Материалдар / Жусан (Artemіsіa)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жусан (Artemіsіa)

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкетану бағыты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2021
545
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1



Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Ақсоғым ауылы
Восход жалпы орта білім беретін мектебі


Жоба
«Жусан»




Бағыты: Өлкетану
Дайындаған: 7- сынып оқушысы Сұпығали Аружан
Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Идресова А.Т
Өту мерзімі: 2018-2021жж





Page 2



Оқушы туралы мәлімет





Сұпығали Аружан
7- сынып оқушысы
Оқу екпіндісі
Биология, география, қазақ тілі пәндерін сүйіп оқиды, бос уақытында
кітап оқығанды, сурет салғанды ұнатады.











Page 3










Аннотация

7-сынып оқушысы Сұпығали Аружан «Жусан » тақырыбындағы
ғылыми жобасы қазіргі қазақ даласында кең таралған емдік қасиеті бар
өсімдіктердің бірі ауылымыздың жерінде өсетін жусан түріне арнайы
тоқталып, пайдалы жақтарын ашып көрсете білген. Зерттеуші пікірін
ұтымды,ойын ашық жеткізген. Ол тек ауылдағы жусан ғана емес,
Қазақстан жерінде кездесетін барлық жусан түріне сипаттама беріп, осы
өсімдіктен қандай дәрі-дәрмек жасағаны туралы ғаламторда көп іздену
жұмыстарын жасағаны байқалады. Жалпы жусанның біздің күнделікті
өміріміздегі тиімді жақтары қарастырылған. Жобаның зерттеу
бөлімінде жан-жақты талдап, өзіндік пікір айтады.
Сонымен қатар жусаннан түрлі қоспалар жасалып,оның қандай
мақсатта қолданылатыны айтылған және де бір мысалы ретінде өзі
тәжірибе жасап көрсеткен. Ең бастысы-салауатты өмір сүру екендігін
ұмытпаған.
Бұл жұмыстың келешекте де пайдаланатын мәліметтері мол екендігін
атап өтуіміз керек.




Page 4








Мазмұны:


1.Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер

















Page 5





Кіріспе
Табиғат адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған. Адам оны
қорғап, терең зерттеп, көркейте алады, бірақ ол табиғатсыз
тіршілік ете алмайды. Табиғат дегеніміз - біз өмір сүретін жер,
орман, өсімдіктер және жануарлар әлемі, бірақ сөзбен айтқанда
бүкіл әлем.
Табиғат - тіршілік атауының құтты қоныс мекені. Алтын ұя,
қоршаған ортасы. Табиғат байлығы-адамзат өмірінің баға жетпес
байлығы. Тірі табиғат арасында неше түрлі қызықты байланыс
бар. Бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасып келе жатқан құрлыс.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері,
олардың кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі
кезде шөппен емдеу-фитотрепияны үй жағдайында кеңінен
қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрәсәз ем-домды
жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер
сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды
пайдаланып қорғай білудің маңызы зор. Мың теңге тұратын дәрі
шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр деген халақ даналығы бекер
айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын ролі
аса зор екені тәжірибеден мәлім. Алғаш рет қазақстанда
өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер жазылды. Көптеген
орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды.
Ғасыр бойы емдік өсімдіктерді қолдану тәжірибелері жүргізілді.
Бұл жазбалар ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет
толықтырып, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдістері
қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500-


Page 6



інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі
дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда
медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі.
Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік
өсімдіктерге жатақы. Жусан (Artemisia) – гүлді өсімдіктердің
күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптектес
өсімдіктердің туысының атауы. Сонымен қатар дәрігерлер
мыңжылдық деп атайды. Ол- денсаулық пен ұзақ өмірдің символы.
Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп
жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта.
Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы
жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде
1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып
өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан қауырсын
тәрізді.Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі-тұқымша.
Жусанның 17- түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал
Қазақстанда кездесетін бір ғана түрі-дәрмененің дәрілік шөп
ретінде ерекше мәні бар.











