Материалдар / "Жыр алыбы-Жамбыл" авторлық бағдарламасы әр мектепте оқытылуы тиіс қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жыр алыбы-Жамбыл" авторлық бағдарламасы әр мектепте оқытылуы тиіс қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа арналған "Жыр алыбы-Жамбыл" авторлық бағдарламасын факультативтік курс ретінде енгізу тиімділігі туралы. Жамбылдың əдеби-шығармашылық мұрасын тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама барысында ақынның көркемдік əлемін, оның ғылыми мəнін тереңірек түсіндіруге, соның нəтижесінде сабақ жүргізудің түрлі əдіс-тəсілдерін пайдалана отырып, көркем əдебиетті ізгілендіре оқытуға, табиғат лирикасын оқытуда эстетикалық біліммен қатар экологиялық саналылықты да жолға қоюға болатынын жадымыздан шығармауымыз керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2022
295
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұрқасым Ғалия Мұхамеджанқызы

Талдықорған қаласы

Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі



«Жыр алыбы – Жамбыл» авторлық бағдарламасы әр мектепте оқытылуы тиіс қазына


«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші Талдықорған қаласындағы Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп базасында апробациядан сәтті өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» авторлық бағдарламасы өзінің қажеттігі мен өміршеңдігін дәлелдеді. «Миллион жолды мүдірмей жатқа айтатын жырау», жай отындай жарқ етер суырыпсалма ақын, қазақты ғана емес, әлемді таңдай қақтырған таңғажайып құбылыс Жамбылдың бай мұрасын жалпы бағдарламадан тыс қосымша оқыту шәкірттерді әдебиет әлеміне қызықтырып, рухани жетілдіре түсті. Жамбыл шығармашылығының басты ерекшелігі ақын жырлары оқырманын поэзия әлеміне елітіп қана қоймай, туған жер мен ел тарихының қойнауына шақырады, сол арқылы оқушы бойында отаншылдық рухты шыңдайды. Жырау шығармашылығының өзегі ел бірлігі мен тұтастығы болғандықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылы 5 қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған ұлттық құндылықтарды таным мен тағылым тұрғысынан бағамдауды Жамбыл жырлары арқылы жүзеге асырса болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда қуатты, тегеурінді жыр алыбы Жамбылдың шығармалары тәуелсіз Қазақстанның жасампаз істерімен үндесіп жатыр.

Жамбыл шығармашылығын авторлық бағдарлама арқылы тереңдетіп оқытудың көл-көсір пайдасы бар: бағдарлама барысында қазақ халық поэзиясының алыбы, айтыскер ақын, сазгер, жырау Жамбылды сан қырынан таныған оқушылар сөз қадірін жоғары бағалауды, адамгершілік құндылықтарды қастерлеуді, туған елі мен жеріне құрметпен қарауды үйренеді; шәкірттер ақын шығармаларын талдай отырып, қайталанбас феномен Ж.Жабаевтың қазақ әдебиетінде алатын ерекше орнын анық бағамдайды; Жамбылдың рухани мұраларына терең таным-түсінікпен қарай отырып, оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтары оянады; оқушылар тиімді білім технологияларын қолдана отырып, поэзияны талдау дағдысын жетілдіреді; сондай-ақ Жамбылдың асыл қазынасына бойлай отырып оқушылар өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін дамытады. Өмірімен де, өнерімен де кейінгіге үлгі болған ұлы дала жыршысының шығармашылық мұрасын зерттеп-зерделеу, жас ұрпақ бойында қазақи болмыс, елжандылық, биік рух қалыптастырады.

Авторлық бағдарлама арнап жасалынған жоғарғы сынып оқушылары «өз менін» қалыптастыру кезеңінде жүрген жас жеткіншектер. Олардың әлемі бүгінгі ақпарат ағыны толассыз ағылған уақытта түрлі көзқарастар мен идеяларға толы. Осы орайда аға буынның міндеті – жастарға дұрыс бағдар беріп, көкірегінде асыл құндылықтар қалыптастыру. «Жыр алыбы- Жамбыл» авторлық бағдарламасы – осы мүддеге жауап беретін құнды еңбек. Уақыт сынынан сүрінбей өткен ұлы бабамыздың шығармашылығына бойлау арқылы бүгінгі ұрпақ та өз идеялдарын табады. Осы орайда жақын арада киелі сахнаның сәнін кетірген оқиға бізге сабақ болуы тиіс. Көк туымызды умаждай ұстап, аузына келгенін айтқан әншісымақтар өскелең ұрпаққа үлгі болмауы үшін бүгінгі буын саф өнермен етене таныс болуы қажет. Сөз қадірін білетін, ішкі мәдениеті қалыптасқан адам арзан даңғазаның жанкүйері болмайды. Ал «менің пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деген Жамбылдың нәрлі жырына қанып, Сұраншы-Саурықтың ерлігін өнеге тұтқан жастар жөн білмес жолбикелердің тыңдарманына айналмайды деп ойлаймын. Халқымыздың бай қазынасының сақтаушысы болған Жамбыл мұрасын ұрпаққа кеңінен насихаттау жаһандану желі жан-жақтан түрлі ағым әкелеген қазіргі кезде жас буынды болмысынан адастырмас құрал деп айта аламыз.

