Материалдар / Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт)

Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт)

Материал туралы қысқаша түсінік
қанайналым жүйесі ауруларының себептері мен белгілерін сипаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
2424
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән: Биология


Мектеп: Ю.Гагарин атындағы орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мұғалімнің аты-жөні: Сатаева Алтыншаш

Күні: 10.12.18

Қатысқандар саны: 19

Сынып: 8 «а»

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы:

Жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары (гипертония,инфаркт,тахикардия,ишемиялық ауру,атеросклероз,инсульт)Аурудың себептері :тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау т.б.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау

Сабақ мақсаттары:

  • қанайналым жүйесі ауруларының себептері мен белгілерін сипаттау

Бағалау критерийлері

  • қанайналым жүйесі ауруларын сипаттайды;

  • аурулардың себептерін түсіндіреді;

  • қанайналым жүйесі ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қанайналым жүйесі мүшелерінің ауруларын атайды;

гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт ауруларының туындау себептерін түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт, коронарлы артерия, тамырдың бөгелуі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Инсульт кезіндегі белгілерге... жатады.

Коронарлы артериялар оттегіні ...тасымалдайды.

Инсульттың алдын алу үшін..., ..., ... қажет.

Ишемиялық ауру...себептен туындайды.

Атеросклероздың себептеріне ...жатады.

Тахикардия ...байланысты туындайды.

Құндылықтарды дарыту

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Физика пәні қан қысымы, ағу жылдамдығы, қан тамырларының кеңеюі, тарылуы түсініктері арқылы физика пәнімен байланысады.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының себептерін қарастырғанда тамақ құрамындағы әртүрлі химиялық заттардың табиғаты туралы білім арқылы химия пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация,интерактивті тақта.

Бастапқы білім :

7-сыныптан оқушылар жұқпалы аурулардың себептері микробтарға байланысты екенін, 8-сыныптан асқорыту жүйесі мүшелерінің аурулары мен жұқпалы аурулардың туындау себептері мен алдын алу шараларын біледі. 8-сыныптан қанайналым жүйесінің түрлері, қанның құрамы мен қызметтері туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ тың жоспарланған қезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

Сабақтың басы



Сәлемдесу.

Сыныпта ынтыфмақтастық атмосфера құру.Оқушыларды терминдер арқылы топқа бөлемін.Қызығушылықты арттыру.

Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі. Мұнда проблеманы шешу жолдары қарастырылады.

Атаулар туралы үш сұрақ – тәсілі арқылы оқушыларға сұрақтар қою.

Терминдер:гипотония,гипертония,инсульт,инфаркт миокард,атеросклероз,тахикардия.

  1. Қайда? Бұл терминдерді қайда және

қандай мағынада кездестірдіңдер?

  1. Қалай? Өз тәжірибелеріңде осы

атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласың ба?

  1. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар

қандай қолданыста болады деп ойлайсыңдар?

Топпен бірге «Атаулар кестесін» толтыру

Гипотония

Гипертония

инфаркт

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Өзін-өзі бағалау

«Қол шапалақтау» әдісімен бағалау.

Ой шақыру

  1. Қан қысымының жоғарлауы дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Қан қысымы өзгерген кезде оны немен өлшейді?

  3. Қан тамырлар жүйесі ауруларының белгілері қандай?

Жаңа сабақтың тақырыбы,оқу мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

1– қосымша

1-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

«Шпаргалка !» әдісі

Оқушылар мәтінмен жұпта оқып танысады.

ДДҰ мәліметтері бойынша,ХХ ғасырдың 2 жартысынан бастап,табиғи өлімге себепші аурулардың ішінде алдыңғы қатарда жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары тұр.Демек ,адамзаттың өмір жасын ұзартудың бір жолы- жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларымен күресу.Олардың ішіндегі ең жиі кездесетін түрін қарастырайық.Гипотония-қан қысымының төмендеуі.Ол тамырлар мен жүрек бұлшық етінің әлсіздігінен ,төмен зат алмасуға ,аз қозғалуға байланысты дамуы мүмкін.Жас ұлғайған сайын тамырлардың қабырғасы созылғыш қасиетін жоғалтып, тығыздалып артерия тарылады.Содан қан қысымы артады.Бұл құбылыс гипертония деп аталады.Қан қысымы жоғарлап,немесе төмендеп кетсе басы ауырады.Гипертония кезінде қан тамыры кеңейіп тері қызарып,мұрыннан қан кетуі мүмкін.Сонымен жүрегі айниды,құлақта шу пайда болады,жүрегі жиі немесе аз соғады.Қан қысымы көтерілгенде тамырлар жарылып,қан мүшелерге ағуы мүмкін.Миға қан құйылу өте қауіпті.Осындай жағдай инсульт деп аталады.Бұл ми жасушаларының зақымдануына әкеледі.Қан қысымы өзгергенде оны электрондық немесе механикалық тонометр арқылы өлшеу керек.Миокард инфаркты-қанағым(тромб,спазм не тамырдың жарылуы)бұзылуы салдарынан жүрек бұлшық етінің кей жерлерінің семуі.Белгілері-кеуде тұсының қатты ауруы.Оттексіз жүрек бұлшық етінің жасушалары 20-40 мин ішінде тіршілігін жояды .Алғашқы көмек тез арада «Жедел жәрдем» шақыру керек.Жедел жәрдем келгенше әр 15 мин сайын 0,5 мг нитроглицерин таблеткасын қабылдау керек. Инфаркт 65 жастан кейін жиі орын алады.Ишемиялық ауру-жүректің қан мен қамтасыз етілуінің бұзылуы.Егер инфаркт тез дамыса,ишемия баяу дамиды.Ишемия белгілері алдын-алу шаралары инфарктегідей болады.Инфаркт пен ишемия аурулары туындауына атеросклероз себеп болады.Бұл ауру ағзада май алмасуынан туындайды .Ірі тамырдағы май шытыралары тузіліп,қан тамырларын бекітіп қан ағысына кедергі келтіреді.Егер май шытыраларының орнына тамырларда қан ұйығы пайда болса мұндай ауру тромбоз деп аталады.Тахикардия-жүректің жиі соғуы Жүрек соғуы жиілеп,жүрек аймағының ауруын сезінуі.Ауа жетіспей,адам ентігіп ұйқысы қашады.

Мағынаны тану кезеңі

1-топ. ВЕНН диаграммасы Тахикардия атеросклероз аурулары .Берілген жауапты тақтаға немесе флипчартқа жазып тұрады

Жүрек жиі соғу

Ауыр дене,куйзеліс

Жүрек аймағы ауыру

Ауа жетіспеу

Әлсіздік

Бас айналу

Ұйқы қашу

Көңіл куй бұзылу

Тәбет бузылу

Қабілет нашарлау




Ағзада май бұзылу

Қан ағысына кедергі

Ірі тамырда май шытыралары түзілу




  • Осы жазғандарымызды бір-біріне ауыстыруға бола ма?

  • Деген пікірталастық сұрақтарға қарай бағыттап, оқушылардың пікірін тыңдаған соң:

  • Қандай қорытындыға келдің?

«Бағдаршам» әдісімен бағаланады.


2-топ. Жүрек қан тамырлары аурулары

«DEAL» әдісі

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

«От шашу» әдісімен бағаланады.


3-топ. Миокард инфаркті,ишемиялық аурулар себептері

«Бас бармақ»әдісімен бағалайды.

4-топ. «Төрт сөйлем» тәсілі

Жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруларының алдын алу.

Жұпта талқыла. Ойыңды 4 сөйлем тәсілі арқылы жүйелі жеткіз.

4» сөйлем тәсілі бойынша жауап береді, бұл тәсіл оқушының ойын жинақтап, дәлелді сөйлеуге бағыттайды.

Төрт сөйлем

1. Пікір. Жүрек қан тамырлар жүйесі аурулары туралы пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады


Қорытынды. « Плюс,минус,қызықты » әдісі.Жазбаша кері байланыс.

Плюс

Минус -

Қызықты?

Сабақта қызық болған пайдалы болар деп ұйғарған мәселелер

Сабақта сәтсіз шыққан пайдасы жоқ немесе шамалы болған жәйттар

«Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қызықты болама? Деген сұрақтарға жауап келтіру.

Жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларына тұқымқуалаушылық және өмір суру салты себеп болу мумкін.Бұл жүйе аурулары өзара байланысты болып, бір аурудың дамуы басқа аурудың пайда болуына әсер етеді.Сондықтан осындай аурулар алдын алу үшін

саламатты өмір салтын устау керек. Жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтау керек:

1.Саламатты өмір салтын ұстап, дене шынықтырумен шұғылдану

2.Майлы және қуырылған асты көп пайдаланбау

3.Никотин,алкаголь зиянды улы заттан аулақ болу.

4.Жұқпалардан сақтану

5.Жеткілікті мөлшерде дәрумен қабылдап,жеміс-жидек,көкөністі жеу

6.Қаназдықтың алдын алу

7.Бақылаусыз дене жүктемесіне жол бермеу.

Жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруларының себептері мен белгілері қандай?Пікір білдіріңіз, бағалаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Қан тамыр жүйесі ауруларын сипаттайды;

  • Аурулардың себептерін түсіндіреді;

  • Қан тамыр жүйесі ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады.

Дескрипторлар:

  • «Тахикардия,атеросклероз аурула

  • Жүрек қан тамырлар жүйесі аурларын баяндайды,талдайды,байланыстырады

  • Миокард инфаркті,ишемиялық аурулар себептерін табады.

  • Жүрек қан тамырлары ауруларын дәлелдеп мысал келтіре алады

  • Қантамырлар жүйесі ауруларының туындау себептерін түсіндіреді;

  • Аурудың белгілерін сипаттайды;

  • Барлық аурулардың алдын-алу шараларын ұсынады.

Мұғалім сұрақтар қойып, толықтыруларға бағыттай отырып, кері байланыс ұсынады.

Өз пікірін білдіріп, бағалайды.

Сабақтың соңы









Рефлексия

«Көз», «Құлақ», «Жүрек»

Оқушылар бүгінгі сабақта не көргендерін стикерге жазып көзге жапсырады.

Оқушылар бүгінгі сабақта не естігенің стикерге жазып құлаққа жапсырады.

Оқушылар бүгінгі сабақта нені жүрегіне түйді стикерге жазып жүрекке жапсырады.

Бағалау парақшаларын жинап алып, әр оқушының сабақты түсіну деңгейін анықтап, келесі сабақтарда қандай әдіс - тәсілдер қолдануым керектігін ойланамын.











слайд










Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Тапсырмаларға дайындалу кезінде оқушылар белсенді қозғалыс жасайды































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