Материалдар / Жылқы жеті қазынаның бірі

Жылқы жеті қазынаның бірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас туристер слетының ізденіс жобалар гоминациясы бойынша 3 орын алған жұмыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
163
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Б.Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беру мектебі

















«Жылқы - жеті қазынаның бірі» номинациясы

Іздеу-зерттеу жобасы











Қатысушы: 7Б сынып – Сайлау Әлімжан

(04.05.2011ж. saylaualimzhan20@gmail.com)

Жетекші: Кайрова Д.К.



















Мазмұны

Кіріспе

І Негізгі бөлім

  1. Қазақстандағы ат туризмі

    1. Батыс Қазақстан облысындағы ат туризмі

    2. Ат туризмін ашудың алғышарттары

  2. Ат туризмінің перспективасы

    1. «Атты экспедиция» атты марафон

    2. Атты шоу бизнес

    3. Ат туризміндегі тарихпен байланыс

  3. Ат туризмімен қатар дамитын салалар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер





































Кіріспе

«Кездерде кейде қара бұлт айды бүктеген,

Үйіме үнсіз тұнжырап қайғырып келем.

Талықсып жатып содан соң кетемін ұйықтап,

Ұйықтап кетсем түсімде сәйгүлік көрем...

Мінем де шабамын алдымнан аңғарлар қаптап,

Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.

Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,

Мен болсам – арман, тұлпарым – арманнан да әппақ!»

Светқали Нұржанов



«Қазына - алтын, күміс, асыл тас, мал-мүлік, табиғат байлығы сияқты игіліктер мен рухани құндылық атаулыны қамтитын күрделі ұғым және сол ұғымның атауы» [1].

"Жеті" – қазақ халқы үшін киелі сан. Ата-бабамыз жеті санын қастерлеп, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, ата заңдарына арқау етіп келген [4].

Жылқы - дәстүрлі қазақы ортада төрт түліктің төресі деп ерекше қастерленген түрі. Көшпелі түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігінде жылқы малының маңызы өте зор болған [4].

Ал енді қазақ халқының жылқын жеті қазынаға жатқызуының өзі аса бір үлкен жұмбақ емес. Яғни, «Жүйрік ат» деп сипатталатын жануардың қазақ даласында орыны екерше. Ондағы жүйрік ат – ер жігіттің қанаты, серігі, сенері. Сондықтан да жеті қазынаға кіріп отыр. Ал, қазанатын қорғап, мақтанышы еткен қазақтың бүгінгі таңда атқа міну, ат баптау сияқты дәстүрін жаңғырту қажет. Әлемдік деңгейде насихаттау қажет. Ауылда да, қалада да жылқы ұстап, ат баптауға шамасы келмесе де қалаған уақытында барып атқа мініп қайтатын мүмкіндігі болу керек деп есептейміз. Сондықтан, қаламызда, облысымызда ат туризмінің жай-күйін және даму перспективасын зерттеп көрдік. Және осы шағын зерделеу нәтижесінде бірнеше идея мен ұсыныс та пайда болды. Біздің жобамыз көздеген мақсатына жетті деп есептейміз.







І негізгі бөлім

  1. Қазақстандағы ат туризмі

Әр мемлекет экономика­сының дамуына түрлі факторлар әсер етеді. Соның басты фактор­лары­ның бірі – туризм саласы дер едік. Біз бүгінгі таңда актуал­ды тақырып болып тұрған Қазақстандағы туризм туралы сөз өрбітпекпіз. Ұлы Жібек Жолы бойында ор­на­ласқандықтан Қазақстан аума­ғын­дағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықтар ежелден-ақ шет мемлекеттердің қызығу­шы­лығын оят­қаны ­белгілі.

Туризм – халықтың әлеуметтік, экономикалық хал-ахуалын жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаны да көркейтудің тиімді бір жолы. Туризмнің 32 салаға жанама ыкпалы бар, соның бастыларын атап айтар болсақ, олар: туристік фирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, шипажайлар, ұлттық парктер, тамақтану саласының жұмыстары өркендеп, табыс еселенеді.

