Материалдар / Жылу Ф.Оңғарсынова
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жылу Ф.Оңғарсынова

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
456
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ф.Оңғарсынова. Жылу

Сабақтың мақсаты:1. Автор өмірі мен шығармасына тоқтала отырып, «Жылу» өлеңімен таныстыру. Өлең мазмұнын түсініп, негізгі идеяны аша алуға жетелеу.Сөздік қорын, өз ойларын еркін жеткізу қабілеттерін дамыту.
2.
Топпен жұмыс жасай алуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге жетелеу.Мәнерлеп оқуға, өз беттерімен өлеңді талдай алуға үйрету.

3. Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке,бірін-бірі тыңдап,сыйлай білуге тәрбиелеу.

І.Ұйымдастыру.
1. Оқушыны түгендеу,оқушы назарын сабаққа аудару.
2. Оқу-құралдарын реттеу.Сабаққа әзірлеу.
3. Топқа бөлу.

Психологиялық ахуал
Әр топ бір-біріне ақ тілектерін,сәттіліктер тілейді.
Сабақтың әдісі: Евристикалық –іздендіру,түсіндіру.
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс, аралас, сұрақ-жауап,динамикалық.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану,математика, ән-күй, өзін-өзі тану,жапсыру.
Жаңа педтехнология: дамыта оқыту, ойын,
Стратегия: сатылай кешенді талдау, тірек - сызба, сематикалық карта.

Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті,мазмұнды суреттер, тірек-сызба,үлестірмелі парақшалар,кесте,әр түрлі пішіндегі суреттер.
Техникалық құрал: Интерактивті тақта.

IShape1

әкелерім

Shape2

мейірімді

I.Қызығушылығын ояту.
Тарау бойынша өтілген тақырыптарға шолу жүргізу.





Shape3 Shape4

қадірлі

аналарым







-
«Қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым».
- Дұрыс айтасыңдар, енді осы тарау бойынша қандай тақырыптармен танысып едік, кімнің есінде бар?
1. Ата ақылы /Сырбай Мәуленов/
2. Атасы мен немересі /С. Көбеев/
3. Шал мен балалар /С. Көбеев/
4. Апаның тілін алса егер… /Ж. Смақов/
5. Ата - әжеме хат /Ы. Алтынсарин/
6. Айтшы, әжетай /Ж. Смақов/
7. Ұшқан ұя /Б. Момышұлы/ т. б.
8.Ата-ананы құрметтеу /Қайқаус/
« Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей осы өткен тақырыптарымыздың барлығы үлкенді сыйлау, үлкенді құрметтеуге арналған екен.

ІІІ.Үй тапсырмасы.
"Ата - ананы құрметтеу" мазмұнын сұрау.
Қабуснама – деген не?
Қайқаус кім?

- Міне, әрдайым ата - анаңды құрметтесең, олардың да ізгі тілектері қабыл болғаны.

- Ата - ана туралы бабаларымыздың да даналық сөздері бар. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мағынаны тану
Сөзжұмбақ шешу «Жылу»

ІV.Жаңа сабақ
Мағынаны тану
Кіріспе.

Ф. Оңғарсынова 1939 жылы 5 - желтоқсанда Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін сол облыстың Балықшы ауданының қазақ мектебінде ұстаздық еткен.Шығармалары «Сандуғаш», «Маңғыстау маржандары», «Көгершіндерім», «Алғашқы сабақ» бар.Қазақстанның халық жазушысы,Республиканың мәдени –ағарту ісіне еңбек сіңірген қызметкері.

Оқулықпен жұмыс:
а)Өлеңмен таныстыру.
Мәнерлеп оқу

ә)Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс(дәптерге жазу)
Өң – бет, ажар, түс.
Жалғанда – дүниеде.
Ғұмыр – өмір.

б)Өлең мазмұнын ашу.
Әр топ оқушыларына тізбектей оқыту.
Әр топ өз шумақтары бойынша өз ойларымен мазмұнын айтады.
-Өлең кім туралы айтылған ?
-...
Әр топқа үлестірмелі парақшалар таратылады.
г)Кестемен жұмыс «Ой толғаныс»

д)Суретпен жұмыс.
Әр топ суреттерді таңдап алады.
І топ : Аналарына тілек жазу.
ІІ топ : Анаға теңеу жазу.
ІІІ топ : Суреттер беріледі,өз ойларынша жапсырып әңгімелейді.

Сергіту сәті Ана әнінің қайырмасымен бойымызды сергітіп алайық.

