Материалдар / жылдамдық және орташа жылдамдық қмж
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жылдамдық және орташа жылдамдық қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
7- сынып жылдамдық және орташа жылдамдық қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
880
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1В Механикалық қозғалыс


Мектеп: ʻʻ Горное негізгі мектебі ʼʼ КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекболат Дидар

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.4 қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жылдамдық, орташа жылдамдық шамаларының физикалық мағынасын біледі, түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Жылдамдықты өмірмен байланыстыра алады.

Кейбір оқушылар: Жылдамдықтың бірліктерін ХБЖ-ін меңгере отырып, есептер шығаруда қолдана алады

Бағалау

критерийлері


*Жылдамдық туралы ұғымды біледі

*Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады.

*Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептейді.

*Жылдамдық формуласын түрлендіре алады.


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

жылдамдық, орташа жылдамдық, спидометр, жарық жылдамдығы


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Денелердің жылдамдығын ажыратуды үйренеді.

Жылдамдық, орташа жылдамдықты есептеу/анықтау формулалары айтылды.

Жылдамдық формуласын жазу тапсырылды.


Құндылықтарды

дарыту


Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру арқылы адам өзінің өмірінде түрлі жылдамдықпен іс-әрекет жасайды: жылдам немесе жәй қозғалады, техникаларды түрлі жылдамдықпен әрекетке келтіреді, жылжытады және т.б.


Пәнаралық

байланыстар

Дене шынықтыру, 4-5 сыныпта математикада жылдамдықты оқиды.

АКТ қолдану

дағдылары

интербелсенді тақта, бейнеролик, слайдпен жұмыс

Бастапқы білім


Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

1. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың зейінін шоғырландыру, түгелдеу.

2. Атмосфералық орта қалыптастыру «Досыма ақ тілегім» әдісі бойынша бір-бірлеріне жақсы лебіздерін білдіреді.

3. Топқа бөлу "Мозаика"

Оқушылар мозаика арқылы үш топқа топтастырылады және бағалау парақшалары беріледі. Мозаикада жылдамдық, орын ауыстыру, уақыт шамаларының таңбалары бір бетіне, екінші бетіне тақырыптың сөздері жазылады.

1-топ Жылдамдық

2-топ Орын ауыстыру

3-топ Уақыт

4.Үй жұмысын "Ия немесе жоқ" әдісі бойынша тексеру

Р. БАШАРҰЛЫ

маркер, А4 парақ, суреттер


Бағалау парақшалары







1-қосымша

Сабақтың ортасы

25 минут


1. Жаңа сабақ

(W) (G) «Болжау» әдісі

Интербелсенді тақтадан спидометр, жылдамдық формуласы, арбашалар, метр, машиналар, сағаттың суреттерін шығарамын, артынан 1,5 минутдай жылдамдық тақырыбына байланысты бейнеролик көрсетемін.

Оқушылар интербелсенді тақтадағы суреттерге және бейнероликке қарап, берілген 3 минуттың ішінде 20 сөзді құрастырып, жазған ақпараттарын топта талқылайды. Бұл әдіс сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашуға ықпал етеді. Оқушылардың болжамдарын тыңдап, қосымша сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетемін.

1.Жылдамдық қандай шама?

2. Жылдамдық формуласы қалай оқылады ?

3. Жылдамдықтың өлшем бірліктерін атаңыз?

4. Арбашалардың жылдамдығын анықтау үшін не керек?

2. Жаңа сабақты бекіту

Есеп шығару мысалдары:

Алматыдан шыққан автобус Сарыөзекке дейiнгi 180 км жолды 2,5 сағ жүредi. Автобустың қозғалысын бiр қалыпты деп ұйғарып, оның жылдамдығын Халықаралық бірліктер жүйесінде анықтау керек.

Кез келген есепті шығаруда оқушылардың ой әрекеті мен бар ықыласты, ең алдымен, есептің мазмұнын теориялық талдауға бағыттайтын төмендегі жазу формасын ұсынамын.

(G) «Кім жылдам» әдісі бойынша жаттығулар орындау. Постермен жұмыс Жаттығу 2.1 № 3,4,5

3. Сергіту сәті «Менің көңіл-күйім» жаттығуы Алдарындағы бланкіге өз көңіл-күйлерінің суретін салады.