Freedom Finance Global компаниясы жүргізген туристік саланың Қазақстандық нарығын кешенді зерттеуінің нәтижесінде [2] «Қазақстанның ішкі туризмінің даму деңгейі – орташадан төмен. Сарапшылардың көбі Қазақстанда туризм даму кезеңінде деген пікірде, алайда бұл көбінесе бастапқы деңгей» делінген. Яғни, бүгінгі таңда ат туризмін дамытуға барлық алғышарттар бар деген сөз.  



    1. Батыс Қазақстан облысындағы ат туризмі

Бүгінгі таңда Орал қаласында ат туризмін дамытып отырған бірнеше нысандар жұмыс жасауда. Олардың ұсынатын қызмет түрлерінің барлығы дерлік шамамен бірдей. Бұны нақты бір локацияға байлаулы болғандықтан деп есептейміз. Және де бұлардың барлығы ұлттық спорт түрлері мен тарихи орындарға саяхатты қоспауының тағы бірнеше себептері бар:

  1. Сұраныс жоқ

  2. Тарихи орындарды білмейді

  3. Тарихи орындар қабылдай алмайды

Атқа міну мен ат баптау қазақтың қанына сіңген ата кәсібі. 3-4 мың жыл бұрын атты қолға үйреткен ата-бабамыздың бұл инновациялық жаңалығы әлі күнге сұранысқа ие. Бүкіл әлем ат спортынан, ат туризмінен қыруар қаражат тауып отыр. Ал, біздің бүгінгі жайымызды айтар болсақ, өте өкінішті. Алматы, Түркістан обылыстарында тарихи орындарға, сарқырамаға, тауға шығуға, Қайыңды сияқты көледерге атпен серуендер ұйымдастырылады. Ол жақтарда сервис бізге қарағанда көш ілгері. Жылқыға жайдақ мінуден бастап, түрлі ерлерді ұсынатын туризм түрлері бар. Тіпті киіз үйде жатып, көшпенділердің өмір салтын көзбен көріп қайтуға мүмкіндік бар.

Орал қаласындағы ипподромдардың ұсынатын қызмет түрлерін зерделеп көрген едік:

Қызмет түрлері

Нысан атауы

«Нур-Ер» ат спорты туристік орталығы

Ippodrom_zko

Саят

Жылқымен серуен

5000тг

6000тг

3000-5000тг

Атқа мінуді үйрету


6000тг

7000тг

Асауды үйрету


15 000тг жоғары


Фотосессия

10 000-8000тг


10 000-15 000тг

Экскурсия

(Аттады тамақтандыру

Атқа міну

Садақ ату)

2000тг



Атшанамен серуен

4000тг


500-700тг

Понимен серуен

5000-3000тг



Садақ ату

5000-3000тш





Кестеге назар салсақ біздің интернет беттерінен тапқан ат туризмін насихаттап жүрген 3 қана нысанды таптық. Батыс Қазақстан облысы бойынша мүлдем жоқ десек болады. Бар болған жағдайда да олардың жарнамасы жоқ. Бұл жерде ат туризмін иппотерапиямен шатастыруға болмайды. Ат туризмінің жағдайы осындай.