Page 7




Негізгі бөлім.
1. Жусанмен танысу. Жусан — күрделігүлділер тұқымдасына
жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер,
шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде — шөл-шөлейтті далада,
таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-60 см,
кейде 1,5-2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі.
Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті
тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті,
себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген
сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін
гүлдейді. Жемісі — тұқымша. Жусанның 17 түрі - сирек кездесетін
эвдемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі –
дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын
жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм
тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улыт үрі (таврийжусаны)
де кездеседі, оны мал жемейді[22]. Жусан — құнарлы мал азығы,
дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлыөсімдік.
Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді. Жусан өсімдігі
гүлдеп тұрған кезінде нағыз күшіне енеді. Осы кезде оны сабағымен
кесіп алып қайнаған суға тұндырады. 10 литр суға 2-3 кг жусанды
бұқтырады. Жусаннан жасалынған тұнбаны жеміс ағаштарына
түсетін құрттарға қарсы қолданады. Әсіресе, алма, алмұрт,
құлпынай, бүлдіргендердің жемісі пісе бастаған кезде олардың бір
шетін үңгіп жеген жәндіктерді көзіңіз шалмайды. Бірақ жемістер
жартылай зақымдалып, тіпті жеуге жарамсыз болып қалады. Сол
үшін де осы тұнбаны жемістер гүлдеп болып, түйін салған уақыттан
бастап аптасына бір рет өсімдіктерге шашып тұрсаңыз еш зиян


Page 8



етпейді. Осы сияқты ащы бұрыш, темекі шөп, темекінің
қалдықтары, дала қышасы, сүйелшөп, ат қымыздықтың тамыры,
барқытгүлдің сабақтары, жусан өсімдіктерін табиғи ем ретінде
зиянкестерге қарсы қолдануға болады. Тіпті, жусан,
барқытгүлдердің мәдени түрлерін топтап отырғызсаңыз да пайдалы.
Бұл өсімдіктердің ерекшеліктері сол, иісі өткір болады. Әрине,
адамға зияны жоқ болғанымен жәндіктер үшін аталған
өсімдіктердің иісі жағымсыз. Сол үшін де ұсақ жәндіктер өткір иісті
өсімдіктердің маңына жоламайды.
Жусан деп ел атаған, Шөлге берік өскелең.
Шөп ол бойы жатаған. Дәрі – түбір бұтағы,
Дауылға, желге көшпеген, Жусан – қырдың жұпары.
(Бағдат Айтмұқаева)
Жусан! Осы бір жүрегімізге жылылық сағыныш сезімін ұялатып,
жанымызды жадыратып, көңілімізді көкке көтеретін, даламыздың
дархандығы мен қадір қасиетін санамызға бала кезден сіңіп қалған
салиқалы еске түсіретін қасиетті сөзде ерекше құдірет бар
десеңізші!...
Қаптап қырда шығатын, Көп шөп демей, жусанды
Иісі мұрын жаратын, Біліп ал, шын атын...
(І. Шұғаев)[124].
Қазақстанда өсетін жусанның 17 түрі сирек кездеседі және олардың
кей түрлері тек біздің еліміздің аумағында өсетін эндемик түрлерге
жатады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аймағында ғана өсетін
дәрмене деп аталатын жусанның шипалық қасиеті өте зор.
Шырғалжын жусанының жапырағы мен сабағын тағам реті нде
пайдалануға болады. Жусанның улы түрлері де бар. Ащы жусан,
қара жусан, боз жусан (дәрмене) т.б. жусан түрлері құнарлы мал


