Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жүзу спортының физиологиялық ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
«Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасы
Тақырыбы: Жүзу спортының физиологиялық ерекшеліктері
Орындаған: «Дене шынықтыру және спорт»
білім беру бағдарламасының 3 курс студенті
Муханбетжан А.М
Тексерген: PhD қауымдастырылған профессоры
Мендигалиева А.С
Орал 2023
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Жүзудің даму тарихы
3. Жүзу спортының Қазақстандағы дамуы
4. Жүзу спортының Батыс Қазақстандағы дамуы
5. Жүзу спортының физиологиялық әсері
6. Бұл спортқа қалай келдім?
7. Қорытынды
8.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кіріспе
Суда жүзу-дене шынықтыру мен спорттың әйгілі түрлерінің бірі. Жылдан жылға әртүрлі жастағы адамдар арасында оның өрісі кеңейе түсуде. Суға жүзудің сауықтыру, қолданбалы қорғану маңыздары бар. Ол жүрек-тамыр және демалу жүйелеріне игілікті әсер етеді, бұлшық еттерді дамытып, ағзаны суық тиюге қарсы әрекетін күшейтеді. Адам өмірінде сан қилы жағдайлар болып тұрады, кейде суға жүзе білу өте қажет болады. Суда жүзе білмейтіндерді су бақытсыздыққа ұшыратады. Ал суда жүзе білетін адам тереңдікте, таныс емес жерлерде денесі қорқыныш білмейді. Ондай адам су ішінде өз өмірі үшін қорықпайды.
Жүзу дегеніміз-судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдіңте қолмен жәйне аяқпен есу қимылдары арқылы адамныңі ілгері жылжуы.Осыған сәйкес бір біріне ұқсас екі тәсіл болады-ол жүзу тәсілі және сүңгу тәсілі. Бірақ олардың бір бірінен айқын айырмашылығы да бар.
Алға қойылған мақсатқа қарай,жүзуді негізінен мындай 3 түрге бөледі:жалпы жұртшылықтың жүзе білуі,спорттық жүзу және қолданбалы жүзу.
Жүзуді үйрету- дене тәрбиеснсің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында,мектептерде,орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі.[1]
2.Жүзудің даму тарихы
1-сурет. 1908 жылы Лондон қаласында ұйымдастырылған жазғы Олимпиада ойындары
Спорттық жүзу ең алғаш 15-16 ғасырларда пайда болды. Венецияда жүзуден ең алғашқы жарыстар 1515 жылы өтті. Ал, 1538 жылы Данияда жүзуге арналған ең алғашқы баспа жарық көрді. 1896 жылы Афинада жүзуден алғашқы Олимпиадалық ойындары өткізілді, бұл ойындарда жүзудің еркін жүзу бойынша бағдарламасы енгізілді, сол кезеңдерден бастап, жүзу олимпиаданың бағдарламасына әрдайым қосылып отырды.
Алғаш рет жарыстар ерлер арасында өткен, әйелдер арасындағы алғашқы жарыстар 1912 жылы Стокгольмде бастау алды. 1908 жылы жүзудің Халықаралық федерациясы (ФИНА) жарыс өткізуге арналған негізгі дисциплиналарды және жүзу тәртіптерін өңдеп шығарды. [2]
Спорттық жүзудің 4 түрі бар:
Құлаштап жүзу (кроль) – жүзудің ең жылдам түрі, аяқ пен қол арқылы кезек-кезек ауыстыра және симметриялы қозғалу арқылы жүзу. Әр сермеген сайын қолмен есу арқылы, аяқтары алма-кезек ауысып жоғары көтеріліп, төмен түсіп отырады.
Арқада құлаштап жүзу (кроль на спине) – жай құлаштап жүзуге өте ұқсайтын жүзу стилі. Спортшы аяқ-қолды кезек ауыстыра сермей отырып, аяқтары алма-кезек жоғары көтеріліп, төмен түсіп отырады, тек арқада жүзеді және су астында қолымен тіке малтиды.
Брасс – кеудемен жүзу арқылы, аяқ-қолдары симметриялы қозғалып, су бетінде паралель жүзудің түрі. Жылдамдық көрсеткіші бойынша брасспен жүзу спорттық жүзудің түрлерінен ең соңғы орынды алады, дегенмен де брасс қолданбалы жүзуде ерекше орын алады, себебі спортшыға дыбыс шығармастан жүзуге, су астындағы кеңістікті жақсылып қарауға мүмкіндік береді және орасан зор арақашықтыққа дейін жүзуге мүмкіндік береді.Брасс техникасы сондай-ақ су асты жүзу кезінде де қолданылады.
