Материалдар / «Жүрек жылуы» Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жүрек жылуы» Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
449
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жүрек жылуы»


Мақсаты: Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.

Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу.

Амандасу: «Көрші»

Шеңбер бойына тұрады және тұрған реттері бойынша жұптасады. Белгілі бір уақыт аралығында ойыншылар өзара танысады. Уақыт аяқталғаннан кейін әр ойыншы топқа өз көршісін таныстырады.


Психологиялық технологиялар: Слайд, видеоролик, психологиялық жаттығулар мен әдістемелер.

ӨShape1 ту барысы: Ата – аналарға геометриялық фигуралардың біреуін таңдау ұсынылады:

- Дөңгелек фигураны таңдағандар - өте мейірімді,

басқаның қайғысын, қуанышын бөлісуге дайын жандар.


Shape2

  • Бұл фигураны таңдағандар - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін жандар.

Shape3

- Бұл фигураны таңдағандар - жаңа идеяға жақын,

білуге құмар, ізденгіш жандар.


Shape4

- Бұл фигураны таңдағандар - лидерлік қабілеті бар, алдына қойған қойған мақсатына жететін басқарушылық қабілеті басым

жандар.



1. «Мен баламды қалай еркелетемін» әдістемесі

Мақсаты: Ата – ана баласын қандай деңгейде еркелетіп, қаншалықты жақсы көретінін анықтау.

Майлықтың басын бұрап баланың бет пішінін келтіріп, астыңғы жағына еркелететін сөздерін жазғызу.

2. Видеоролик «Дети наше зеркало»


3. «Тауық пен балапан» әдістемесі

Мақсаты: Ата – ананың тәрбиеші мен балабаұшаға деген қарым – қатынасын анықтау. Баланың эмоционалдық жағдайын анықтау. Бала мен ата – ана арасындағы қарым – қатынасты анықтау.


Керекті құрал - жабдықтар: Тауық пен балапандардың суреттері.

Нұсқау: Құрметті ата - аналар сіздердің назарларыңызға тауықты ұсынамын.

Тауық - сіздердің балаларыңыздың тәрбиешісі.

Балапандар – сіздердің балаларыңыз.

Сіздердің міндеттеріңіз ойланып, содан кейін ұлыңызды не болмаса қызыңызды тауықтың айналасына орналастыру. Балаларыңызға ыңғайлы жерді тауып орналастыру.

Кеудеше киген балапандар – ұлдар

Басында бантигі бар балапандар – қыздар.


Сауалнаманың қорытындысы:


Балапандарды тауықтың қанатының астына орналастырса: Балабақшадағы тәрбиеге толық қанағаттанады. Балаларын тәрбиешілерге толық сеніммен тапсырады.


Тауықтың арқасына орналастырса: Ата – аналар балабақша мен тәрбиешілерге толық сенеді.


Тауықтың басына орналастырса: Тәрбиешіні жоғары бағалайды, баласының топта лидер болуын қалайды.


Тауықтың арт жағына орналастырса: Алаңдаушылық сезімі жоғары. Баласының өзін – өзі бағалауы төмен деп ойлайды.


Тауықтың алдында орналасса: Баланың шығармашылық интеллектуалды қабілетін жоғары бағалап, мақтан тұтады. Тәрбиешілермен қарым – қатынасы жақсы. Бірлесіп жұмыс жасайды.


Тауықтың астына тығылып отырса: Ата – аналар баласы үшін үнемі алаңдайды, қорқады. Баласы өмірге бейімделмеген, кішкентай, жасқаншақ деп ойлайды. Тәрбиешілер балаға қысым көрсетеді деп ойлайды.


4. Видео сергіту.


5. «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

  • Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

  • Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

  • Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

  • Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.

Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.

Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.


6. «Қар қиыршықтары» жаттығуы

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз қағазымызды ашып қараймыз.

Талдау:

  • Кімде бірдей қағаз шықты?

  • Шықпады ма? Неге? Себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қағазымызда ойықтар әр түрлі болып шықты деп ойлайсыздар?

  • Психолог сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Әрқайсымыздың мінезіміз бөлек. Дара тұлғамыз.


7. Шар жаттығуы


8. Қорытынды

Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!