Материалдар / Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы Анама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы Анама

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған тәрбие сағатының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
307
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама"

Музыка залы әсем безендірілген. 


Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз,әже -аналар мен аруларды мерекемен құттықтау. Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. Ұстазға,ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.


Балалар музыкамен залға кіреді

Ортада «Мама» биі


Жүргізуші:Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұрқұйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Гүлдердің сан алуан,

Түрлерін мен білемін

Сол гүлдерді өсіріп

Аялаумен келемін

 

(Гүлдер орынан тұрады.)

 

Бәйшешек:

Көктем гүлі бәйшешек

Мен боламын қараңдар

Наурыз сәуір айында

Мен шығамын жайқала

 

Қызғалдақ:

Қырқалардың төрінде

Қаулап көзге ұрамын,

Құлпыра жайнап өңірде

Қып қызыл боп тұрамын

 

Жауқазын:

Жауқазынмын жайқалған

Сұлу гүлмін жайнаған

Көктемде мен гүлдесем

Құлпыра кетер айналам

 

Раушангүл:

Әдемімін сұлумын,

Менен қай гүл аса алған

Мен боламын раушангүл

Гүл патшасы атанған


 Би: Гүлдер вальсі


КӨРІНІС

Балалар тақпақ айтады.

 

Досжан:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

Мырзахмет:

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.


Бэхрузбек:

Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.


Ержан:

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.


Асылжан:

Жүре берсем қасымда

Әйбат анам әй ана

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам


Гүлназ:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!


Бекзат:

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз



Амира:

Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?!


Нұрислам:

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

 

 

Жүргізуші: 

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген қуанышы көңілдің

Ана деген әрбір үйдің жылуы

Ана деген гүлі туған өңірдің

 

Би «Джентльмен»

 

 

Жүргізуші:

Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта осындай беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз. Мәпелеп отырған балапандарыңыз сіздерге деген шексіз алғысын әнмен жеткізгісі келеді.

Ән: «Анашым қартаймашы»

 

Жүргізуші:

Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Мерекеңмен қасиетті аналар

 Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Назар салып тыңдағандарыңызға рақмет!














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!