Баттерфляй – жүзудегі техника жағынан ең қиын және шаршататын стильдің бір түрі. Баттерфляй арқылы жүзу кезінде екі қолды ілгері қарай бірден сермеп, кеудемен малту әдісі орындалады. Жылдамдық жағынан құлаштап жүзуден кейін екінші орында.
Жүзуде тағы ерін жүзу әдісі бар. Бұндай жүзуде спортшы кез келген әдістің түрімен жүзуге құқылы. Қазіргі кезде спортшылардың барлығы құлаштап жүзу әдісін қолдаданды, себебі бұл әдіс ең жылдам болып саналады.
Жүзуге арналған бассейн - спорттың суда жүзу түрлеріне арналған тіктөртбұрышты ванна. ФИНА ережелеріне сәйкес бассейіннің ұзындығы 50 метр және ені 25 метрге сәйкес келуі керек. Бассейн 8 жолаққа бөлінуі шарт. Судың температурасы 25-29 градусқа сәйкес болуы қажет. [3]
3.Жүзудің Қазақстандағы дамуы
Қазақстанда жүзу спортының дамуы Алматыда Дене тәрбиесі институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы) ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның түлектері 1946 жылы Бүкілодақтық жоғары оқу орындары арасындағы жарысқа қатысты. 1947 жылы алғаш рет жүзуден республикалық біріншілік ұйымдастырылып (Тастақ тоғанында), оған Алматы, Атырау, Орал қалалары жүзгіштері қатысты. Сол жылы Қазақстан тұңғыш рет КСРО біріншілігінде бәсекеге түсті. 1948 жылы Алматыдағы Мәдениет және демалыс саябағында студенттердің күшімен 27 метрлік ашық бассейн жасалды, онда екінші республикалық біріншілік өтті. Ю.Кабин, В.Минаев, Б.Елқондиевтер бірнеше рет Қазақстанның чемпионы атанды. Құрамына қазақстандық Г.Николаев енген КСРО жүзгіштері 16-Олимпия ойындарында (Мельбурн, 1956) 4x200 метрлік эстафетада Кеңес Одағына алғашқы қола медальді әкелді. 1957 жылы Қарағандыда тұңғыш жабық бассейн іске қосылды. Тәуелсіз Қазақстан дербес қатысқан Барселонада өткен 25-Олимпия ойындарына (1992) 7 жүзгіш, ал Сиднейде өткен 27-Олимпияға (2000) 8 жүзгіш қосты. Олардың бәрі дерлік Азия құрлығының үздіктері аталды. Жүзу адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері жағынан басқа спортқа қарағанда ерекше орын алады. Жүзумен тұрақты шұғылданған адамның бұлшық еті үйлесімді жетіледі, жүйке тамыры нығаяды, денедегі зат алмасу, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қызметі жақсарады. [4]
2-сурет. Дмитрий Баландин
Қазақстанға жүзуден тұңғыш алтын медальға қол жеткізген қазақ спортшысы
Дмитрий Игоревич Баландин (1995 жылдың 4 сәуірінде Алматы қ. туған) — қазақстандық жүзуші, 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы.
2016 жылдың 5 — 21 тамыз күндері аралығанда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында 200 метр браспен, Қазақстанға жүзуден тұңғыш алтын медальға қол жеткізген қазақ спортшысы.
3-сурет. Нұрдәулет Жұмағали
жазғы паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
Нұрдәулет Жұмағали Максутұлы (1999 жылдың 28 – қантарында,Тараз қ. туған). Нұрдаулет 2021 жылдың 24 шілде - 5 қырқүйек күндері аралығында Токиода өтікен жазғы паралимпиада ойындарында қазақстандық 22 жастағы Нұрдәулет Жұмағали 100 метрге брасс әдісімен 1:05.20 есебімен (SB13 категориясы, көзі дұрыс көрмейтін спортшыларға берілетін классификация) жүзуде қола медаль алды.
4. Жүзу спортының Батыс Қазақстандағы дамуы
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №3 Облыстық балалар – жасөспірімдер спорт мектебі МКҚК-ы. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Жеңіс шағын ауданы 5 мекенжайы бойынша орнадласқан.
