Материалдар / Кактус-көпжылдық өсімдік
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кактус-көпжылдық өсімдік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ғылыми зерттеулермен айналысып журген барлық мектеп жасындағы оқушыларға пайдасы тиеди деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2018
478
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

И. Тайманов атындағы №27 орта мектеп









Тақырыбы: Кактус-көпжылдық өсімдік

Секция: Биология

Аты-жөні: Ұзақбай Айкөркем

Сыныбы: 2 «б»

Жетекшісі: Еркебаева Санжан Мухамбетовна



















2017-2018 оқу жылы МазмұныІ.Кіріспе--------------------------------------------------------------------------   3  бетІІ.Негізгі бөлім Алғы сөз   -----------------------------------------------------------------------   4 бетТікенекті,жуан және ерекше өсімдік1.1.Кактустың түрлері, оған сипаттама ------------------------------ 3-4 бет1.3.Кактусты күту әдістерім (өз зерттеу нәтижемнен ) ----------   5- 7бетҚорытынды    ----------------------------------------------------------------    8-бетӘдебиеттер   -----------------------------------------------------------------    9 бет                                                                      





























Кіріспе  Тақырыбым: Кактус  Мақсаты:  Кактустың түрлерін, ерекшеліктерін зерттей отырып, өсу жағдайын бақылау.  Міндеттері:
  • Кактус өсімдігіне қатысты кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;


  • Кактустың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;


  • Кактустың адам денсаулығына пайдасы туралы білу.


Нысаны: кактусCекция: биологияБолжам: егер біз кактус жайлы оқып білсек, онда бұл өсімдіктің көптеген сырларын ашар едік.Нәтижесі: Іздену нәтижесінде кактус өсімдігінің үй жағдайында өсіру жолдарын зерттей отырып, кактус өсімдігін өсіру үшін , оның гүлдеуі үшін көп бақылап, қолайлы жағдай туғызып,ауа температурасын қалыпты ұстап отыру керектігін түсіндім. Осы сырттай қарағанда ұсқынсыз, тікенегі үшін адамдар жақтыра қоймайтын өсімдіктің гүлінің өте әдемі екенін төмендегі суреттерден көріп таң қалдым, өсіріп отырған катусымның да гүлдеу сәттерін көргім келеді.                                                                













Алғы сөзӨсімдіктер-тірі организм, олардың сан алуан түрлері түрлі ортада тіршілік етеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша жер бетінде тек гүлді өсімдіктердің ғана 300 мыңға жуық түрі өседі.Сонымен қатар адамдар бөлме өсімдіктерін өсіруді де көптеген зерттеулер жасап, олардың өсі ерекшеліктерін бақылаған.Соның ішінде ине тектес кірпіге ұқсап қалған кактустар мені қатты қызықтырады..Кактус-тікенекті, жуан және ерекше өсімдік