Page 9



азығы болып саналады. Тамыржусан мен дәрмене жусаны қолдан
өсіріледі [73].
Жусанның көптеген түрлерінің маңызын халқымыз ерте кездерден
бастап-ақ біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келген.
Жусанның жұпар иісі туралы және оның қазақ даласының қасиетті
өсімдігі екендігі жайында аңыз әңгімелер көптеп кездеседі.
Ойыма ащы мұң салар Жусан – күй мен жусан - ән,
Қапаланып тұрсам бір Жусан сөз бен жусан –
жыр[124].
2. Ол -денсаулық пен ұзақ өмірдің символы.
«Ермен жеген ер өлмес» деген сөздерге жусанның шипалық
қасиетін бірден-ақ аңғартып тұр.Ертеде бабаларымыз жусанның
шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп
отырғандығы туралы деректер кездеседі. Жусанның шипалық
қасиеттерінің зор екендігін байқаған неміс кәсіпкері 1884 жылы
Шымкент қаласында арнайы зауыт ашып, одан «сантонин» дәрісін
алып, ішек құртың түсіруге қолданған[10].
Жусанның бастапқы отаны Палестина мен Мысыр елі болған деген
деректер бар. Ертеде оны арабтар «киелі шөп» деп атаған. Ал
қазақша дәрмене атауы «дәрі міне» деген мағынаны білдіреді. Ата
бабаларымыз ертеден-ақ бұл жусанның сабағы мен тамырының
тұнбасын тәбет ашуға, асқазан, ішектің қызметін жақсартатынын
білген[7].
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен
үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы
қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет
елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды.
Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт
қалтасы ауруына пайдаланады.


Page 10



Ата-бабаларымыз жусанның қасиетін ертеден білген. Шөбі мен
тамырының тұнбасын пайдаланған. Оның тәбет ашуға, асқазан,
ішектің қызметін күшейтуге пайдалы әсері бар. Сондай-ақ оның
құрамында инулин, эфир майы және басқа да қажетті дүниелер
кездеседі. Елдің арасында демікпеге шалдыққан адамға қара
жусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскететінін.
1921-1922 жылдары Алтайдан бастап Орта Азияның дәрілік
өсімдіктерін зерттеген фармацевт ғалым Питирим Сергеевич
Массагетов дәрмененің Арыс өңірінде көптеп өсетінін және оның
«дәрмене дәнегі» шет елдерге жіберіліп тұрған және 1830 жылы
одан сантонин дәрісі алынғандығы туралы жазған. Ертеректе
Шымкент қаласында бір, Ташкент қаласында екі дәрмене жусанын
өңдейтін зауыттар болған[66].
Ертеде халқымыз құяң ауруымен ауырған адамдардың белін күнжіт
майына немесе керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен
емдейтіндігін жазушы Серік Байхоновтың еңбектерінен
кездестіруге болады. Ол «қазақ халқы үшін жусаннан қадірлі,
жусаннан қасиетті өсімдік жоқ»,- деп өте орынды жазған.
Ақын Нұрлан Мәукенұлының «Ермен -ай, ермен, ермен шөп,
Аңқиды иісің желмен кеп... Ерменнің дәмін алғанмын, елжіреп
жүрек қалғанмын» деген жыр жолдарынан ермен жусанының
қасиетін аңғаруға болады.
Дәрмене жусаны шағын аумақта ғана өсетіндіктен және сирек
кездесетіндіктен қатаң қорғауды қажет етеді және жусанның бұл
түрі Қазақстанның Қызық кітабына (1981) тіркелген. Мал
қоректенетін өсімдіктердің құнарлысы мен нәрлісін халқымыз «от»
деп атайды. Мысалы, киік оты т.б. «Жусансыз жерді от деме,
көжесіз елді тоқ деме»,- деген халық нақылы соның бұлтартпас
айғағы деп атап айтуға болады. Халық ұғымында «қара от» -