Жүзу бассейіннің негізінде №3 Облыстық балалар – жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Спорттық жүзу үшін 6 жолдық 25-метрлік бассейн. Бассейнінің максималды сыйымдылығы сағатына 60 адамға дейін жүзеге асырылуы мүмкіндігі бар. Бассейн барлық белгіленген стандарттарға сәйкес келеді, электронды табло, мінбе, 300 кісіге арналған орындық. Ұзындығы 25х16 метр, сондай-ақ, секіруге арналған 3-ші-метрлік мұнара. Құрғақ жаттығу өткізу үшін бассейн аумағында баскетбол, волейбол және футбол алаңдары бар. Сонымен қатар арнайы жаттығу залы бар. Зал барлық құрал-саймандармен жабдықталған.[5]
4-сурет
ОБЖСМ Жайық Самалы бассейні.
5-сурет
ОБЖСМ Жайық Самалы бассейні жүзу жолағы.
"Жайық Самалы" 2003 жылы Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.В. компаниясының қаражаты есебінен салынды.
"Жайық Самалы" бассейнінің ғимараты екі қабатты. Бірінші қабатта бассейн, киім ауыстыратын бөлмелер, сауна, санитарлық-гигиеналық бөлмелер, жәнеде медициналық кабинет бар. Жұмыскерлерге қызмет көрсету бөлмелері. Екінші қабатта көрермендерге арналған трибуналар, кафе және әкімшілік кабинеттер.
Құрылыс алаңы - 2,348 ш. м.
Ғимараттың жалпы ауданы - 3,583 ш. м.
Бассейндегі жолдар саны-6
Жолдың ұзындығы-25 м
Суға секіруге арналған мұнараның биіктігі-3 м
Трибуналардың сыйымдылығы - 296 орын
6-сурет. БҚО жаттықтырушылары
Батыс Қазақстан бойынша биік жетістіктерге жеткен спортшылар өте көп, атап өтетін болсам, Джулдаспаев Жангир Нурболатулы (2003 жылдың 30 маусымында Орал қ. туған) Жаттықтырушысы Молдашев Ерлан Ермекұлы.
50м брасс әдісімен 30.70 есебімен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Жастар арасындағы Қазакстан Республикасы чемпионатынын женімпазы.
7-сурет. Джулдаспаев Жангир 8-сурет. Андросов Даниил
ОБЖСМ Жайық Самалы спортшылары
Андросов Даниил Кириллович - (2003 жылы 16 желтоқсанында Орал қ. туған) Жаттықтырушысы Молдашев Ерлан Ермекұлы. Ашық суда жузуден Қазақстан Республикасы чемпионатынын женімпазы. Қазақстан Республикасы жазғы Спартакиадасының женімпазы. Ересектер арасында Әлем чемпионатына катысушы. Андросов Даниил 1800 метрде еркін жузуден 3 ші орынға ал 10 км еркін жузуден 1 ші орынға ие болды. Осы жетістігінің нәтижесінде спортшымыз қазан айында Қытай мемлекетінде өтетін XIX жазғы Азия ойындары 2023 жылдын 23 қыркуйек - 8 қазан кундері аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай Халық Республикасы) етеді. Батыс Қазақстандық спортшы Даниил Кириловичте аталған жарыста еліміздің намысын корғайды.
5. Жүзу спортының физиологиялық әсері
Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Соның ішінде суда жүзу спортының орны ерекше. Бұл суда жүзудің пайдасы жайында Миннесота Университетінің ғалымдары зерттеу жүргізген. Олардың айтуынша, жас кезінде суда жүзіп үйренген адамның миы кеш "қартаяды" екен. Сондай-ақ, олар бойды сергітіп, жағымсыз әсерлерден арылудың бірден бір жолы – осы екенін баса айтқан.
1. Суда жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық етіңіз жұмыс жасайды. Суда біресе аяқпен, біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің жүзуіңіз үшін қызмет етуі тиіс. Әр бұлшық ет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшық еті өз формасына қарай қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі.
2. Суда жүзу омыртқа ауруларының алдын алады. Қозғалыс дене мүшелерінің қызметін арттырып, омыртқа сүйектерінің жанындағы кішкентай бұлшық еттерді «тынықтырады». Омыртқа бағанасына түскен ауырлықты тежейді. Сонымен қатар, остеохондроз ауруының алдын алып, дене бітіміңізді қалыпқа келтіреді.
3. Жүрек қан тамырларының жүйесі де сізге «алғыс» білдіреді. Себебі, жүзу жүрек соғысына игі әсер етіп, қан айналымын жүйеге келтіреді.
4. Суда жүзуде жақсы нәтиже көрсету үшін дұрыс тыныс алуды үйрену керек. Бұл спорт түрімен машықтанған адамның тыныс алу мүшесі де жақсы қызмет атқаратын болады. Әсіресе, көкірек қуысы кеңейіп, тынысы ашылады.
