Жыр алыбы-Жамбыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жыр алыбы-Жамбыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Биыл- жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Осыған орай кітапханада өткен шаралар туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жыр алыбы-Жамбыл

Биыл- жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Жамбыл Жабаев 1846 жылғы ақпан айының 28-і күні Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Ол өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл Жабаев 1945 жылғы мауысым айының 22-інде Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.

Қазақ поэзиясының дүлдүліне айналған, даналығымен әлемге танылған, қазақ халқының рухани көсемі Жамбылдың жалынды жырларын дәріптеу, ақындық тұлғасын таныту жұмысы кітапханада кеңінен жалғасуда. Атап айтқанда, «Жыр патшалығының алыбы» тақырыбындағы виртуалды кітап көрмесі әлеуметтік желіде ұсынылса, «Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ мекемесінде ұйымдастырылған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбындағы танымдық сағатына «Жыр патшалығының алыбы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбыл өлеңдері қазақ даласынан бастау алып, күллі майданды шарлап, қаншама жас өрендерге рух, жалын, жігер бергені сөзсіз. Бізге танысы, жатталған жырдың бірі – "Ленинградтық өренім" жыры. Өлең тарихы белгілі. Ленинградты қорғаушы бар майдангерлердің құлағында радиодан жатталып, сұрапыл соғыс жылдарындағы ауыр күндерде әр жауынгерге дем берді. Оның рухты өлеңі тек Ленинградтық өрендерді ғана емес, майдан шебіндегі қан жұтқан қаншама сарбазға күш-қуат бере білді. Биыл "Ленинградтық өренім" жырына 80 жыл. Осыған орай, кітапхананың инстаграм парақшасында поэзиялық слэм оқырмандар назарына ұсынылды. Слэм барысында "Дастан ата", "Өлеңдер.Айтыстар.Дастандар", "Жамбыл әлемі", "Жамбыл бейнелеу өнерінде", "ЖАМБЫЛ энциклопедия", "Жамбыл Жабаев", "Халық- менің мың атым" атты әдеби кітаптар желі пайдаланушыларға ұсынылды.

Халықтық жырдың негізінде немесе жыраулар поэзиясының үлгісінде бүгінгі мен өткенді сабақтастыра жырлайтын ақындар сол кезеңде жоқтың қасы болатын. Жамбыл сол үрдісті қалыптастыра білді. Ол сонысымен де қымбат.

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай кітапханада әлі де көптеген шаралар ұйымдастырылады. Рухани мұралар қатарындағы Жамбыл жырлары ұрпақтың санасында өшпек емес.




Ләззат Қобландина

Ақтөбе қаласы,

6 Қарғалы селолық «модельді» кітапхананың меңгерушісі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2021
583
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі