Материалдар / "Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер " тақырыбындағы ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер " тақырыбындағы ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімі үшін көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
1449
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебі











Тақырыбы: «Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер»



Бөлім атауы: әдебиет –тарих

Пәні: қазақ әдебиеті











Орындаған: Себепова Қарақат

10 -сынып оқушысы


Жетекшісі: Нахуанова Амангул Жаксылыковна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі











2020-2021 оқу жылы


Жоспары


  1. Кіріспе Жыраулар поэзиясы

II. Негізгі бөлім

1. Жырау сөзінің шығу тарихы.

2. Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер

III. Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

V.Қосымшалар































Ғылыми жобаның мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылықтарды бағалауға, ана тілі мен өз елінің әдебиетін құрметтеуге шақыру, шығармашылық істерге баулу жобаның басты мақсаты болып табылады.

Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

-Оқырманның жалпы сөз өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру;

-Көркем шығарма оқуға дағдыландыру;

-Сөздік қорының молаюын қадағалау;

-Өздігінен білім алуға дағдыландыру;

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:

1. Поэзия жанры арқылы ақынжандылыққа баулу;

2.Жыраулар тілінің шеберлігін талдай білу, оның айтпақ ойын жете түсінуге шақыру;

3.Ана тілі мен ұлттық құндылықтарды бағалай білуге шақыру;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

-Жобада көнерген сөздер жыраулар поэзиясынан жинақталды.

-Көне сөздер арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейіп, сол сөздерді күнделікті өмірде мағынасын түсініп ,қолданылуы басты назарға алынды.




АНДАТПА


Қоспаева Айымның «Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер» тақырыбында орындалған ғылыми жобасы үш бөлімінен тұрады:

Кіріспе бөлімінде жыраулар поэзиясына, өкілдеріне шолу жасаған, олардың тек басшы емес, халық қамын ойлап, ел басындағы қиыншылықты жырлауымен бірге, елдің дүниетанымын, ой-санасын көркем тілмен бере білгеніне тоқталған .

Сонымен қатар жұмыстың мақсаты, міндеті, жаңашылығы берілген.

Негізгі бөлімінде жырау сөзінің шығу тарихына тереңірек тоқталған. Қазіргі кезде жыраулар поэзиясындағы кей сөздердің көнеріп, мағынасы көмескіленуіне тоқталған. Оған барынша өз тарапынан түсінік беуге тырысқан. Әрине бұл өте пайымды жасалған дүние.

Ғылыми жобаның қорытындысында алдына қойған мақсаты мен мәселелерінің түйінін, шешілу жолдарын мәлімдеген.

Оқушы ізденген , зерделі шолуы аса ұқыптылықпен орындалған.















Аңқаты ЖОББ мектебінің 10 «б»- сынып оқушысы Қоспаева Айымның «Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер» тақырыбында жазған ғылыми жобасына



ПІКІР

Қоспаева Айымның «Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер» тақырыбында орындаған ғылыми жобасында жыраулар поэзиясының маңыздылығына, сол кездегі қолданылған сөздердің мағыналарының күңгірт тартуына байланысты сөздерге тоқталған. «Жыраулар поэзиясындаңы көне сөздер» атты жобаның маңызы жоғары. Бұл жоба негізінде жасөспірім жыраулар поэзиясымен толығымен танысады және көне сөздердің мағынасын біледі, оны керекті жерінде дұрыс қолдана алады. Сондай-ақ, жас өспірімдердің әдемі де айшықты сөйлеуге ұмтылу дағдыларын дамыта түседі. Бұл жұмыс тілді жете түсінуге, ұрпақтың тіл байлықтарын дамыта түсуіне, олардың шығармашылығын шыңдауға әрі сөздің мағынасын түсінуіне септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Келешекте ғылыми жұмыстармен айналысып, ізденеді әрі үмітті ақтайды деп сенуге болады.



Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аронов К.








Кіріспе

Қазақ халқының өнер тарихында, қазақ елінің түкпір-түкпірлерінде елдің бірлігі мен ынтымағын ойлаған, ауызбірлігін тілеген жыршылар, жыраулар өте көп болған. Ауыз әдебиетінен бізге жеткен 15-18 ғасырларды қамтитын жыраулар өкілдері: Асан Қайғы (XV ғ.), Қазтуған жырау (XVғ.), Доспамбет жырау (XVI ғ.), Шалкиіз жырау (1465-1560) Жиембет жырау (XVII ғ.), Марқасқа жырау (XVII ғ.), Ақтамберді жырау (1675-1768), Үмбетей жырау (1706-1778), Бұқар жырау (1669-1781) жыршы, жырау, ақындар. Бұлар Қазақстанның (қарта бойынша орналасуына қарасақ) түкпір-түкпірінен шыққан өнерпаздар, бірі Қырдан, бірі Сырдан, бірі Жетісудан, бірі Сарыарқадан, бірі Батыстан, бірі Шығыстан, бірі Арқадан, бірі Алатаудан, бірі Қаратаудан шыққан.Олар бүкіл қазақ ауыз әдебиетінің өнер өкілдеріне айналып, бұқара халықтың есінде мәңгі орын тепкен Жоғарыда аталған жыршы, жыраулар мен ақындар өз заманының беделді батыры, жорық жырауы, қолбасшы батырлардың ақылгөйі, тіпті кешегі патшалық Ресейдің қоластында болған замандарда да би, болыс, ауылнайлық қызметтерін атқарған.

Жыраулар тек ел билеп қана қоймаған, халықтың басынан кешірген ауыртпалықтарын жырлауымен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Әр халықтың өзіндік ұлттық сипаты, тым әріден бастау алатын тарихы мен оның даму және қалыптасу ерекшеліктері болады. Сол сияқты қазақ халқының да ұлт ретіндегі қалыптасып, даму тарихы ғалымдар тарапынан зерттеліп көрсетілген. Қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен салт-дәстүрі – ерекше назар аударатын, қай жағынан алып қарасаң да, қыр-сыры мол, өте бай мұра. Ата-бабаның осы дәстүрін, оның ұлттық болмысын жас ұрпақ санасына сіңіре білу – біздің, яғни ұстаздар қауымының мойнындағы ауыр жүк. Әсіресе, қазіргі жаһандану заманында жастарымыздың, кейінгі буынның батысқа жаппай еліктеп, ұлттық танымнан алшақтап бара жатқанын жасыра алмаймыз. «Ауруын жасырған өледі», -дейді қазақ. Шындығында, қазіргі буынның қай салада болмасын замануи ағымға тым бейімделіп бара жатқанын жасырып-жапқанымызбен тайға таңба басқандай көзге ұрып тұрады. Әрине, заманына қарай – адамы деген түсінік те бар. Әр адамның өз заманына сай, сол өзі өмір сүріп отырған заманауи талап-тілектерге жауап бере алатындай жан-жақты, бәсекеге қабылетті тұлға болып шыққаны абзал. Алайда, бұл өзіңнің болмысыңды өзгертіп жібер деген сөз емес қой. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, өзгені білдім екен өзіңді тәрк етпе. Сол себепті ұлттық салт-дәстүрді бағалайтын, қазақтың тілін, діні мен ділін, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін тәрк етпейтін, керісінше дәріптейтін ұл мен қыз тәрбиелеп өсіру үшін көне сөздердің мағынасын ашу, түсіндірудің маңызы зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Көп ұлтты жастардың өздерін Қазақстан тарихына, өткен буынның маңызды өмірлік құндылықтарымен сәйкестендіруіне үйрету керек, жастарға нақты өмірлік бағыт беру керек» деген. Ендеше жас буынға ұлттық негізде тәрбие беру аса қажет. Бұл тұрғыда, мектеп бағдарламасында өте көп сағат бөлінбейтін жыраулар поэзиясын оқытудың маңызы зор. Жыраулар поэзиясы арқылы Отанын, елін-жерін сүйетін елжанды ұрпақ тәрбиелей аламыз. Әрі баланың поэзияға, тарихқа деген қызығушылықтарын оятамыз. Бұл жобаның өзектілігін танытады.


Негізгі бөлім

1.Жырау сөзінің шығу тарихы

Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Ал осы тәрбиелі сөз орамдарының кейбірі, кей сөздері қазіргі кезде бізге түсініксіз, мағынасы күңгірт тартып бара жатқан сөздер .

Жырау сөзінің шығу тарихына толатын болсам,байырғы жыраулар көне қоғамда мынадай қызметтердің үрдісінен шыққан: Жырау – қоғамның ұйытқысы, басқарушысы, көсемі, ақылгөй ақсақалы, келешекке жол сілтеуші, батагөйі; жырау өзі өмір сүрген қоғамның қорғаушы күші, салт-дәстүрлерін қалыптастырушы, барша асыл мұраттары үшін күресуші, жасампаз рухтың иесі; жырау өз қоғамының дүниетанымын қалыптастырушы, тұрмысы мен болмысын реттеуші; жырау-барша мұраттардың жүзеге асуының кепілі. Сондықтан да оның шығармашылығында өз қоғамының барша қарама-қайшылықтары мен үйлесімдері, орындалған және орындалмаған мақсаттары, халқының басындағы түрлі-түрлі тарихи, әлеуметтік, этнопсихологиялық асулары тайға таңба басқандай көрініс тауып отырады. Жырау сөзінің этнологиясына байланысты М.Қашқари, В.Радлов, Ш.Уәлиханов, Х.Зарифов, В.Жирмунский, М.Смирнова, Е.Смайлов, Қ.Айымбетов сияқты ғалымдардың пікіріне сүйене келе, фольклортанушы Едіге Тұрсынов: «Демек, «жырау» деген атау «йыр-жыр» сөзінен «йырағу-жырау» формасы арқылы жасалған сөз деп айтуымызға әбден болады» - деген қорытынды жасайды. Шоқан Уалиханов: «Ұйғырлар өздерінің жыршыларын «бахши» десе, Әуелбек Қоңыратбаев: «Бақсылық құралы-қобыз, сарыны-күй, өлшеуі-жыр» дейді. Әубәкір Диваев: «Бақсы- шағатай тілінде емші, тәуіп, көріпкел, сиқыршы деген мағынаны білдіретін бақшы сөзінен тарайды» деген пікірін алға тартады. Аталмыш ғалымдардың түйіндей түскенде шығатын қорытынды, көне замандарда бақсы, сәуегей, жыршы, ақын сияқты түрлі типтердің сан тарау қияметтерін жыраудың жеке атқарғандығы. Жырау - синкретті тұлға.

Белгілі қазақ ғалымы, М.Мағауин: «Жырау деген атаудың өзінің «Жыр» сөзінен шыққандығы күмән туғызбайды» деген пікірге тоқтайды.

Махмұд Қашқари жырау сөзін (йырағу) өлең шығарушы, музыкант деп түсіндіреді. Өйткенмен, жырау бағзы замандардың өзінде ең алдымен сөз зергері ретінде танылады.

2.1.Жыраулар поэзиясында кездесетін көне сөздер

Тіл - өмірмен өзектес, жанды құбылыс. Сондықтан, оның сөздік құрамы әрдайым өзгеріп, толығып, дамып отырады. Әр дәуір, әр қоғам, әр халық өзіне қажет жаңалықтарды туғызса, сол зат, құбылыс, ұғым, іс-әрекеттің өз атаулары пайда болады. Ғасырлар бойы жасаған халық өзінің саяси-әлеуметтік тіршілігіне орай өзінің төл мәдениетін қалыптастырған. Халықтың шежіресі де, этнографиясы да, таланты да, ерлік, елдік қасиеті де ХV ғасырда дүниеге келе бастаған жыраулар поэзиясында айқын көрінеді. Тіл білімінде толғауларда кездесетін жұртшылыққа түсініксіздеу, байырғы лексиканың үлкен тобын кездестіреміз. Солардың бірі – жауынгерлік қару-жарақ атауларын білдіретін сөздер, оларды әскери атау деп алып, оларға анықтама беріп, сөздердің шығу тарихына тоқталдым. Жыраулар поэзиясынан мысалдар келтіре кетейін.

Ауыр. Қазақтың батырлар жырлары мен лироэпостарында,

15-19 ғасыр жыраулар тілінде ауыр әскер, ауыр қол, ауыр жұрт сияқты тіркестер кездеседі. Мысалы, 16 ғасыр жырауы Шалкиізде: «Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз, Тебіренсе ауыр жұртын тындырмас. Мұндағы «ауыр» сөзі мағынасына қарай әскери атау. Түсіндірмеде «ауыр- қолбасшы әскер » деп көрсетілген. (ҚТТС,1 т.)

Адырна. Әскери атаулы сөз. Шалкиізде: «Адырнасын атқа алған, Атқан оғы тайға алған.» (Б.ғ.ж. 48).

Я болмаса, 15 ғасыр жырауы Қазтуғанда: «Адырнасы шай жібек оққа кірісті»... (Б.ғ.ж. 28) Осы жердегі «адырна» сөзі, сөз жоқ садақтың тарамысы.

Түсіндірмеде бұл мағынасы ашып көрсетілмеген.

Назарымызды «сақсыр, сақетер» деген сөздер аударды. Бұл сөздердің де мағынасын зерттедік.

Сақсыр, сақетер. Ертеде өткен Доспамбет жыраудың бір толғауында: «Сақетер тиді саныма, Сақсырым толды қаныма»,-делінген. Мұндағы сақетер, сақсыр сөздері бұл күнде қолданылмайтын бейтаныс атаулар. Контекске қарағанда сақетер – қарапайым соғыс қаруының аты (сақ етіп тиетін нәрсе) немесе «сақ етіп тиетін оқ» дегеннің образды атауы. С.Аманжолов «сақетер» сөзін әдеби тілдегі қылыш дегеннің орнына қолданылатын диалектизм деп таниды.

«Сақсыр» сөзі тағы контекстегі мағынасына қарағанда киімнің, қазақтың батыс өлкесіне тән жергілікті сөз оның ішінде не аяқ киімнің, не шалбардың атауы.

Сондай-ақ, киім-кешек атауларының кей түрі қазіргі таңда мүлде қолданылмайды. Сол себепті, бұл да қызықты болды. Сондықтан, киім-кешек атаулары деп алдық.Мысалдар келтіреміз.

Кілең. Ертеректе қолданылған киім-кешек атауы. Түркі тілдеріне тән, байырғы сөз. Негізгі мағынасы – тон.

16 ғасыр жырауы Доспамбетте: «Кілең бұзбай кілшейтіп, Көбелер киген өкінбен. (б.ғ.ж. 31-бет). Көбе сөзі де көне сөз атауы.

Көбе – сауыт атауы. Әскери атау.

Жыраулар поэзиясында осы кезде мағынасы мүлде күңгірт тартқан сөз кездесті. Ол- сайғақ сөзі.

Сайғақ. Шалкиіз жырауда:

«Саздауға біткен қара ағаш,

Кімдерге сайғақ болмаған»,- делінген. «Сайғақ» сөзі жырау толғауында «Адам баласы о дүниелік болған кездегі бейітінің басына белгі етіп қоятын ағаш» мағынасында қолданылған.Осы мағынасына сәйкес, бұл сөзді тұрмыстық-зат атауы деуге болады. Осы секілді мағынасы күңгірт тартқан, қазіргі кезде мүлде түсініксіз сөздер жыраулар поэзиясында молынан кездеседі. Әйткенмен, жыраулар поэзиясы халық өмірі мен жарқын болашақ үшін үлес қосып, дәстүрлі поэзияның көркейе түсуіне үлес қосты.


Қорытынды

Көнерген сөздердің мағынасын білу үшін түсіндірме сөздікті керекті жерде сабақта пайдаланып отыру керек. Оның өзі баланың жаңа сөз үйренуіне, сөз мағынасын іздеуге үндейді. Жасөспірімдердің білім-білік дағдыларының дами түсуіне, олардың әдемі де айшықты сөйлеуге ұмылуына пайдасын тигізе түседі.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.) 3 кітап.

2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. - Алматы,1993.

3. Сүйіншәлиев Х.ХҮІІІ-ХІХ ғ. Қазақ әдебиеті. - Алматы, 1961.

4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық. - Алматы, 1991.

