Материалдар / Жусан иісі әңгімесіндегі кейіпкерлер мінезі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жусан иісі әңгімесіндегі кейіпкерлер мінезі

Материал туралы қысқаша түсінік
Кейіпкерлер арқылы оқушы бойына адалдық пен ізгілікті дамыту.Жаңашылдыққа, өзара салыстыра бағалау болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2019
10713
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет. Бөлім тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты

Мектеп: Е.Өмірбаев о/м

Күні: 07.02.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: С.Байманова

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Жусан иісі» кейіпкерлер мінезі

Сабақтың мақсаты

Б/С 6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;

Т/Ж 6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

Бағалау критерийлері

Көркем шығарма кейіпкерлерін портреті мен іс-әрекеті арқылы талдайды

Тілдік мақсат

Диалогке қажетті академиялық тілдік қолданыстар: портрет, бейне, кейіпкер, автор, хикаят, шығарма

Пәнаралық байланыс

Тарих, музыка

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Адамгершілік, адалдық

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»

Жоспар

Жоспарлана-тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы


5 минут




























Сабақтың ортасы


20 минут


















































































Соңы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды шығармада кездесетін кейіпкерлердің есімдері арқылы топтарға бөлу.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Әр топ сабақтың өтуіне қатысты өзінің бір ережесін ұсынады: достық, тәртіп, бірін-бірі тыңдау, пікірлерін бағалау т.с.с.

Үй тапсырмасын пысықтау. «Ой толғаныс»

Оқушыларға гүл, жусан, ұстаның құралы, ит, хат, кітаптың (мұғалім қалауы бойынша басқа суреттер таңдай алады) суреттері көрсетіліп, оқушылар шығарма кейіпкерлерін осы суреттермен байланыстырып талдайды. Мысалы, кітапты көргенде менің есіме Аян түсті. Себебі оның ертегі құрастыруға деген қызығушылығы мен тіл байлығын мен асыл қазынамыз кітапқа теңер едім

Қызығушылықты ояту — Хикаят не себепті «Жусан иісі» деп аталады?

(Оқушы пікірін білу)

Қазақ халқы үшін жусанның орны ерекше болған. Бұл сөзді естігенде əрбір адамның жаны жадырап, көңілі көкке көтеріліп, даламыздың дарқандығы мен қадір-қасиеті санаға келеді. Ғажайып болмыс көз алдыңда көрініс табады. Мəселен, ұлы əмірші Бейбарыс Сұлтан қыпшақ даласының бір түп жусанының иісіне еміреніп, сағынышын басқан деген аңыз бар. Демек, жусан – сағыныштың, ұлы аңсардың, ынтық арманның символы.

Әңгімелеуші кейіпкер хикаятты Аянға деген сағынышымен аяқтайды. Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданында Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер. Отбасында он бес бала бар. Өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандырған Науқан бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.


Мағынаны тану

Жеке жұмыс.Оқиға желісін білдіретін тақырыптар жазылған үлестірме қағаздар таратылады Тапсырма:берілген тақырып бойынша екі жақты түсіндірме кестесін толтырыңдар.

Кейіпкерлері


Негізгі оқиға (4-5сөйлем)


Оқиғаның әрі қарай дамуына әсері (3-4 сөйлем)


Маған әсер еткен тұсы (3-4 сөйлем)


Ұсынылатын тақырыптар:

1.Балалық шақты еске түсіру, Аянмен алғашқы таныстық

2.Ауыл балаларымен достық

3.Хат тану

4.Тобығын тайдыру

5. Аянның ертегілері

6.Әжесінің қайтуы

7.Аян Бапай үйінде

8.Интернатқа кету

Дескриптор: шығарманың сюжеттік дамуын талдайды; өзіне әсер еткен тұсын әңгімелейді.

Сергіту сәті: «Жусан иісі» әні

Топтық жұмыс

1-топ Асылбек Кестеде берілген кейіпкер сөзі мен портретін кейіпкер есімімен сәйкестендіре отырып, хикаяттың қай тұсынан алынғандығын әңгімелеңдер.

Кейіпкер сөзі мен портреті

Есімі

Үстіндегі киімінің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды, баттасқан шаң-топырақ. Шетінен ит талағандай, алым-жұлым, алқа-салқа.

Әңгімеші бала

Шолақ жең, ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза.

Садық

Асылбек шал келді ғой, аяғыңды салғызбайсың ба?

Есікбай

Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой, ә? Қоңыр сиырларың бар ғой, ә?

Бапайдың кемпірі

Аян балалар үйіне кеткелі жатыр.

Аян

Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол.

Ауыл балалары

Дескриптор:

кейіпкер сөзі мен портретін кейіпкер есімімен сәйкестендіреді; - хикаяттың қай жерінен алынғандығын әңгімелейді

2-топ Аян. Аян бейнесіне тән үш ерекшелікті шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдеңдер.

Аян қандай бала?

Себебі

Шығармадан мысал

Аян – қиялы ұшқыр бала



Аян – ақылды, ақкөңіл бала



Аян – шыдамды, төзімді бала




Дескриптор: - Аян бейнесіне тән ерекшеліктердің себебін түсіндіреді; - шығармадан мысал келтіреді.

3 –топ Бапай тобы. Кейіпкерлер тізімін жасап, бір кейіпкерге мінездеме бер.

  • Әңгімешібала

  • Тұржан

  • Садық

  • Бапай

  • Асылбекшал

  • Бапайдыңкемпірі

  • Есікбай

  • Асылбектіңкемпірі

  • Әңгімешібаланыңанасы

  • Иманжанов

Ой толғаныс «Бақыт деген – сенің бала күндерің...» Хикаяттан алған әсеріңді бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, үзіндіні 15-20 сөзбен жалғастырып, мәтін құраңдар. Сыныпта 4-5 оқушыға эсселерін оқыту.


Үйге тапсырма: Аян атынан ертегі құрастырып келу.

Кері байланыс. “МЕНІҢ ОЛЖАМ немесе ӘТТЕГЕН-АЙ!














Презентация














































































5 минут

















Baq.kz





http://saynmuratbekov.blogspot.com/p/blog-page_25.html















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!