Жалпы бағдарламада Жамбыл жырларын кеңінен қарастыруға уақыт шектеулі болса, «Жыр алыбы – Жамбыл» авторлық бағдарламасына сай ұлы жыраудың дастандарын, айтыстарын кеңінен талдауға мүмкіндік алып, төл тарих пен ұлттық құндылықтарды жастар санасына бекіте түсеміз. Материалды қызғылықты талдаудың түрлі әдіс-тәсілдері қарастырылған бағдарламада SWOT талдаудан бастап «РАФТ» әдісі, «Бортты журнал» әдісі, «Фишбоун» әдісі, «Шебер жазушылық» әдісі, «Қайталау сұрақтары» әдісі, «Қосымша сұрақтар» әдісі, «Дөңгелек үстел» әдісі, «Үш қадамды сұхбат» әдісі, «Әдеби эстафета» әдісі, «Көшпенділер» әдісі, «Екіжақты күнделік» әдісі сынды инновациялық тәсілдер қолданылады. Аталған әдіс-тәсілдердерді жетік қолдану оқушының ақпаратты өңдеу, сыни ойлау қабілеттін дамытады. Азат елдің азаматы ең алдымен азат ойлы болу қажеттігін ескерсек, сыни ойлау қабілетін дамыту бүгінгі күннің басты талабы екендігі даусыз.

«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы» сынды дастандармен, Жамбылдың айтыс өнерінің эталонына айналған айтыстарымен толық танысып, талдау оқушыларды тапқырлыққа, өжеттілікке, ерлік пен елін сүюге тәрбиелейді, сондай-ақ ер балаларды нағыз жігітке тән намыстылыққа, бір сөзділікке баулуға әсер етеді. Бүгінгі таңда ер мінездің ұсақталып, жігітке айбын мен қайрат жетіспей жататындығы шындық. Жыр жаттап өспеген балалардың санасында еліктер ердің бейнесі қалыптаспайды. Ал батыр бабаларының өшпес ерлігі жанын тебіренткен шәкірттер, елім деген ердің бейнесін өздеріне үлгі етіп алады. Абыз жыраудың дастандары намысты қайрап, руһты қамшылаумен бірге, тілі көркем, ұйқасы үйлесімді болғандықтан жаттауға жеңіл келеді. Ғалымдардың дәлелдеуінше, жыр жаттау адамның танымын кеңейтумен қатар миының дамуына оң әсер етіп, есте сақтау қабілетін жақсартады. Аптасына 1 сағат «Жыр алыбы – Жамбыл» авторлық бағдарламасын оқыту – жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне, тұлғалық дамуына септігін тигізетін оң бастама.

«Жыр алыбы – Жамбыл» бағдарламасының алғашқы нәтижелері Жамбыл Жабаевтың туғанына 176 жыл толуына орай өткен «Жыр алыбы - Жамбыл» атты әдеби кеш ұйымдастырған мектеп оқушылары ақын жырлары сынды ақ алмастай жарқылдап сахнаның сәнін кіргізді. Жас өнерпаздар Жамбыл бабасының жыр бұлағынан қанып ішіп, жүз жасаған дана қарттың өнегесін өн бойына сіңіргенін байқатты. Жамбыл шығармашылығына бойлау оқушыларға қосымша білім берумен қатар, олардың өз бойындағы бұғып жатқан тұлғалық қабілеттерінің бас көтеруіне, тың болмыстарын ашуға көмектескені айқындалды. Сондай-ақ Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бастаған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен «Мен оқыдым, сен де оқы!» кітап жарнамасында шәкірттердің Жамбыл шығармашылығына ден қойып қызыққаны анық байқалды. Авторлық бағдарлама шәкірттердің кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға себеп болды. Жаңа заманның бізден сұрары шығармашылық қабілеті жоғары, тыңнан түрен сала алатын еркін ойлы, тарихына тағзым ете білетін саналы тұлғалар. Бұл бағдарламаны сыннан өткізу кезінде «Жыр алыбы – Жамбыл» авторлық бағдарламасының білім беру ісінде осынау мүддеге жеткізер таптырмас мүмкіндік екендігі анықталды.

«ХХ ғасырдың Гомеры» атанған Жамбыл бабамыз қашан да ел мүддесін жоғары қойып, шындықтың шырылын жеткізетін халықтың үні болған. Ақынның бай мұрасымен кеңінен танысу Жамбылды ғана емес, Жамбыл арқылы қазақты тануға әкеледі. Жас ұрпақ жыр дариясына бойлай тұрып өзінің де көкөрім шыбықтай әлсіз өсінді емес, тамыры тереңге кеткен алып бәйтеректің бір бұтағы екендігін ұғынады. «Жыр алыбы – Жамбыл» авторлық бағдарламасы «Мәңгілік ел» боламын деген биік мүдденің жолына қаланған кірпіш тәрізді. Сондықтан еліміздің әр мектебінде бұл бағдарлама кеңінен оқытылып, жас жүректің алауын Жамбыл жырларымен жақсақ нұр үстіне нұр болар еді. Бұл бағдарлама қажеттілігі жоқ құр уақыт өткізу емес, құндылығы мол дүние екендігін алғашқы сыннан өткен жылы-ақ көрсетті. Ақындардың атасы аңсап өткен азаттықтың ақ таңы арайлап атқан шақта қазыналы қарттың жыр сандығынан керегімізді алып, жас ұрпақтың тәлім-біліміне жұмсай білсек тәуелсіз елдің тұлғаларын тәрбиелей аламыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!