5. Алдаспан. Жинақ. - Алматы,1971.

6. Ақберен. Жинақ. - Алматы,1972.

7. Абылқасымов Б. Жанр толгау в каз. устной поэзии. – Алматы, 1984.

8. Абылай хан (Тарихи жырлар). - Алматы, 1993

9. Әдеби мұра және оны зерттеу. - Алматы, 1961

10. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991

11. Айғабылов А. Кейбір сөз сырлары // Қазақстан мектебі,1981, №3,/71 б/.

12. Әбіласов Ә. Көне сөздер құпиясы: Тарихи зерттеу. – Алматы, Ана тілі, 1995, /80б/.

13. Байжанов Т. Қазақ тіліндегі әскери лексика.- Алматы, «Рауан», 1991.

14. Жүнісов Д. Өзен-көл атаулары. - Алматы,1991.

15. Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. - Алматы, «Рауан», 1994.

16. Нұрмағамбетов Ә.Сөз сырына саяхат. – Алматы, «Жалын», 1990.

17. Рүстемов Л. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. – Алматы, 1994.

18. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы, 1966.

19. Оңдасынов Н. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік, І, ІІ том.

20. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Х том.

Жобаның мазмұнына қосымшалар:

Жырау тұлғасының тұтастануы мен тарамдалуы










R1 - Әлеуметтік сұраныстар мен қоғамдық қажеттіліктер

R2 - Даму нәтижесінде туындаған жаңа талаптар

Ф - Жаңа талаптарды қанағаттанушылар

Көрсетілген кестедегі «R1» белгісін анторопогенездің даму нәтижесі тудырған әлеуметтік сұраныстар мен қоғамдық қажеттіліктер деп қарастыруға болады. Ал «Ядро» осы сұраныстар мен қажеттіліктерді қанағаттандырушы – жырау. Осы бейне қоғам дамуы тудырған жаңа талаптарға сәйкес, әлеуметтік қызметі мен сыр-сипаты бөлектене бастаған қоғам мүшелерін тудырады. Сөйтіп екінші кезектегі «R2» белгісі пайда болады. Жаңадан пайда болған осы талаптар жыраудың тұтас бейнесін бөлшектеп, «Ф» белгісі түрінде – ақын, әнші, күйші, би, шешен, т.б. әлеумет өкілдерін дүниеге келтіреді. Аталмыш кестеден шығатын қорытынды: 1. Жырау-алғашқы кезеңде өз руының өміршеңдігінің көздеген батагөй. Демек ол әлеуметтік тұрғыда өз қоғамының ғана емес, сол қоғам мүшелерінің де мүддесін көздеуші бақсы, балген, көсем функцияларын да қоса атқарған синкретті тұлға. 2. Адамзат баласының алдында тұрған тұтастану (интеграция) проблемасы оның образын басқа қырынан, мүлдем жаңа сұраныстар тұрғысында, соны пайымдалу нәтижесі ретінде қайта жандандыру әбден мүмкін.

Сонау Қорқыт баба (VII-VIII ғ.ғ.) дәуірінен бері қалыптасқан бақсылық, өнер ұзын ырғасы біздің XXI-ғасырға дейін жеткенін қазіргі ғалымдар дәлелдеумен келеді. Бір басында – данагөйлік пен сәуегейлік, қолбасшылық пен саясаткерлік, батырлықпенен көсемдік, жыраулық пенен жыршылық өнер топтасқан Қорқыт образы нағыз – жоғарыда айтылғандай синкретті – өнерпаз образы. Қазақ халқының қазақ болып қалыптасқан ел болғанына дейінгі ру, тайпа, ұлыстардың тарихын, олардың саяси әлеуметтік өмірлері, іс-әрекеттерін, ауыз әдебиетіндегі жыр, толғау, дастан, шежіре, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақжаңылтпаштар, мысал-тымсалдар осы жыршы-жырау, ұзандар арқылы жеткен. Бұл туралы Қорқыт баба былай дейді: «Қолына қобыз ұстаған ұзан (жырау, жыршы) – елден-елге, бектен-бекке барады. Кімнің батыр, кімнің батыл екендігін жырау білер».

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!