Материалдар / Жүсіпбек Аймауытов 135 жыл әдеби кеш, интеллектуалды ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүсіпбек Аймауытов 135 жыл әдеби кеш, интеллектуалды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүсіпбек Аймауытов 135 жыл әдеби кеш, интеллектуалды ойын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2024
6071
61 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов 135 жыл
Мақсаты: - Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру. Жазушының әдеби мұрасын негізгі ерекшеліктерін ұғындыру. Оқушылардың қазақ зиялыларының өмірі мен шығармаларымен жете танысып, ізденімпаз, шығармашыл болуға, сөз өнерін қадір - қасиетімен танысуға білімдерін жетілдіру. Оқушыларды көркем әдебиетті оқуға, адамгершілік - рухани дүние танымын байыта білуге баулу.
Сабақтың түрі: Әдеби кеш, интеллектуалды ойын.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар, оқушылыр! Жастар апталығы аясында өтіп жатқан Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қош келдіңіздер!
Мұғалім: Жүсіпбек Аймауытов –XX ғасырдың басында жіктелген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол қоғамның аласапыран шындығын әдебиет әлемінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгердің бірі еді.

Психологиялық ахуал. «Көгершін» әдісі арқылы Жүсіпбек Аймауытовтың қанатты сөздерін бүгінгі күннің мотивациясы ретінде таңдап алып оқиды.

Топқа бөлу. Оқушылар «Ғажайып сандық» бойынша шариктерді таңдап 2 топқа бөлінеді.

1-топ. «Жүсіпбек-ақын»,

2-топ. «Жүсіпбек-жазушы»

Презентация көрсетіледі:

1-слайд. Жүсіпбек – жазушы, ақын, сыншы, драматург, аудармашы, публицист. Павлодар облысының, Баянауыл ауданының тумасы.

2-слайд. 1907ж Баянауылда, 1911ж Керекуде екі классты орыс - қазақ мектебінде, 1914 - 1919ж Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семинарияда оқып жүргенде Қ. Сатбаев - пен, М. Әуезовпен танысып бірге оқиды.

3-слайд. Семинарияда оқыған жылдары «Абай»атты журнал шығарып, «Сарыарқа» газетімен қызметтес болды. Семинарияны бітірген соң (1919 - 1920ж) Семей губерниялық Атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, «Кедей таңы» атты газетінің редакторы болып жұмыс істейді.

4-слайд.1921ж. «Қазақ тілі»газетінің редакторы, 1922ж. Мұғалімдік ьқызметке ауысқан. Пьесалары туралы түсінік Жүсіпбектің сан саналы шығармашылық мұрасының салмақты жағының бірі - оның драматургиясы. Ол қазақ әдебиетінде төңкеріс қарсаңында ғана туа бастаған осы жанрдың да негізін салушылардың қатарында аталады. Сонымен қатар Жүсіпбек - қазақтың ұлттық театр өнерінің де бастауында тұрған адам.
Мұғалім: Сахналық көрініс. 6-сынып оқушысы Мағзам Сабина «Ақбілек» роман желісі бойынша монолог оқиды. Қарсы алыңыздар.

Мынау – өзен. Өзен бойындағы ел қайда? Күздігүні бұл өзенде ел отырмаушы ма еді? Жерде жол жатыр ғой. Ойбай-ау, жақын маңдағы ел босып кеткен екен ғой. Маңайды жын ойнағандай қылды ғой. Мал-жаныңда билік қалды ма? Талай қыз мен сияқты соры қайнады ғой!

Бірақ дәл мендей болған жоқ шығар. Қоста әкелген әйел көрмедім. Әлде өлтіріп тастап жүрді ме? Орыс шіркін әйелді аямайды екен ау. Құрғыр атын атамайыншы тағы келіп қалар. Олар... не болды екен? Бірденеге ұшырады ма екен? Олар кіммен соғысып жүр. Әлде төңіректегі қазақтармен... Ой, қазақ бұлармен не қып соғысасың, не қауқары бар? Әлде қазақ біткенді қырып тастап малдарын, қыз келіншектерін тартып алғай жүр ме? Мына бәлелер бірденеге кетті. Бес алтауы барса да мылтықтарымен бір тайпа ел жұртты қырар. Өздері қорыққан кісіден алды артына қарамады ғой. Әлде күшті жау келіп қалды ма. Олардың жауы кім? Ойбай, ақтар қызылдар деп отырушы еді ғой.сонысы маа екен. Қызыл да орыс па екен. Олар қыз алып қаша ма? Орыс болсаң қара мұрттай ақ бол. Бірақ ол да мені өлтіріп кетем деді ғой. Жасаған

Мұғалім: Ендеше ойынымызды бастаймыз.

Ойынның шарты: топтар кезектесіп ұяшықттар таңдайды, жауап бере алмаса келесі топқа мүмкіндік беріледі.

Сұрақтары:

  1. Жүсіпбек Аймауытов кім? қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист

  2. Туып өскен жері? Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

  3. Әкесі кім? Аймауыт

  4. Ж. Аймауытов өмір сүрген жылдар? (1889—1931)

  5. Пьесалары? «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар»

  6. Жүсіпбекті бүркеншік аты? Екеу

  7. 1918-19 ж. Семей қаласында кіммен бірлесіп «Абай» журналын шығарды? М. Әуезовпен

  8. Абай туралы қандай мақалалар жазды? «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3)

  9. Абай туралы мақалаларында Абайды кіммен салыстырды? Пушкин

  10. Арғы аталары кім? Дәндебай мен Қуан

  11. Білім алу жолы? 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде

  12. Жазушы қай тілде хат таныған? арабша

Әдеби кеш соңында оқушылар марапаттау қағаздарымен марапатталады.

Мұғалім: Жүсіпбектің әдеби мұрасы қазақ әдебиетінің тарихи қорынан ерекше орын алатыны сөзсіз. Жүсіпбек есімін мектепке және театрға берудің өзі жазушы шығармашылығыны қазақ үшін өте маңызды екенін білдіреді екенін дәлелдейді. Ендеше бұл мұраны ары қарай жалғастыру сіздерге міндет. Аймауытовша айқанда: «Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз». Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі" КММ










Тақырыбы:

Жүсіпбек Аймауытов 135 жыл



Сабақтың түрі: Әдеби кеш, интеллектуалды ойын.







Сынып: 8-9 «А»

Мұғалім: Сұраған А.







2024 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!