Материалдар / "Жыр алыбы-Жамбыл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жыр алыбы-Жамбыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыр патшалығының алыбы-Жамбыл Жабаевқа 176 жыл толуына орай 2 "В" сыныбымен өткізілген сынып сағаты. Тақырыбы:"Жыр алыбы- Жамбыл"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2022
811
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сынып жетекшісі: Қонысбекова С.Ж



Тақырыбы:

Жыр алыбы – Жамбыл

Күні:

31.01.2022ж

Негізгі мақсаттар:


Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


1.Ж.Жабаев туралы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы біледі. 
2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру. 

3. Сынып оқушылары арасында, ақын өлеңдерінен челлендж ұйымдастыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Түйінді идеялар


Жамбыл– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау.

Сынып сағатының кезеңдері:

Сынып сағатындағы жоспарланған іс-әрекет

Пайдаланылған ресурстар

Ұйымдастыру





Ұйымдастыру кезеңі: 

. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

  Жаңа  сабаққа  дайындық

 1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Қызығушылықты  ояту кезеңі.

«Ойқозғау» стратегиясы.

  1. Ж.Жабаев қай жылы дүниеге келді?

  2. Ж.Жабаев қай өлкеде дүниеге келген?

  3. Қандай өлеңдер жазды?

Бейнеролик , суреттер

Ой қозғау







Меңгеру







Жамбыл  Жабаевтың өмірі  мен  шығармашылығы туралы  мәлімет  беру.

Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген. Анасы Ұлдан мен нағашысы Қанадан әнші, күйші өнерпаздар екен. Жамбыл жастайынан осындай өнерлі ортада өсіп, ер жеткен. Ол нағашысының соңына ере жүріп, қобыз, домбыра тартуды үйренеді. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 176 жасқа толып отыр. Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады. Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері, дастандары бар.

Балаларға

Балалар, аманбысың, шырақтарым,

Майысып көлге біткен құрақтарым!

Жүрмесем есендесіп, тұра алмаймын,

Ішінен асып, кетсе бір аптаның.

Қонаққа келді , міне , Жамбыл атаң,

Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,

Қарт бабаң дәуіріне мейіріне қанған,

Қуанып жастығына сендей, ботам.

Білемін өмірлерің тұрған жайнап,

Күндіз- түн жастық үшін жарық сайлап.

Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен

Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.

Балама хат

Хатыңды, балам ,оқыдым,

Халіңді білдім сапардан.

Қуанып саған отырмын,

Гвардеец атанған.

Сұраншы, Саурық секілді,

Болыпсың , балам, қаһарман.

Қайтармай жаудан бетіңді,

Қаптаған қолға қасарған.

Ленинградтық өрендерім


Ленинградтық өренім ,

Мақтанышым сен едің !

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағындай көремін.

Көпіріне қарасам,

Көмкерген су көлемін

Өркеш- өркеш жарасқан

Шоқылардай дер едім....

Алғадай туралы.

Түне күні кеткеннен,

Ғали, жаңа келдің бе?

Алғадайдың мүрдесін

Жол жөнекей көрдің бе?

«Топырағың торқа боп,

Тыныш ұйықта» дедің бе?

Қалай қиып қалдырдың

Қарт әкеңді еліңе

Жабай  баласының бұл беталысын ұнатпай, оған тоқтам салуға тырысқан. Өнерге ұмтылған жас малшы, жалшылар бас қосқанда, түнгі күзет кезінде батырлар жыры, ертегі, аңыз әңгімелер тыңдап, оның кейбірін өзі өлеңдетіп жүрген. Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған, бірқатар өлең, дастандар үйренген. Содан былай ол: «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, жырды өрбіте түскен.  Басқа да көптеген атақты ақын-жыршылармен кездесіп, достасқан. Жамбылдың енді бір үлкен мектебі – қазақ фольклор қазынасы болды. Ол жастайынан-ақ «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» және қырғыздың «Манас» эпосынан үзінділері, Шілдехана, жиын-тойларда қыз-жігіттермен түре, сүре айтысқа түсіп, қарсыластарын көбінде жеңген. 16-17 жасынан-ақ ел аузына ілігіп, «ақын бала» атанды. Бұл жөнінде «Менің өмірбаяным» деген өмірбаяндық  толғауында былай деген. «Топ десе он жетімде тартынбадым, семсердей майдандағы жарқылдадым». Жамбыл – көптеген ақындармен айтысып, жеңіске жеткен, халқымыздың ақындық өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан ақын



















Сергіту сәті

.Ой толғаныс. 
«Жыр алыбы –Жамбыл» видео

Ноутбук

Қорытынды

Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет – бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә азаматтық әуеннің де ақыны. М. Әуезов.

Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. С.Сейфуллин.

Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың. І. Жансүгіров.

Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі. С. Мұқанов.


Рефлексия





«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің №36 орта мектебі» КММ



















Тақырыбы: «Жыр алыбы - Жамбыл»

(сынып сағаты)











Сыныбы: 2 «В»

Сынып жетекшісі: Қонысбекова С.Ж

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ботамкулова А.Б



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!