге бөлуге
болады. Бүнда организм зиянды әсерге әзі иммунитет қүрайды. Жасанды
жолмен құралған актив иммунитет түрақсыздау. Мәселен, паратифке
қарсы бұзауларда жасалған иммунитет тек 6 ай бойына ғана сақталады.
«Сибирь жарасына» қарсы жасалған иммунитет тек бірақ жылға жетеді.
Актив иммунитет организмге вакцина енгізіл-геинен кейін 2—10 күн
еткен соң түзіледі. Ал пассив, сарысу имму-витеті организмге дайын
қорғаныш заттарды енгізгенде түзіледі. Түрлі аурулармен ауырған
организмнің сарысуында осы ауруға қарсы иммунитет күраушы заттар
пайда болады. Оларды арнаулы фабрикада өндіреді. Бүл үшін малдарға
ауру қоздырғыш микроб-тардан жасалған вакцинаны енгізеді. Сонда сол
малдар қанының сары суында қорғаныш заттар — антителалар түзіледі.
Осындай сарысуды алып, басқа малдарға енгізгенде оларда осы ауруға
қарсы тұра алатындық иммунитет түзіледі, бірақ бүл түрақсыз
иммунитет, оның үзақтығы 2—3
жүма-ақ.
Табиғи пассив иммунитет организмге, оның
әсіресе дүниеге келер кезінде анасының сүтімен немесе жатыр арқылы
беріледі.
Адамның иммунитеті пайдалы
ұйқының, жаттығу мен үйлестірілген тағамның арқасында сақталады.
Әдетте адамдар иммунитетті сақтаудың рөлі мен мүмкіндігін тек
ауырған кезде ғана ойлайды, ал бұның өзі иммун тапшылығының салдары
болып табылады.Сондықтан әрбір адамға денсаулығын сақтау және
иммундық жүйені нығайту маңызды, әсіресе көктем қарсаңында. Себебі,
бұл уақытта ағза ерекше қолдауды қажет етеді. Сондай-ақ, жедел
респираторлы аурулар мен жедел респираторлық-вирустық
инфекциялардан немесе тұмаудан зардап шеккендерге және үлкен
физикалық күштерді сезінетіндерге иммунитетке назар аудару
керек.
Бұл
ретте, иммунитетті нығайтатын арнайы құралдардың көмегімен
денсаулықты қалыпқа келтіруге болады. Дегенмен, ағзаны нығайтудың
көптеген қосымша жолдары бар.
Ақжелкек, асшаяндар және лавр
жапырағы
Тамақтану – вирустар мен аурулардан қорғанудың
кепілі және ағзаның қорғаныш күшін жақсартуға ықпал ететін маңызды
фактор. Азықтану сандық және сапалық тұрғыдан да мүмкіндігінше
пайдалы болуы керек. Сіздің мәзіріңізде жануар мен өсімдік тектес
ақуыздар болуы қажет.
Жануар ақуызы ет, балық, жұмыртқа мен сүтте, ал
өсімдік ақуызы – бұршақ пен үрмебұршақта, қарақұмық және сұлы
жармасында болады. Сондай-ақ, сиырдың бауыры мен асшаяндар, мидия,
кальмар секілді теңіз өнімдері де иммундық жүйенің қызметіне
пайдалы.
Бірақ, кез-келген жағдайда иммунокүшейткіштерді
өздігінен қабылдай беруге болмайды. Ал дәрігер осы препараттарды
тағайындамас бұрын стандартты терапияның қажетті нәтиже бермегеніне
көз жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, науқастың иммунограммасын
зерттеп, иммунокүшейткіштерді қолданудың ұзақ мерзімді
тәжірибесіне, атап айтқанда, белгіленген дәрілік препараттардың
ұзақ мерзімді әсерін бағалауға негізделген тәжірибеге көз жеткізуі
керек.
Сондай-ақ, зімбір, бөріқарақат, қалампыр, күнзе,
даршын, насыбайгүл, кардамон, куркума, лавр жапырағы және ақжелкек
иммунитеті жақсы көтереді.
Витаминдер өндіру
қажет
Иммундық жүйені нығайту үшін витаминдер мен
микроэлементтер қажет. Олардың жетіспеушілігін мультивитаминдік
кешендердің көмегімен толықтыруға болады. Бірақ жалпы алғанда,
витаминдер мен микроэлементтерді табиғи түрде алған
жөн.
Мысалы, А витаминін сәбізден, жүзімнен, жасыл
көкөністерден, яғни барлық қызыл және қызғылт-сары жемістер мен
көкөністерден алуға болады. Ал С витамині итмұрын, мүкжидек,
итбүлдірген, қырыққабат, әсіресе ашытылған қырыққабатта,
цитрустарда кездеседі. Е витамині – күнбағыс, зәйтүн немесе жүгері
майында болады. В тобындағы витаминдер бұршақта, дәнді дақылдарда,
жұмыртқада, кез-келген көкөністе және жаңғақтарда көп
болады.