Page 11



«жусанды жер» деген мағынаны білдіріп, ондай жер түйе мен қой
үшін өте пайдалы өңір деп есептелінсе, «боз от» - бетегелі,
қауданды, қияқты, бидайық өскен жерлерге айтылады. Мұндай
жерлер жылқы түлігі үшін өте құнарлы азық болады деп тұжырым
жасаған. «Изен, жусан болмаса шөпте береке болмайды, ауыз бірлік
болмаса, көпте береке болмайды» деген Ескелді би бабамыздың
даналық сөздері осының айғағы іспеттес [124].
Жалпы ата-бабаларымыз «жусан» деген сөзді естіген кезде жандары
ерекше жадырап, туған жерге деген ерекше сағыныш сезімге
бөленеді. Қазақ халқы үшін жусан қасиетті өсімдік. Алыс сапарға
аттанғанда жусанды өзімен алып жүріп, туған жерге деген
сағынышын басады, яғни «Отан» деген ұғыммен пара-пар мағынада
айтылады.
Ертеде бір батыр жігіт өз елін тастап жатжұртқа кетіп қалған екен.
Оны елге қайтару үшін қаншама рет барған елшілердің сөзіне құлақ
аспапты. Сонда бір тапқыр данышпан елде өскен кепкен жусанның
бір бумасын апарып иіскеткенде елге деген ерекше сезімі оянып,
көзінен жасы тамшылап, жедел туған еліне оралған екен деген аңыз
да ақиқатты аңғартса керек.
Тұнып тұр ғой түз деген, Сондықтан да біз деген
Жусан болып мың аңыз.. Жусан аңқып тұрамыз..
(Темірхан Медетбек)[124].
Халқымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов «Абай жолы»
роман эпопеясында «Шөп атаулыдан да қой оты – мық жусан мен
ұсақ, тырбықай бетеге болмаса, өнге бойшаң, тамыры босаң
шөптерді жұлып ұшырып әкететін әдеті бар. Тегінде
Шыңғыстаудың асыл шөбі – мық жусан. Бұл қойдың ырысы», - деп
бекер жазбаса керек.


Page 12



Көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» деген
әңгімесі де жусанның аңқыған жұпар иісінің қасиетіне арналған.
Ал, аты әйгілі түріктанушы тарихшы, әрі жазушы Мұрад
Ескендірұлы Әджидің «Жусанды қыпшақ даласы» атты өте құнды
тарихи еңбегінде жусан жайында жазылған тұстары жусанның
қадыр-қасиетін білетін кез келген адамды бей-жай қалдыра
алмайды.[22]
Қазақстанның орталық аймағында өсетін жусанның бір түрі –
тықыр жусан деп аталады. Осы жусан түрінен көпжылдық
ізденулердің нәтижесінде көрнекті ғалым Қазақстан Республикасы
Ұлттық Ғылым академиясының академигі Серғазы Әдекеновтың
басшылығымен ғалымдар «Арглабин» деген жаңа дәрі жасап
шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде –
АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б.
таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда. Осындай әлемдік
аса маңызды ғылыми жаңалығы үшін Серғазы Әдекенов бастаған
бір топ ғалымдарға 2007 жылы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығы берілді (1- сурет)[20].








1-сурет


Page 13



3. Жусанның химиялық құрамы.
Ол улы шөп-тамырларды аса сақтықпен жіңішке ауруларға, тері
ауруларына, күйікке қолдана біліпті. Құнанбай қажы ауруынан
емдеп жазуға ша-қыртқанында, Ырғызбай емші қоңыр аюдың өтін
бауырымен қоса алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік
мүйіздерінен жасаған дәрілерін реттеп, әбден қайнатып тазартқан,
мумиесін мысқал–мысқалға бөліп, дайындапты. Ол Құнанбай
қажының өт жолының да бұзылғанын біліп, өзіне арнап тігілген
киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш түрлі шөптен, қырық бір түрлі
жапырақтан, гүл мен тамырдан дәрі жасап, оны жылқының іш
майына араластырып қайнатып, жеті түрлі дәмнен тосап
дайындайды. Тосапқа аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі
ішкіздіртіп, қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны ауруынан жазып
алады. Құнанбай қажының өтінішімен Сыбан еліндегі ақын Түбекті
де емдеп, қатарға қосады. Содан Сұртай ақын Ырғызбай емшіні
былайша жырға қосады:
... Ырғызбай елге әйгілі тәуіп еді,
Құнекеңе шипалы ем тауып еді.
Ажалдан Құнанбайды алып қалды,
Әйтпесе, басқа төнген қауіп еді...
Құнекең сыйға тартқан сол биені,
Сусынға неше жылдай сауып еді.
«Емші» өсімдіктер тарихынан
Ертедегі египеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос,
көкнәр, жалбыз, тал, арша тәрізді өсімдіктердің шипалық қасиетін
ежелден біліп, пайдаланған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен
Үндістанның аты шыққаны мәлім. Мұнан 4 мың жыл бұрын
үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктерді халық емінде қолданғаны
жөнінде деректер бар. Ал енді Қытайда дәрілік өсімдіктер жөніндегі