4. Жаңа сабақты қорытындылау Элективті тест.


Интербелсенді тақта


А4 парақ

бейнеролик






























2-қосымша

флипчарт


Маркер

А4 парағы

стикерлер

3-қосымша

Сабақтың соңы

3 мин

1. Үйге тапсырма Жаттығу 2.1 №8

2. Бағалау (I) "Басбармақ " әдісі

4-қосымша






Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып тапсырма беру. Сөзбен қолдау көрсетіп, ынталандырып отырамын. «Болжау» әдісі Элективті тест, «Ақпаратты сүзу» әдісі бойынша тапсырмалар беремін.





Бағалау парақшалары

5-қосымша

"Басбармақ" әдісі


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия




Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?


Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:_______жақсы өткен жері жетістік жазылады____________________________________________________________________________________________________________________________________________2:______________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: __________________әттеңайды жазасың___________________________________________________________________

2:_____________________________________________________________________________________

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?________________________________________________________________________________

1-қосымша

"Ия немесе жоқ" әдісі

Жылдамдық тобы сұрақтары

1. Механикалық қозғалысты сипаттау үшін қозғалыс траекториясы,

орын ауыстыру және жүрілген жол деген ұғымдар да енгізіледі. (ия)

2. Дене кез­келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бiрдей жол

жүрсе, ондай қозғалыс бiрқалыпсыз қозғалыс деп аталады. (жоқ)

3. (ия)

4. Таңдап алынған санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі

мен сағаттар тізбесі механикада санақ денесі деп аталады. (жоқ)

5. Жүрілген жолды (дененің орналасу күйін) анықтау үшін тікбұрышты

декарттық координаталар­(x, y, z)­жүйесі қолданылады. (ия)

Орын ауыстыру тобы сұрақтары

1. Үлкен денелердің де, кіші денелердің де қозғалысын табиғи құбылыс ретінде физиканың механика деп аталатын арнайы бөлімі зерттейді. (ия)

2. Дене кей жағдайда тұтас қозғалмай, оның жеке бөлiктерi ғана қозғалуы мүмкiн. (ия)

3. Механикалық қозғалыс­деп дененiң уақыт өтуi не қарай басқа денемен

салыстырғанда орны ның өзгеруiн айтады. (ия)

4. Қозғалыс траекториясының ұзындығын метр деп атайды. (жоқ)

5. Жүгілген жол – скалярлық шама; әдеттеоны «t» әрпімен белгілейді. (жоқ)

Уақыт тобы сұрақтары

1. Бір­біріне қатысты бірқалыпты түзусызықты қозғалатын барлық санақ жүйелері инерциялық санақ жүйелері болып табылады. (ия)

2. Пойыз темiржолдың түзу тегiс бөлiгiнде бiрқалыпты қозғала алмайды. (жоқ)

3. Дене кез­келген тең уақыт аралығында әртүрлi жол жүрiп өтсе,

ондай қозғалысты бiрқалыпсыз қозғалыс деп атайды. (ия)

4. Бiрқалыпты және бiрқалыпсыз қозғалыстарды қандай тәжiрибе жасап

бақылауға болмайды? (жоқ)

5. Әртүрлі санақ жүйелеріндегі механикалық қозғалыстарды зерттей келіп,

Галилей салыстырмалылық туралы тұңғыш рет ғылыми қорытынды жасады. (ия)






























2-қосымша







2-қосымша

«Кім жылдам » әдісі бойынша есептер шығару

Жылдамдық тобына

3. Велосипедшi бiрқалыпты қозғалып, 30 мин iшiнде 9 км жол жүрген.

Велосипедшiнiң жылдамдығын м/с-пен есептеп табыңдар.

Орын ауыстыру тобына

4. 750 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағ iшiнде қандай аралықты

ұшып өтедi?

Уақыт тобына

5. Күннен Жерге дейiнгi қашықтық шамамен 150 млн км. Жарық жылдамдығы

300 000 км/с. Жарық Күннен Жерге қанша уақытта же тедi?






















770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!