    1. Ат туризмін ашудың алғышарттары

Ат туризмін ашу үшін әулі жылқы керек. Ол жылқыларды әбден үйрету керек, олар жорға әрі жуас болу керек. Денсаулығын қарайтын ветеринар, атбегі, администратор сияқты қызметкерлер қажет. Ең бастысы дұрыс локация таңдау. Жақсы атбегі мен ветеринар табу да қиын мәселе. Оларды арнайы дайындайтын орталықтар жоқ. Халық ішінен шыққан атбегілер ғана қызмет етіп жүр қазіргі таңда. Атбегілікке үйрететін спорт мектептері жоқтың қасы. Бар болса да жарнамасы нашар. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақтың ат баптау білімін жинақтап, оқу бағдарламасын жасап, жоғары білім санатына қосып, балаларды оқыту қажет. Олардың қауіпсіздік ережелерін білуі, шет тілін білуі сияқты талаптар туындайды. Бұл сұранысты өтеу үшін оқу керек деп есептейміз. Шетелдіктерге қызмет көрсетуді мақсат тұтпасақ бұл кәсіптің болашағы жоқ деген сөз. Туризмнің басты шарты ағылшын тілін білетін мамандар екені белгілі. Сондықтан қазірден бастап оқушылар өзінің ұлттық ата кәсібін де, шет тілін де меңгере бергені дұрыс. Болашақта еліміздің туризм саласын дамыту үшін қазірден қамданып, білім алуымыз керек.

  1. Ат туризмінің перспективасы

Саяхат және туризм нысан­дары Қазақ­стан­ның кез-келген тұсында бар десек, артық айт­па­ға­нымыз болар еді. Ойланып қарасақ Қазақ­станда ат туриз­мін дамытуға мүм­кін­­шілік көп. Ат тур­из­мі – әлемде дамыған саяхаттың түрі. Өкінішке қарай, бізде бұл сала әлі кенжелеп тұр. Туристік ба­ғыт­тар да тиісті деңгейде насихат­тал­май­ды. Оның бір себебі, маршрут­тардың әлсіздігінде деп ойлай­мыз. Жалпы, статистикаға сүйен­сек, Қазақстанның сакралды тарихи және мәдени орындарына өз елімізден гөрі, шетелдерден келетін туристердің қызығушы­лығы басым екен. Бұл тұста да жолдың нашарлығы, авто­көлікпен жүру мүмкіншілігінің жоқтығы қолбайлау болып отыр. Осы жолдардың жоқтығын керісінше ат туризмін дамытуға үлкен мүмкіндік деп қарасақ болады.

«Атты экспедиция көшпенділер өмір салтының бейнесі ретінде туристік жобаның уникалды түрі болып есептеледі және нарықта үлкен сұранысқа ие» [3] . Шағын және орта бизнес туризмның дамуына президентіміз Қ.Тоқаев та жіті назар аударып жүр. Қаламыздағы ат туризмі орталықтарына қосымша қызмет түрлері мен бірнеше жаңа идеямыз бар:

    1. «Атты экспедиция» атты марафон

Айшылық жерге атпен жететін ата-бабамыздың ерекше қасиеттерін жаңғырту, табиғаттың керемет көріністерін тамашалау, тарихи орындарды аралау мақсатында Орал қаласының шетінен немес облыс аймағынан арнайы белгіленген күні бірнеше туристті Хан ордасына салт атпен алып бару марафонын ұйымдастырылса. Оған арнайы үйретілген төзімді қазақы жылқылар ұсынылса. Жолай басқа да тарихи нысандар мен әулие-әмбиелерге зиярат етіп, аңыз-әңгімелерді тыңдап, рухани азық жинап келсе деген ұсыныс бар.

    1. «Атты шоу бизнес»

Әлемдік ареналарға шыққан атақжы аттар иесіне, еліне қала берді жарыс ұйымдастырушыларына да табыс әкеледі. Қазіргі таңда Дубайда өнер көрсетіп дүниені таңдандырып жүрген Кабирхан сияқты. Сондай дәрежедегі аламан бәйгелер мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыратын арнайы орталықтар қажет. Атақты тұлпарлардың шабысын тамашалауға шетелден қонақтар ағылып келеді. Сол арқылы ат туризмін де дамытуға болады.

