Материалдар / Жүрекке жара салған Ауғанстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүрекке жара салған Ауғанстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпан айының 23 – ші жұлдызында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 9 – сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Жүрекке жара салған Ауғанстан» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қырқүйек 2018
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүрекке жара салған Ауғанстан

Ақпан айының 23 – ші жұлдызында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 9 – сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Жүрекке жара салған Ауғанстан» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысы тарихының мәнін жете түсіну, әскери борышын сол жылдары Ауған жерінде өтеген интернационал-жауынгерлерге құрмет көрсету. Оқушыларды елін, туған жерін, отанын сүю, халықтар арасындағы достықты, адамгершілікті құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін дамыту.

Көрнекілігі: деректі фильмдер, слайдтар, шығармашылық жұмыстар.

Кездесудің өтілу барысы:

І. Кіріспе сөз (Ауған соғысы тарихына қысқаша шолу)

II. Ауғанның от жалыны (деректі фильм)

III. Ауған соғысы ұмытылмақ емес (кездесуге келген қонақтарға сөз беріледі)

IV. Қорытынды.

Бейнеролик ойнап тұрды https://www.youtube.com/watch?v=I3KVvKCxD9Q

Ауған соғысы ардагерлерін қарсы алу.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Жүрекке жара салған Ауғанстан» атты кездесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Кездесу кешімізге Ауған соғысы ардагерлері келіп отыр, балалардан сұрап көрейікші, Ауған соғысы жайлы не біледі екен?

2-жүргізуші: Ауған соғысы аяқталғанына қанша жыл өтті?

1-жүргізуші: Олай болса осы Ауған соғысы тарихына қысқаша тоқталып өтейік. 29 жыл бұрын 1989 жылдың15ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашанда елге мұра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі. Бүгінгі біздің «Жүрекке жара салған Ауғанстан» атты кездесу кешіміз «Интернационалист–жауынгерлер» сіздерге арналады. 

2-жүргізуші: 1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда революция жасалды. Революциялық кеңес және Республика үкіметі құрылды. Жаңа үкіметтің нақтылы реформалық іс-әрекеттері дамыған социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды. Жаңа өмірдің қалыптасуы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда болып, өзара тартыс басталды. 
2-жүргізуші: 1979 жылы желтоқсанда КСРО әскерлері ауған жеріне енгізілді. Бұл әрекет елдегі жағдайды одан ірі шиеленістірді. Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 Қазақстандық қатысып, оның 701 жауынгері қаза болса, 484 адам мүгедек болып оралды. 20 жауынгер хабарсыз кетіп, 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды. 

«Мен көрген соғыс» атты бейнебаян үзінді көріңіздер
1-жүргізуші: Міне, осы Ауған соғысының аяқталғанына 29 жыл өтіпті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр. 

2-жүргізуші: Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Оларды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялайық .

9 «Ә» сынып оқушылары Қадыр Анель, Мұрзақұл Меруерттің орындауында «Атамекен» әні.  

1-жүргізуші:

7 ә” сынып оқушысы Ерболқызы Ақботаны «Батырлары елімнің» әнімен ортаға шақырайық.
2-жүргізуші: Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Осындай ағаларымыздың хатынан үзінді тыңдаңыздар. (Күй орындалып тұрады.) Орындайтын:Аманбаев Ернар

«Жауынгер хаты» (авторы М.Сергеев.)

1-жүргізуші: Туған жердей жат жердің болмайтыны-ақиқат, 
Оған көңлің толмайтыны-ақиқат. 
Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұл-бұл құс 
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны-ақиқат.

2-жүргізуші: Қызығы балалықтың тарқамаған, 
Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан 
Аттанып қанмайданға сіздерсіз ғой 
Соғыстың бар азабын арқалаған. 

Дей отыра, сөз кезегін ардагерлерге берсек!

Құрметті ардагерлер сөз кезегі өздеріңізде.

ІІІ. Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат. 
2-жүргізуші: Ортаға №24 лицейдің география пәнінің мұғалімі, 9 «Ә» сыныбының кураторы Еркінбекова Айгерім Сламбекқызын шақырамыз. Марапаттау,сыйлықтар ұсыну

9 “а” сынып оқушыларының орындауында «Қазағым-ай» әні

1-жүргізуші:

- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

2-жүргізуші:

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Ардақты ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!