5. Дене температурасы қалыпты жағдайдан шықпай, иммунитетіңіз суық тиюге, тұмауға қарсы тұра алады.
6. Сонымен қатар, артық салмақтан арылуға көмектесетіні де бар. Көп қозғалыс пен энергияның жұмсалуының әсерінен ағзадағы калория мөлшері азая түседі. Оған қоса, жүзу кезінде омыртқаға травмотологиялық қауіп төнбейтінін ескеру керек.
7. Және де жүзу спорты жүйкені жұқартып, ойды мың бөлген күйзелістен арылтуға сеп болады. Суық су адам денесіндегі жағымсыз эмоция мен негативті көңіл-күйді шайып әкетеді. Бойыңызға қуат беріп, сергітеді. [6]
6. Бұл спортқа қалай келдім?
Бұл спортқа ең алғаш бірінші сыныпта анамның қолдауымен келген болатынмын, алайда бастапқыда жүзу спорты маған ұнамайтын. Кейін менің алғашқы жаттықтырушым Молдашев Ерлан Ермекұлы мені түрлі жарыстарға апарып қызығушылығымды арттырды. Түрлі қалалық жарыстарға барып жүзуге деген көз қарасым өзгерді. Жаңа орта, көптеген достарым пайда болды. Жүзу спорты мені көптеген жетістіктерге жеткізді, соның бірі 2017-ші оқу жылы Алматы қаласындағы Шанырақ олимпиадалық резерв колледж - мектеп интернатына оқуға түстім. Осы мектеп қабырғасында оқып жүргенімде бірнеше рет жарыстарда жүлделі орындарға ие болдым, “ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл” толуына арналған жарыста 2 орын, Атырау қаласында “Конституция күніне арналған және жүзуден еңбек сіңірген жаттықтырушы В.В Тороповты еске алу” мақсатында қалалық ашық біріншілікте 2 орын, “ҚР Ашық Чемпионатына іріктеу” мақсатында жүзуден өткен қалалық жарыста 2 орын, “ҚР елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына” орай ұйымдастырылған жарыста үш дүркін 1ші орын, “Қазақстан Республикасының спорт күніне” орай ұйымдастырылған жарыста 2ші орын, “Infinity спорттық кешенінің ашылуында” 1ші орын, т.с.с жүлделі орындар алдым.
9-сурет. Муханбетжан Альбина
Сонымен қатар БҚО Орал қаласы ОБЖСМ Жайық Самалы бассейніне қатысып жүрген кезімде де көптеген орындар алып, жетістіктерге жеттім.
7. Қорытынды
Қазақстанда қай спорт түрін алып қарасаңыз кез келген спорт түрі кеңінен таралып, жоғары дәрежеде дамып келуде. Жүзу спорты бойынша да қазақ жастары әлем бойынша бірнеше дүркін жеңімпаз атанып, Қазақстанның атын шығарып келеді. Артымыздар ерген жасөспірім балаларға жүзу спортын жақсы қырынан танытып, денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін түсіндіріп, осы спорт түрін ұсынар едім. Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Соның ішінде суда жүзу спортының орны ерекше. Сондай-ақ жүзу арқылы бойды сергітіп, жағымсыз әсерлерден арылудың бірден бір жолы. Жүзумен тұрақты шұғылданған адамның бұлшық еті үйлесімді жетіледі, жүйке тамыры нығаяды, денедегі зат алмасу, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қызметі жақсарады. Суға жүзудің сауықтыру, қолданбалы қорғану маңыздары бар. Жүзу дегеніміз-судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдіңте қолмен жәйне аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір біріне ұқсас екі тәсіл болады-ол жүзу тәсілі және сүңгу тәсілі. Бірақ олардың бір бірінен айқын айырмашылығы да бар. Бұл спорт Қазақстанда одан әрі дамып, алдағы уақытта жасөспірімдер әлем чемпианаттарында жүлделі орын алып елімізді көркейте беретініне, Қазақстанның даңқын шығаратынына мен сенемін!
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақ энциклопедиясы
-
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D2%AF%D0%B7%D1%83 Валеология, дене тәрбиесі, 2003.
-
Дене медениеті - окушыларды окыту мен тербиелеу жүйесінде. 2009.
-
Дене тербие жуйесінін мазмұны мен негіздері тағылымы. Алматы, 2005.
-
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мақаласынан
-
Спорттык қызметтің мәні мен ерекшелігі.