Бекіту.
Сұрақ-жауап.Үлестірмелі парақшалар таратылып соған жауап алынады.
І топ : Өлеңде кім туралы айтылған?
Өң дегеніміз не?
ІІ топ : Суретті әңгімелету.
Ғұмыр дегеніміз не?
ІІІ топ: Ана туралы мақал айту.
Жалғанда дегеніміз не?

Топпен жұмыс.
«Әрі қарай жалғастыр» Мәтін құрау.
Мысалы: Менің анам көрікті.Ол мейірімді адам.Бізге қамқор болады.

Үйге тапсырма
Жылу"өлеңін жаттау.
Ана туралы шағын шығарма жазу.
Бағалау.









Тақырыбы:  Қосудың қасиеттері
Мақсаты:
Білімділігі:  Өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру барысында қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы қорытынды жасау; кестелік қосу және азайтуға қатысты білімдерін бекіту.
Тәрбиелігі:Ұйымшылдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы:Танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, ойын, деңгейлік тапсырма
Түрі:аралас сабақ
Типі: дамыта оқыту
Көрнекілігі: ,кесте, дидактикалық материалдар, электрондық оқулық

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, досым,

Қайырлы күн болсын.

Күнделікке бүгін

Кілең бестік толсын
3. Көркем жазу 14, 24, 34, 44, 54, 64, 74, 84, 94.

 Бұл сандардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

4. Ой ширату

 «Үндемес» ойыны арқылы оқушылар берілген сұрақтың тек жауабын жазып көрсетеді

  • 5 бірлік пен 1 ондықтан тұратын сан                                                       15

  • Цифрлары әртүрлі ең үлкен екі таңбалы сан                                           98

  • Мен ойлаған саннан 8-ді азайтқанда 9 шықты                                        17

  • Азайғыш 32, азайтқыш 30 болғанда, айырманың мәні нешеге тең?    2

  • 16 -дан 5 пен 2-нің қосындысын азайт                                                     9

  • 18-ге 5 пен 2-нің қосындысын қос                                                            25


5. Жаңа сабақ. Қосудың қасиеттері

а) Сурет бойынша жақшалы өрнектер құрастыру арқылы қосудың терімділік қасиетін пысықтау.
№ 1 есеп

ә) Теңдіктерді салыстыру арқылы қосудың терімділік қасиеті сипатталады

б) Қосудың терімділік қасиетіне сәйкес тиімді тәсілді таңдауға болатыны түсіндіріледі. Сондай-ақ екі амалды есептерді шешу кезінде де тиімді тәсілді пайдалануға болады деген қорытынды жасалады.

 

6. Бекіту    № 4

 Қиып алды – 6 ү және 4 ш

 Бояды - 3 ф

 Қалды -? ф

1- тәсіл   (6 + 4) – 3=7        2-тәсіл  (4+6) -3 =7       3-тәсіл  4 + (6-3) =7

Ж: 7 фигура қалды.

7. Сергіту сәті 
    Қарашы, балақай,

    Ақылды тақтаға

    Сергіп бір қаласың,

    Би биле тоқтама.

Экранға қарап би қимылдарын айнытпай қайталау

  8. Өзіндік жұмыс

Кестеге сәйкес төрттік  мысал құрастыру

Мысалы,    2+9   9+2    11-2   11-9                      8+3    3+8     11-3    11-8

  9. Сәйкесін тап

Дұрыс жауапты дәлелдей білуін талап ету

10. Артығын тап, дәлелде.

Азайғыш
Азайтқыш
Айырманың мәні

6 + 4 + 5
8 + 3 + 4
10 – 4 + 9
15 – 7 + 4

11. Логикалық тапсырмала

Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады?
Жауабы: 5 бұрышы болады.

Дәу тоғыз қабатты үйдің 3-қабатында тұрады. Бір күні ол жоғары қабатта тұрғысы келіп, үйді  төңкеріп қойды. Дәу енді нешінші қабатта тұрады?


12. Рефлексия
- Бүгінгі сабақта не білдің, не үйрендің?

- Өзіңді-өзің қалай бағалайсың?

  • барлық тапсырманы өзім дұрыс орындадым

  •  кей тапсырмада қате жібердім

  • тапсырманы орындау маған қиын болды

    13. Үйге тапсырма

6-тапсырма, 87- бет
Бағалау. 










































Сөз таптарын пысықтау үшін,семантикалық картамен жұмыс:

есімдер


сөздер


Сан есім


Сын есім


Етістік


Зат есім

ойнады





доп





әдемі





төртеу





биік





оқушы





биледі





оныншы





сопақша





алты







лимон





үшеу





мектеп





келеді





алтау





бес





барды

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!