1.1. Кактустың түрлері, оған сипаттама                   Бұл инелі жабайы өсімдіктер құрғақ, ашық, суы аз жерде өмір сүреді. Кактустың инелері жерге түссе, сол жерге кактус өсіп шығады. Оның бойы толған су. Бұл өсімдік суды бойында ұстайды. Өсімдік тамырлары арқылы маңайындағы суды өзіне тартып алады. Жерге түскенде жылдам тамырланады. Кактус ауаға ылғал жібермес үшін жуан қабықпен қапталған. Ең үлкен кактустың іші 2000 литр суға толы болады. Жануарлар  үшін жақсы азық болып табылады.         Инелері көлемі жағынан әр түрлі болады: дөңгелек, түзу, жалпақ, имек әрі жұмсақ . Олардың ұзындығы 1 мм-ден 25 см-ге дейін. Инелердің қорғанудан басқа тағы бір белгісі-ауадағы ылғалды жұту.                 Кактустың мынадай түрлері бар:1.Переския кактусы2. Опунция кактусы3. Нотокактус4. Дөңгелек қабырғалы кактус5. Алып карнегия кактусы6. Көпқабырғалы кактус7. Селенецереус кактусы8. Карезон кактусы                       Мексиканы кактустар мекені деуге болады.   Переския кактусы Мексикада, Индияда өседі. Оның тұқымы ішінде өседі. Перескии кактусының ағаш тәрізді сабағы, жапырағы және инелері болады.  Опунциидің жапырағы ұсақ 2-5 мм. Олар өте шырынды. Көктемде өте қысқа мерзімге пайда болады., одан кейін солып жерге түседі. Опунциидің тұқымы ішінде өседі. Кактусты өте ертеде медицинада пайдаланады. Ол-ревматизм, жүрек ауруына ем. Кактус гүлдері өте әдемі, ал кактустың өзі әр түрлі әрі қызық. Көбінесе бұл өсімдікті үйде өсіреді. Опунцияның бір түйірін салқындау кезде отырғызу керек болса, оны аздап кептіріп алса болды өсе береді. Ал отырғызатын өсімдікті қалай болса солай: қырынан да, жатқызып та, тігінен де, көлденеңінен де отырғыза беруге болады.     Бұл кезде топырақтың тереңдік тәртібін сақтаудың түкке қжеті жоқ. Кактустан жиналатын жасыл массаның жартысына жуығы – оның жемісі.     Ашық қызыл түсті өте әдемі жемісінің дәмі инжирдің дәміне ұқсайды. Оны жастай да, консервілеп те жейді, джем және варенье жасайды.Алынатын пигменті құнды бояу заты ретінде кондитер және балмұздақ өндірісінде пайдаланылады.     Опунцияның денесінде тіршілік ететін өте кішкентай кошенин құрты да іске жарайды. Оларды кептіріп қойса, ашық қызыл түсті, өте құнды – кармин деген бояу зат алуға табылмайтын шикізат көрінедіОпунция Мексиканың гербін әрлдендіреді.      Нотокактустың өне бойына бір мезетте бір немесе көп жұлдызға ұқсаған гүлдер шығады. Көп жылдық жаңғақ тәрізді дөңесқабырғалы кактусты әдемі, бірнеше ашық әрі нәзік гүлдер шығып әшекелейді.Ең ірі кактус-селеноцерус, оның ұзындығы-24 см. Оны кактустардың ішінде ең әдемесі деп «Түн патшасы» деп атайды. Оның ақ гүлдері түнде ашылып, күн шығысымен қайта жабылады. Кактустар баяу, жылына 2-3 см-ге өседі.   Кактустың көптеген түрі Перу, Чили; Аргентина шөлді далаларында өседі. Кактустың көбінде хлорофил болады. Тікенектерінің ұзындығы 25 см-ге дейін жетеді. Ол өсімдікті күннің көзінен сақтайды, жоғарғы жағына ылғал жинайды.     Карезон кактусы қан тоқтатуға көмектеседі,өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактустың кішкене бөлігін таза пышақпен кесіп ал да, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып таңып тастаңыз. 2—3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз.Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.Кактус - жануар азығы     Кактустың мал азығындық сапасына келсек, ол өте жұғымды. Шөл, шөлейт жерде бұл қуатты кактуспен тамақтанған ірі қара, шошқа және үй құстары ешуақытта су іздемейді, тез салмақ қосады. Себебі суы да, жемі де сол кактустың ішінде. Бір қызығы, бұл жануарлардың еті де айрықша дәмді болады.     





Кактусты күту әдістері. (Өз зерттеу тәжірибемнен)Кактусты күту әдістері. (Өз зерттеу тәжірибемнен)Менің кактусымның аты-нотокактус деп аталады. Оның денесі шар тәрізді болып келеді.Адамдар кактус 100 жылда бір гүлдейді дейді, менің ойыша дұрыс күтім жасалса,гүлдеу сәті де көп күттірмейді деп ойлаймын. Бұл өсімдіктерге аса күтім қажет.
  • Формасының түзу сақталуы үшін жарық көп түспейтін жерге қойдым және топырағын қалыпты температурада тұруын бақылап отырдым.
  • Суды өте аз құйдым.
  • Ол суды өз бойына жинап ұстайды.
  • Апта сайын өлшеп отырдым. Өте жай өсетінін байқадым.
    

