ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИДІҢ «ҚҰТТЫ
БІЛІК» ДАСТАНЫНДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІКТІК БІЛІМ
БЕРУДІҢ ІЗГІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Айнабек Назерке
Әбілахатқызы, «С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» КММ
мұғалімі
Резюме
В статье автор раскрывает
содержательные основы гуманизма и духовно-нравственные ценности,
любовь к Родине, трудолюбие и другие человеческие качества с точки
зрения педагогики, психологии, философии, описанные в поэме
«Кутадгу билик» Ю.Баласагуна
«Білім
адам баласының ортақ
қазынасы»,- деп Жүсіп Баласағұни
айтқандай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «білім
берудегі мақсат қоғам мүшелерінің жоғарғы
деңгейдегі адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және тұлғалық
дамуына әрі кәсіптік құзырлығына қол жеткізу болып саналады. Білім
беру ұйымының басты міндеті жеке тұлғаның ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілу үшін
қажетті жағдайлар жасау» делінген [1]. Өйткені, жас ұрпақты
жан-жақты жетілген, ой-өрісі биік, ақыл-парасатты, бәсекеге
қабілетті азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті
мәселесі.
Жастардың бойна рухани
адамгершілік құндылықтарды дарытуда «Құтты
білік» еңбегінің
орны айрықша. 1069 жылы он
сегіз айдың ішінде жазылған бұл дастанның басты мұрасының бірі:
құтты қоғам құру, әлеуметті түзіп, «кедейді орташаға», «орташаны
байға» жеткізу, елдің әл ауқатын өсіріп, іргесін
нығайту. «Құтты білік» дастаны
адамзатты тура және әділ жолға бастайды. Ғұламаның «Кітап атын
«Құтадғу білік» қойдым Құтын тұтсын оқушым білікті
ойдың» деген ой-пікірі дастанның әрбір адам үшін құндылығын аша
түседі.
Бұл дастан тәлім-тәрбиелік,
ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған
педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек
болып табылады. Сонымен қатар, ғұлама ойшыл «Құтадғу білік»
дастанында, «Ақылды ұлы,
білімді білікті, қонса екеуі, ұлы етер
жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде сол білікті
болады», «Білімсіздер бар кеселдікөреді, емдемесе тектен-текке
өледі», «Ақыл шырақ қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын»,
«Ақылдыға қадір құрмет лайықта, Ақымақ жан
керең, сезбес айыпты!», «Білім байлық, азаймас һәм жоғалмас,
қарақшы, ұрыға да тоналмас!» деген нақыл сөздері арқылы ақыл мен
білімді әр түрлі формада, әр түрлі сарында бейнелейді. Білім-білік
туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл-кеңес береді: «Білік
біліп төрден орын аларсың, Білік
білсең, күшті, берік адамсың», «Білік
түпсіз, шексіз-шексіз бір
теңіз, қанша өмір, сарқылмайды білсеңіз!»
[2].
Жүсіп Баласағұнидің осындай
дидактикалық өсиет, ғибрат, ақыл-кеңеске құрылған дастаны 6500
бәйттен тұрады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар
тұрғысынан тұрғысынан алып қарасақ, «Құтты білік» дастанының
бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып
табылады:
«Құтты
білік» халықтың құты, ырысы болған
ілім;
әрбір адамға бақыт сыйлайтын,
құт әкелетін білім;
ғасырлар бойында көзі ашық,
көкірегі ояу кемел ұрпақтың бойына адамдық, азаматтық қасиеттерін,
адалдық дәстүрлерін сіңіріп, жан-дүниесіне рухани күш дарытатын
тәрбие тұжырымдамасы [3].
«Құтадғу білік» бір жағынан,
ақылнама өсиет сөз. Өмірдің өз табиғатынан, тұрмыс толғамдарынан
туған даналық. Сол ақыл сөз, тағылымды толғаныстар уақыт өте келе
түрленіп, құбылып мақал мәтелдерге, нақыл, қанатты тіркестерге
айналған. Сонымен қатар бұл дастанда
тәрбиенің практикалық мәнділігіне сәйкес мақсаты да көрсетілген.
Адамды өмірде үш рөлге азамат, қоғам иесі, отбасы
иесі ретінде тәрбиелеуге ерекше орын берілген. Азамат ретінда
адамға тән сапалар: кісілік, тектілік, парасаттылық, жолдастық,
жостық, рухтылық, мәрттілік, серілік, антқа беріктік, аманатқа
адалдық сияқты қасиеттерді ұлағат етеді. Дастанның мазмұны
азаматтың кісілік қадір-қасиетін, мән- мағынасын, қыр- сырын терең
сипаттауға бағытталған. Мәселен:
«Ұрпағыңның ұрпағына үлгі ет
те
Кісілікті кісілікпен
құрметте!
Тірі кісі кісілігін
асырсын;
Кісілікпен,ей, мәрт ерім, ұлы
бол;
Кісілікке түсер содан ұлы
жол;
Адамшылық жаса адамға, адам
бол;
Адам атын мақтаныш қып адал
бол!
Сонымен қатар, дастанда
адамның Отаны, туған жері, атамекені алдындағы перзенттік парызы
дәріптеледі. Елдің бірлігін, мемлекеттің мызғымастығын, халықтың
байлығын сақтап қалу үшін ғұлама жастарды еңбекқор болуға,
отансүйгіштікке шақырады, ерлік, батырлық, намыскерлік,
жауапкершілік сапаларын жоғары қояды.