    1. Ат туризміндегі тарихпен байланыс

Жергілікті халыққа, шетелден келетін туристерге сапалы қызмет ұсыну үшін бұл демалыс эмоцияға толы болу керек. Көбіне демалысқа адамдар әсер іздеп келеді. Олар атқа өз елінде де міне алады. Ал біздің елде атқа мініп Махамбеттің жорық жасаған жерлерін жүріп өтсе, Құрманғазының түрмеден қашқан жолын жүріп көрсе, Сырым батыр Датұлының Нұралы ханға барған сүрлеуін көрсе және оның тарихын тыңдап, тарихи нысандарға бас тіресе деген ұсыныс бар.





  1. Ат туризмімен қатар дамитын салалар



Батыс Қазақстан облысы еліміздегі басқа облыстармен салыстырғанда жылқы туризмін дамытуға өте қолайды өңір. Жылқы туризмін дамыту арқылы ұлттық туризмді насихаттауға болады. Ол үшін мынадай «Ұлттық жылқы шаруашылығы базасы» орталғын құру керек. Орталықтың негізгі жобасын жылқы шаруашылығы бар шаруашылықтарға негіздесе көп қаржыны талап етпейді. Орталыққа:

Жылқы қоралары- жылқыны өсіруге арналған тұрақ- жайлар;

Биені сауу орны- саумалдықтарды сауатын орындар;

Қымыз цехы- қымыз ашытатын цех;

Торсық дайындайтын цех- дайын болған қымызды құюға арналған жаңа қазақы ыдыстар;

Емдеу орталығы- қымызбен емдейтін орталық;

Аттылы туристік база-ат маршруттарын дайындайтын және өткізетін база;

Ат спорты алаңы- ат спортынан (бәйге, аударыспақ, көкпар, қыз қуу, теңге алу т.б.) жарыстар өткізу;

Өмір туралы ғылымдар орталығы- жылқы сүті мен етінен адам өмірін ұзартуға пайдаға асыратын зерттеулер жүргізетін орталық;

Косметологиялық орталық- адам терісін жасарту мен айналысатын орталық және т.б. базалар қарайды. Осы арқылы жылқы туризмі дамып қана қоймай, шетелдік туристрді өзімізге тартуға құптарлық іс болар еді.

Ұлттық «Жылқы шаруашылығы» базасы аталған салаларды қамтиды және оның ел экономикасында дамуына ықпал етеді:

Жылқы шаруашылығы;

Туризм оның ішінде ұлттық туризм;

Тамақ өнеркәсібі (қымыз, ет, т.б.);

Жеңіл өнеркәсіп (тері өңдеу, жіп жасау, жылқы қылын іске асыру);

Медицина (қымызды пайдалану, косметология);

Спорт (жылқы спорты түрлері);

Құрылыс (жаңа ғимараттар салу);

Таза экология;

Қалдықсыз өндіріс; т.б.

Қорытынды:

БҚО өңірінде ат туризмінің дамуына кез-келген адам өз үлесін қоса алады. Орталық ашып немес ашылған орталыққа жиі барып тұру қажет. Балаларын атқа мінігізін, қымыз ішкізіп дәстүрін насихаттауы тиіс. Сонда ғана біз өзіміздің облысты, қазақтың сал-дәстүрін, ат туризмін қолдай аламыз. Жылдың 12 айында да тоқтамайтын, яғни науқанға қарамай табыс әкелетін кәсіп түрінмен айналысуға әбден болады. Кәсіп иесінің де тұтынушының да денсаулығына пайдалы. Рухани және тән саулығына кепіл болатын ата кәсіптің бұл түрін туризмнің ең таңдаулы саласына айналдыру біздің үлкен мақсатымыз болуы тиіс.













































Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 3-том. – Алматы: РПК "Слон" DPS, 2012. – 736 б.

  2. https://ffin.kz/kk/research/9-qazaqstandaghy-turizm-salany-zertteu-problematika-dgane-perspektivalar

  3. https://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4985511-vozvrashchayas-k-kornyam-kak-v.html

  4. https://sputnik.kz/20211107/jeti-qazyna-derek-18595472.html

  5. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 2-том. – Алматы: РПК "Слон" DPS, 2012. – 736 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