Жарық. Жазда куннің көзінен тасалау, бірақ қараңғы емес жерге қойдымТемператураЖазда 22–25 градус жылылықта, қыста 8–10 градус жылылықта ұстадымСуару.Топырағының кеуіп кетуден сақтау, Көктем және жаз уақыттарында жақсылап суару керек.Күз басталган уақытта суды азайту керек.Ауа ылғалдылығы кактусқа көп әсерін тигізбейді.Кактус өсе келе ыдысын пластик ыдысқа ауыстырып егемин.



ҚОРЫТЫНДЫ    Кактустың адамға пайдасы Кактус қан тоқтатуға көмектеседі,өйткені шырыны кесілген қан тамырларын жабады. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.Кактусты компьютердің қасына қояды.Өйткені кактус электр қуатын өзіне тартып алып біздің денсаулығымызға зиян келтіруден қорғайды.     Нәтижесі: іздену нәтижесінде кактус өсімдігінің үй жағдайында өсіру жолдарын зерттей отырып, кактус өсімдігін өсіру үшін , оның гүлдеуі үшін көп бақылап, қолайлы жағдай туғызып,ауа температурасын қалыпты ұстап отыру керектігін түсіндім. Осы сырттай қарағанда ұсқынсыз, тікенегі үшін адамдар жақтыра қоймайтын өсімдіктің гүлінің өте әдемі екенін суреттерден көріп, өсіріп отырған катусымның да гүлдеу сәттерін көргім келді.

Сөзімнің соңында кактустың осыншама қызықты жайлары мен пайдасын білгеннен кейін сіздерді де кактусты жақсы көруге, оны күтіп баптауға шақырамын.















Қолданылған  әдебиеттер 1.Әбілев Д.Өсімдіктер тіршілігінің кейбір сырлары «Мектеп»Алматы-1978 2.П.С. Массагетов  «Өсімдік әлеміне саяхат». 3. С.Турдиев,Р:Седых,В.Эрихман   Кактусы  «Қайнар»Алма-Ата 19744. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы Алматы -1989

































№27 Исатай Тайманов атындағы орта мектептің 2 «б» сынып оқушысы Ұзақбай Айкөркемнің биология бағытында «Кактус-көпжылдық өсімдік» тақырыбындағы ғылыми жобасына

ПікірҰзақбай Айкөркемнің ғылыми жұмысы, зерттеулері мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушысының көзімен өте қызықты. Ұзақбай Айкөркемнің ғылыми жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде жұмыстың жазылу мақсаты мен міндеттері туралы жазылған.Бірінші бөлімінде кактустың түрлері туралы айтылған. Негізгі бөлімде кактусты күту әдістері,яғни оқушы өз зерттеу тәжірибесімен бөліседі. Қорытындыда кактустың адамға пайдасы,емдік қасиеті жазылған Оқушы- Ұзақбай Айкөркемнің «Кактус-көпжылдық өсімдік» тақырыбында орындаған ғылыми жұмысы,яғни оқушының аталған өсімдікке деген қызығушылығы,айрықша ізденісі айқын көрінеді.Оқушының қабілеті жоғары, шығармашылық ізденісі шыңдалу үстінде. Оқушының өз бетімен ізденудегі талпынысын, тақырыпқа сәйкес жұмысын ескере отырып, ғылыми жобасын «өте жақсы» депбағалаймын.Болашақта осы тақырып турасында әлі жақсы жетістіктерге жетіп, өз еңбегін жоғары дәрежеде көрсетеді деп ойлаймын

























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!