Ж. Баласағұнидің
ілімі ізгілік педагогикасының қайнар
көзі, дастанда ізгіліктің сипаты, пайдасы толық ашылып көрсетіледі.
Ғұлама адам бойындағы ізгілік жақсы адамға тән екендігін айта
отырып, жақсы адам мен жаман адамның өмірдегі мәніне салыстырмалы
талдау жасайды. Жақсы адамның ешқашан аты өшпейтіндігін, жаман
адамның ешқашан аты аталмайтынын ескере отырып, ізгі іс қай адамды
болмасын жақсылыққа апаратын жол, құрметке бөлейтін қасиет
екендігін меңзейді:
Ізгілік пен жақсы
қылық амалы,
Мұнымен ер екі дүниені
алады.
Сен ізгілік етер болсаң; одан
да,
Кел ізгілік қыл, сөзіңді доғар
да.
Адам бойындағы ізгілік оның
ізгі ниетінен, ізгі сөзінен және ізгі қылығынан көрінетінін ғұлама
өте көрегендікпен тұжырымдаған. Ізгі ниет
адамды ізгілікке,
адамгершілікке итермелейтін ішкі күш, сондықтан оны адам бойында
қалыптастырудың маңызы зор:
Жақсы болса ердің
ниет-құлығы,
Іс-тілегі түгел болар
ғұмыры.
Ниеті оң
тек жақсылық
табады,
Ниеттен-ақ жанға сауап
алады.
Ізгі қылық, ізгі ниет пен ізгі
сөздің іс жүзіндегі көрінісі, ол адамның мінез-құлқынан көрінеді.
Ізгі қылық арқылы адам өзінің жақсылығын айналасындағы адамдарға
күн нұрының шуағандай тарата алады, ай сәулесіндей көрсете біледі,
жарқырап тұрған жұлдыздай таныта алады
[4].
Ізгілікті
адами қасиеттерді тәрбиелеуде
Ж. Баласағұнидің ойынша, адамгершілік сана мен мінез-құлықты
қалыптастыруда басты рөл атқарады, соның негізінде ішкі және сыртқы
дүниесі бір-біріне сай, рухани және дене әсемдігі өзара үйлескен
жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге
болады.
Дана ойшыл Жүсіп Баласағұнидің
«Құтты білік» дастанында адам болмысының мәні және адамның әдебін
ашатын ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның
тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін
ар мен ұят. Адам бойындағы ар
-ұят сезімі оның ибалылығын, қайырымдылығын, әділетті ұстанымын,
парасат-пайым қанағатшыл құлқын
асқақтатады.
Бек
кісіге керек ұят, ақыл,
ар,
Зұламат күш жоқ,
ақыл
арды
жапырар.
Ұяты бар адамдар пәк, момын
да,
Ұятты іске тигізбейді қолын
да.
Кімге тәңір берсе ұят,
намысты,
Оған қоса бергені құт,
даңқты!
Ар-ұят
бұл адамның көркем
мінезділігінің, тәрбиелігінің белгісі. Ар-ұят дегеніміз адам
бойындағы кісілік пен кішіліктің, арлылық пен сыпайылықтың негізі.
Сондай-ақ Баласағұни өз шығармасында білім мен ғылымның мәніне де
зор көңіл аударады.
Білік
түпсіз, шексіз-шексіз дір
теңіз,
Қанша сімір сарқылмайды,
білсеңіз!
Біліммен ер басын алып
жүреді,
Ал, білімсіз басын оққа
тігеді.
Білім алып, биіктей бер адам
бол,
Ел ішінде мал атанған надан
мол [5].
Жүсіп Баласағұнидің айтуынша,
ізгілікті қоғамдағы барлық адам өздерінің қоғамдағы алатын орнына
қарамастан өз бақытан табуға мүмкіншілік беретін осы жол. Кім
қайырымды болып, жамандық атаулыдан безсе, соны бақытты адам деуге
әбден болады. Нағыз бақытты адамдардың ынтымақ-бірлігі халыққа
риясыз еңбек етуінде.
Қорыта келгенде,
«Ізгілік» әр кісіні де ізгілік жасауға
үгіттеу. «Құтты білік» дастаны адами өмір
ізгілік жасау екенін ұқтырады.
«Адамдардың жақсы қылықтары мен қасиеттерін жетілдіре білсе,
қоғамды да жақсартуға болады», - дейді Ж.
Баласағұни.
Артына өшпес мұра қалдырған
Жүсіп Баласағұнидің бұл еңбегі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі
жоқ қазына.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңы. – Астана,
2007
2. Педагогика, әлеуметтік
педагогика, өзін –өзі тану тарихы: оқу құралы/Баширова Ж.Р.,
Бекмағамбетова Р.К., Әлқожаева Н.С. – Алматы: Қазақ университеті,
2012.-248 б.
3. Қажығалиева Ж.Б., омарова
Г.А. Адамзат тарихындағы шынайы көшбасшылар «көшбасшының рухани
–адамгершілік аспектілері». – Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО,2013.-96
б.
4. Әбдікәрімұлы Б., сарбасова
Қ.А. /Ж. Баласағұни педагогикасы: оқу құралы, - Қарағанды: ҚарМУ
баспасы,
5. Құтты білік // Көне түрк
тілінен аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубай. –
Алматы : «Өлке», 2006. – 640 б.