Материалдар / «Жыл басы – Наурыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жыл басы – Наурыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағұлмат беру.Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2018
412
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


КМҚК «Шапағат» ясли бақшасы










«Жыл басы - Наурыз»





Өткізген: №4 «Ақбота» 1-ші кіші сәбилер тобы

Топ тәрбиешілері: Тукпанова.М. Молдағалиева .С.















2018 оқу жылы






«Бекітемін» 19.03.2018ж


«Шапағат» ясли  бақшасының әдіскері______Жанабилова.А.М


Тақырыбы: «Жыл басы – Наурыз»

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағұлмат беру.Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: газеттер, суреттер,нақыл сөздер, киіз үй керегесі, шаңырақ,ұлттық бұйымдар.


Сценарий барысы:

І Кіріспе

Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.

Ұлағатты сөздер: «Наурыз құтты болсын!» «Жыл басы - наурыз!» «Наурыз құт әкелсін!» «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»

Залда әсем әуен ойнап тұрады.

Тәрбиеші:

Армысыздар құрметті қонақтар. Келіп жеткен Ұлыс күні құтты болсын!

Ұлыс күні кәрі – жас, Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып көріскен.

Аталар бата беріскен, « Сақтай гөр» деп терістен.

« Кел, таза бақ, кел» десіп, Кел тілек бер десіп ....
Келе жатыр жылымыз,Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды.Қарсы алайық Наурызды!

(Наурыз көктем ән орындалады .Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)

Наурыз қыз:

Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы-жыр аңыз.

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз.

Тәрбиеші;

Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Сәлем бердік, біз сізге!

Барша халық тамсанып.

(Наурыз қыз бен әжесі көпшіліпен амандасын көрісіп киіз үйге жайғасады)

ІІ. Негізгі бөлім:

Құрметті қонақтар, сіздерге арналған «Шапағат» бақшасының «Ақбота» тобы бүлдіршіндерінің қазақтың сал дәстүр желісімен дайындаған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

Наурыз тойы - елдің тойы,

Көктем тойы – төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы,

Жақсы көрем Наурыз тойын!
Ашық болсын қас – қабақ,

Бүгін төрде бас қонақ.

Ақ жаулықты әжеміз жыл дастарханына бата береді.

Бата: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын !

Қайда барса жол болсын,

Ұлыс береке берсін.

Пәле - жала жерге енсін ! 

Әумин.Әумин.
Тәрбиеші:

Ал енді балалар және қонақтар! Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың шешуін баршамыз бірігіп тауып көрелік.

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

(дастархан)

-  Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың   ұлттық тағамдары қойылады?()

Қазақтың ұлттық тағамдары,

Жасымнан жақын маған бәрі.

Теңермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы.

Әжелеріміздің орындауында

«Қазақы дастарханым»  атты әнін ұсынамыз.


Тақпақ айтып, жыл басы,

Құлағынды сал, тыңдашы.

Бар бөбекке өзіңдей

Бейбіт өмір сыйлашы.

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз

Ендігі кезекте ортамызға балалармыздың наурыз мерекесіне арнап әкелген тақпақтарына кезек берелік;

Раяна;

Жылдың басы наурыз,

Жердің басы наурыз,

Мерекеге арналсын .

Бүгінгі жыр әніміз.

Ясина;

Уа,ағайын халайық,

Мунда назар салайық.

Мерекесі халықтың.

Наурыз тойын бастайық.



Абылайхан;

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғатта тамаша.

Айзере;

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық бақат тілеймін.

Барша қазақ еліне.

Айтуған;

Наурыз тойы салтанат

Наурыз тойы мархабат,

Әр жүректен ән тарап.

Шаттанады шар тарап.

Мунира;

Наурызым,наурызым,

Гүл жайнаған жер жүзін.

Илияс;

Наурыз шаттық әніміз,

Наурыз біздің сәніміз.

Айзере;

Жыл басы Наурыз.

Ақ нұрға әлем боянды.

Тіршілік жаңа оянды.

Жүргізуші;

Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы -  салтымыз,

«Көгерсін» — деп халқымыз,

Ендігі кезекте Наурызбек атты кішене баламыздың ата бабамыздың салт дәстұр бойынша бесікке салу рәсімін жасауға рұхсат етіңіздер ортаға ақ жаулықты әжеміздідің көмегімен бесікке салу рәсімін жасайық.(шилдехана бесік той әни орындалады,ортаға бесікке салшу рәсімі орындалады,тыштырмаға салады,атын атап ат қояды,бесікке салып бесік жырын айтады әжелер)

Әжемизден бата сұраймыз

Бата;

Аламан болып ер жетсін,

Ақсақал болып төрлетсін!

Қас батырдай көрікті,

Ғұмыры болсын берікті!

Азамат болсын аруақты,

Мінезі болсын салмақты

Өнері болсын жан-жақты,

Осы айтқанның бәрі қабыл болып,

Аллаһ Тағала берсін зор бақты!

Әмин.

Жүргізуші;

Келесі кезекте тобымыздың ұлдарын ортаға шақырып наурыз тойымызға дайындаған ұлттық ойынымыз арқан тарту ойынын тамашалайық.

(Ер балалар екі топқа бөлініп арқан тарту ойынын орындайды)

Ой жарайсықдар балалар орындарна жайғасады.

Ендігі кезекті мың бұрала билеген биші қыздарымыздың орындауында қазақ бине кезек береміз.

Қыздар; «Қазақ биі»


Тұсаукесер тойына арналған тілек,
Тұсау кесер
Басып жатыр бір қадам, екі қадам,
Шоқты қара көзінен шашыраған.
Қуанышпен кеудеден жасыра алмай,
Төр іздейді тіршілік - сахнадан.
Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет.
Қаз-қаз тұрып,
Қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.

Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде еркін,
Жігіт болсын желі ескен айдарынан.

Құрметті қонақтар алдарыңызда үлкен қаряларымыздың а тілегімен,ақ батасымен тұсау кесер рәсімінне кезек берелік.


Тұсау кесер ән орындалады.

Тусау кесер бата

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Тақымыңды жаз, балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз, балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

ІІІ. Қорытынды:

Тәрбиеші: Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.олай болса, балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.





Қызыр ата бата береді:

Ал бата берейін қолыңды жай қарағым,

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерін көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарын көп болсын!

Әумин!  (бетін сипап бата береді)


Тәрбиеші:

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош ,сау болыңыздар, халайық!

Көріскенші күн жарық болсын!


Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.

Көжеден дәм татыңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!