Микроэлементтердің ішінде мырыш пен селен
иммунитетке оң әсерін тигізеді. Мырышты балықтан, ет пен бауырдан,
жаңғақтан, бұршақ және үрмебұршақтан алуға болады. Ал селен
балықта, теңіз өнімдерінде, сарымсақта
кездеседі.
Сонымен қатар, темір, мыс, магний және мырыш
секілді минералды заттарды бауыр мен бүйректен, жүрек, жаңғақ,
бұршақ және шоколадтан алуға болады.
Құрғақ қызыл
Темекі мен алкоголь иммунитетті әлсіретіп қана
қоймай, оны өлтіреді. Темекінің зияны бәріне белгілі болғанымен,
біраақ алкогольдің жөні бөлек. Мысалы, құрғақ қызыл шарап
иммунитетке пайдалы. Бірақ ең жоғарғы рұқсат етілген тәуліктік доза
– 50-100 граммнан аспауы тиіс.
Суыққа бейімделу
Ең
алдымен ерекше емес қорғанысты көбейте отырып, аурудың кез-келген
түріне алдын-ала дайындалу керек. Ағзаны шынықтыру әдісі туралы
бәрі біледі. Бірақ көпшілігі ағзаны шынықтыру суыққа бейімделу деп
санайды. Мысалы, қыста іш киіммен қарда жүру. Бірақ шын мәнінде,
ағзаны шынықтырудың мәні – шырышты қабық жаттығулары кезінде
температураның күрт өзгеруіне жылдам жауап беруінде
болмақ.
Жаттығулар өте қарапайым болуы мүмкін. Мысалы,
қолдан шынтаққа дейін кезекпен суық және ыстық су құйыңыз. Суық
судың температурасы +20 ° C, ыстық судікі +35 ° C болуы
керек.
Су
құюды күн сайын, күніне 5-7 минут, таңертең немесе кешке жасаған
жөн. Әсіресе бұл рәсім балаларға жақсы
көмектеседі.
Тыныштық және тек қана
тыныштық!
Күйзеліс – иммунитеттің негізгі жауларының бірі.
Ең қауіпті күйзеліс түрі бақыланбайтын күйзеліс. Бұл кезде адамдар
өз эмоцияларымен күресуге қабілетсіз болады. Ақыл-ой дағдарысынан
құтылудың тек бір ғана жолы бар. Мұндай кезде барлық жағдайға
тыныштықпен қарау керектігін және жағдайды өзгерте алмайтын
болсаңыз, онда оны солай қабылдау керек екенін жиі еске
түсіріңіз.
Күлкі
Егер сіз кейде күйзелісті сезінуге мәжбүр
болсаңыз, онда оның орнын күлкімен өтеңіз. Күлкі денеге қалыпты
жаттығулар секілді әсер етеді. Ол қан қысымын төмендетіп,
күйзелісті жеңілдетеді және иммундық жүйені күшейтеді. Сонымен
қатар, күлкі тәбетті жақсартады, холестерин деңгейін азайтып,
жүрек-тамыр жүйесі ауруларының және қант диабеті ауруының қаупін
төмендетеді.
Мысық асыраңыз
Мысықтар иелерін жүрек ауруларынан қорғап, жүйке
жүйесіне оң әсер ете отырып, олардың иммунитетін жақсартады деп
есептеледі. Мысықтың дене температурасы 38-39 градус. Ал егер адам
суық тиіп ауырып қалса, пырылдаған мысық иесінің жанына жатып оның
денесін жылытады. Соның арқасында, мысық тұмауға қарсы күресуге
көмектеседі және қожайынының күйзеліске қарсы тұрақтылығын сақтап,
күшейтеді.
Мысықтар көне заманнан бері келе жатқан ең
танымал және сүйікті үй жануары болып табылады. Оларға деген
сүйіспеншіліктің шексіз болғаны соншалық 1 наурыз – көктемнің
алғашқы күні бүкіләлемдік мысық күні деп
бекітілді.
Иммунитетті көтеруге
арналған халықтық емдеу
құралдары
Мысалы, шашыратқы түбірі иммундық жүйені
нығайтады және вирустардан қорғайды.
Егер суық тию және жедел респираторлық-вирустық
инфекциялармен жиі ауыратын болсаңыз, каланхоэ шырынының көмегімен
ағзаны нығайтып көріңіз.
Ағзаның күшін нығайтуға дене шынықтыру да жақсы
көмектеседі. Оның ең қарапайым жолы синтетикалық материалдан
жасалған алашаны алып, оны иммунитетті арттыратын өсімдіктер
тұнбасымен дымқылдатып және соған жалаң аяқ тұру
керек.