Page 14



алғашқы кітап мұнан 5 мың жыл бұрын жазылыпты. Орта ғасыр
ғалымы Пара-цельстің ерте заманнан келе жатқан ілімге сүйене
жасаған тұжырымдамасы:«Емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен
иісі аурудың сипатына сай келуге тиіс». Яғни, сарғайып
ауырғандарды сары түсті өсімдікпен, бүйрегі ауыратындарды
жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Қазақтардың
қылшадан дәрі жасауын басшылыққа алып П.С. Моссагетов 1924
жылы Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалық
қасиетін ашты.Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан,
бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады. [22]
4. Жусанның қолданылуы.
Жусан сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әртүрлі микробтарға қарсы
тұрады. Химиялық медицинада жусанның шырыны әртүрлі
ауруларға пайдаланылады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы
жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданылады. Халық
медицинасында дематика қарсы дәрі ретінде қолданылады.
Жусанның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Жусанның сөлін 4-8
рет пайдалану қажет. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық
жарасында асқазан ауруларына қарсы қолданылады. Кейбір
шырындарға да қосады. Жусанның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл
бұрын белгілі болды. Орыс медицинасында жусанның сөлін жүйке
ауруларын, бас ауруы т.б сырқат үшін, бал мен борсық майын
қосып туберкулезді емдейді.
Иммунитет көтеруде: 500гр жаңа кесілген жусанның сөлін грек
жаңғағымен араластырып ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан
бал араластырып, тамақтан соң бір асқасықтан күніне үш мезгіл 1
ай ішу керек. Демікпеге жас жусанды езіп шырынын күніне үш рет
әр ретте 5мг ішеді.


Page 15



Сондай ақ адамның тәбетін ашуға іш тоқтатқанға, асқазан ауруына
ішек ауруларына жақсы ем. Жалпы аудандық көрсеткіш бойынша
жусан өсімдігі таралуы бойынша алдығы қатарда (2-сурет 2-
кесте)[66].

2- сурет


















Page 16





Тәжірибе –зерттеу жұмысы.
500гр жаңа кесілген жусанның сөлін грек жаңғағымен араластырып ет
тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң
бір асқасықтан күніне үш мезгіл 1 ай ішу керек. Демікпеге жас жусанды
езіп шырынын күніне үш рет әр ретте 5мг ішеді.

Жусаннан жасалған қоспалар.
1.Қоспа №1
Жаңа жусан сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз
және де бал қосамыз. 100гр какао, жусанның жапырағының
1,5 бөлігін 1 чай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз.
Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.
2.Қоспа №2
Жусанның жапырағын езіп күніне сөлін 3-4 тамшы қолданамыз.
Мұрын қуысы ауыруына қолданамыз.
3.Қоспа №3
Жусаннын сөлін балмен араластырып бронхитке қарсы күніне 3
рет чай қасықтың ½ бөлігін пайдаланады.
4.Қоспа №4
Жусанды жуып тазалап мясуробкадан өткіземіз, бал қосамыз.
Асқазан қыжылына бір чай қасықтан қолданады.
5.Қоспа №5
Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.

Біріншіден, Жусан негізінен ащы өсімдік. Онымен ұсақ малдар
қоректенеді. Бір стақан ыстық суға екі шай қасық фио-шайын
салып, бұқтыруға қойылады. Сосын сүзіп алып оны ішуге болады.


Page 17



Ол ішкі ағза- бауыр, өт, асқазан (гастрит), іш кебу т.б. ауруларына
мыңда бір ем. Екіншіден, қара және ақ жусанды пайдаланып,
оларды қайнаған суға ұсақтап салып, бұқтырып қоямыз. Судан
жусан алып, кішкене суытып, аяққа тартамыз. Аяқты қалыңдап
байлап (қымтап) 15-20 минут ұстаймыз. Аяқтың сырқырауын,
буын ауруларын басады.























Page 18




Қорытынды
Денсаулығымыз мықты болуы үшін батпаңдап кіріп, мысқылдап
шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік
өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен
айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасын
қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.
Міне, емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан
мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді.
Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтайды. Дәрілік
өсімдіктер жаңға шипа, дерке дауа болады.
Жусан әсемдігімен көздің нұрын алады. Гүлдеуі өте сирек.
Жусанды сыныптастырымның арасында кеңінен насихаттадым.
Ерте заманның дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз
білген. «Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ» дегендей
қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам
ағзасына тигізетін зияны көп, өсімдік адам үшін азықтың қайнар
көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын
алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
Қорытындылай келе, жусан өсімдігін зерттеу нәтижесінде
ұсынарым:
1.Ешқашан ауруға берілмеуге
2.Балалар мен ересек адамдардың болашағын ойлауға.
3.Қолымыздан келгенді, даладан іздемеуге.
4.Оның көптеген тигізетін пайдасын, емдік пайдасын одан әрі
зерттеп, қоспасын түрлі дәрі-дәрмектер жасауын қолға алып
дамытса деген ұсыныстарым бар.


Page 19































Page 20



Пайдаланылған әдебиеттер

1. М.Оспанова, Ж.Лұқпанов, «Өсімдік жанға шипа дертке дауа»
22бет
2. Ж.Жатқанбаев «Өсімдік және адамзат» 124бет
3. Денсаулық журналы №8 2012ж 10бет
4. Пайдалы кеңес №6 2014ж 7бет
5. М.Қожабеков «Дәрілік өсімдіктер» Алматы, Қазақстан 2006ж
66бет
6. «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» (Ә. Іскендіров 1982 ж.
«Қазақстан» баспасы) – 20 бет
7. Т.Е. Дарбаева «Өсімдіктер систематикасы» оқу-құралы 2007ж
73бет
8. «Биолог анықтамалығы» №1 (57),2017ж 24бет.











Page 21




3- сурет






4- сурет


Page 22



1-кесте

2-кесте
Жылдар Ауырған адамдар саны
Ас қорыту
жолының
аурулары
Ішек
аурулары
Бүйрек
аурулары
Өт жолы
аурулары
2016ж 18 11 12 8
2017ж 19 9 12 10
2018ж 21 11 15 9
2019 20 12 19 5


№ Жусан
түрлері
Биіктігі Гүлдейді Құрамы Емдік қасиеті
1 Ермен
жусан
1-2 м Сәуір-
мамыр
Глюкозид, 05%
эфир майы
Тәбет ашуға
2 Тамыр
жусан
30 см Тамыз-
қазан
Белоктар,
көмірсулар,майлар
Мал азығы, мал
шаруашылығына
пайдалы
3 Қара
жусан
30-45см Шілде-
тамыз
7-8% нәруыз,
4-5% май, 26-28%
клечатка
Мал
шаруашылығында
асқазан-ішек
жұмыстарын
жақсарту,
ішектегі
құрттарды жоюға
көмектеседі


Page 23

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!