Тақырыбы : Жүрегімнің түбіне терең
бойла
Мақсаты
: Алаштың ардақтысы Әсет
Найманбайұлының өмірі мен
шығармашылығы және Әсеттің
жаңадан шыққан өлеңдері мен
әндерін
насихаттау
Тәрбиелік
мәні : Оқушыларға Әсет
Найманбайұлының мол мұрасын насихаттау, өлеңдерінің көркемдік
ерекшелігіне тоқталу ,әуезді әндерін тыңдату, насихат өлеңдерінің
тәрбиелік мәніне тоқталу
Көрнекілігі : видео слайд, қанатты сөздер
,нақыл сөздер ,буклеттер ,гүл шоқтары т.б
Түрі : Элегия
кеші
Әдісі
:
Барысы
: І
жүргізуші
Арғынмын, атым- Әсет
арындаған
Арындап ән сала ма
дарымаған
Аспанның аясында ән шалқытқан
,
Бұлбұлмын ,даусым көкте
дамылдаған
ІІ
жүргізуші
Алашқа атым шыққан Әсет
ақын
Өлеңім - жан жолдасым болған
жақын
Ақтарып ағытқанда
түйдегімен
Мейірін тыңдаушының
қандыратын
деп аспан мен жердің арасын әнмен
қосқан алаштың ардақтысы ақын, әнші, сазгер,аудармашы ,дастаншы,
айтыскер ақын Әсет Найманбайұлының шығармашылығына арналған
«Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты элегия кешіне қош
келдіңіздер.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің
«Болашаққа бағдар :рухани жаңғыру »атты мақаласында «Ұлттық
салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі
қалуға тиіс»деген болатын .Ендеше,Әсет шығармашылығы ұлттық музыка
өнерінің асқар шыңы.Ұлы Абайдың алдын көрген ақын шәкірттерінің
бірі төкпе ақын, әйгілі әнші ,дарынды композитор,қазақ өнерінің
тобығын томарға қақтырмаған, дауылпаз, дара тұлға Әсет
Найманбайұлына Барқытбелдің күнгейінен орын беріп , Алакөлдің
айдыны асау толқынында тербеткендей сағынышы мен мақтанышы ерекше
.Осы кеш өтпес бұрын біз 10 сынып оқушыларымен мектептің өлкетану
мұражайындағы «Әсет және Көктал»бөлімінің мұрағаттар мен танысқан
болатынбыз.Экранға назар аударыңыздар .
ІІ бөлім
«Арғынмын ,атым –Әсет
арындаған» бөлімі арқылы Әсет
Найманбайұлының өміріне арналған слайдқа назар салайық. Музыкамен
әрлеу.
Әсет –ұлы жұрттың ұлы
перзенті
Әсет –қазақ өнерінің
бренді
Әсет –қазақ өнерінің
ар-ожданы,абыройы
Әсет ғұмыры - таным мен
тағылым академиясы
ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық
мәдени өнерінің біртуар өкілдері –Біржан Ақан, Естай, Мұхит, Мәди,
Балуан Шолақ , Жаяу Мұса сынды ұлы даланың талант иелерінің
қатарына сол ғасырдың соңын ала Әсет Найманбайұлы да келіп
қосылды.Ол қатарға Әсет жай келіп қосылған жоқ.Өзінің тәңір
сыйлаған дарынының, тума талантының арқасында өнердің асқақ үлгісін
көрсете келді.Жай келген жоқ,ағыны қатты тау суындай өзен болып
қосылды.Арқадан Алтайға дейінгі ұлан –ғайыр даланы жырға бөлеп
арындатып ән салып, аспандағы аққуға үн қосып ,бұлбұлдай даусы
көкте дамылдаған ,күміс көмейінен төгілген ән нөсері сар далаға
інжу –маржандай сауылдаған 19 ғасырдағы қазақ саз мәдениетінің
сарқылмас саңылақтарының бірегейі болып
қосылды.
ІІІ бөлім «Әсет поэзиясы
–халық қазынасы»
Әсет Найманбайұлы
–төгілмелі,төкпелі ақын.Сегіз қырлы бір сырлы әнші ,әрі композитор
.Әсет –қазақтың көрнекті лирик ақындарының бірі .Замана шындығын
шынайы суреттеу ,айналасын қоршаған тылсым дүние бояуларын
өлең-жыры,тамаша сөздерімен сол қалпында жеткізу тек қана Әсетке
тән қасиеттердің бірі .Халық ақыны Кенен Әзірбаев «Мен осы жасыма
дейін Әсеттің дауысындай зор дауысты естімеген едім ,болса Әміренің
дауысы Әсетке жете ғабыл болар »-деген екен .Шынында ,Әсеттің ән
айту ерекшелігі өте күрделі.
Ендеше «Әсеттің әсем
әндері-ай»бөліміне кезек берсек.
Әсеттің «Інжу –маржан »әні
қазақ ән өнерінің биік шыңы. «Ғасырлар үні»дәстүрлі ән байқауының
шымылдығы осы Әсеттің«Інжу-маржан »әнімен ашылады. Бұл, әрине, Әсет
әнінің құдіреті емес пе?
Әсеттің әні
«Інжу-маржан»орындайтын Әсет әндерін насихаттап жүрген әнші
Алпысбаев Айдын Нұрғалиұлы
Қабыл
алыңыздар!
10-сынып оқушыларының
орындауында Әсеттің әні «Әпитөк»
Ауылдағы мәдениет үйінің
меңгерушісі Садуақасов Дархан Мұратханұлының
орындауында
Әсет бабамыздың тағы бір үлкен
қыры ол-айтыскерлігі. Арқа ақындарының Меккесіне айналған Қоянды
жәрмеңкесінде кездескен Әсет пен Ырысжанның айтысы, айтыс өнерінің
- алтын діңгегі .
Өттік біз өкінішпен Әсет,
Біржан
Меңіреу қара түнді әнмен
бұзған
Шалықтап ,шалқып жүріп салған
әндер ,
Мұра боп естілсе екен
ұрпағымнан,-
Гүлдерім қайта өнерме
өрімдеген
Жібегім кетті-ау талай
өрілмеген
Өмірдің өрге басқан жолын
қумай
Өттім-ау бос үмітке еруменен -
деп жырлаған ақын мұрасы толық ашылып,егілмеген гүлі егіліп
,терілмеген сөзі халық санасына жиналып,жұртының жүрегіне қайта
себіліп келеді.Ақын бабамыздың ақындық өнері ,артында қалған асыл
қазынасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып ,миуасын төккен ағаштай өнер
биігіне жемісін беріп келеді.Біздей өнерді сүйетін ,өнерді
бағалайтын ұрпақтары барда Әсет әні қазақ аспанында мәңгі
қалықтайды дегіміз келеді.
Ақын рухына бас иіп
,ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі .