Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кальций және оның қосылыстары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін: |
Пәні: Химия |
Күні: |
Сыныбы: 9А,Ә,Б,В |
||
Сабақтың тақырыбы |
Шығармашылық жұмыс ««Батыр – елдің қорғаны» «Батыр – елдің қорғаны» «Батыр – елдің қорғаны» «Батыр – елдің қорғаны» « Металдардың электрохимиялық кернеу қатары Батыр – елдің қорғаны Кальций және оның қосылыстары |
||||
Негізгі мақсат |
|
||||
Оқу нәтижелері |
|
||||
Іс- әрекет түрлері |
«Топтастыру», Жигсо-2, эксперт – 1. Миға шабуыл «Доп қарлы кесек», « Кезектен тыс сұрақтар» «Суды сүтке айналдыру, сүтті суға айналдыру тәжірибесі»,«Трансляция», «Интерпретация» |
||||
Ресурстар: |
Оқулық , периодтық жүйе, стикер, маркер, А4, лазерь, интербелсенді тақта, химиялық реактивтермен құрал-жабдықтар, слаид |
||||
Сыныпты ұйымдастыру: |
Сәлемдесу, түгендеу және зейіндерін бір ортаға тоғыстыру. (2минут) |
||||
Тапсырма
|
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
|||
ОЖТ |
Сергіту жаттығуын жасату |
Сергіту жаттығуын жасайды |
|||
1-тапсырма (7минут) Жигсо-1 Эксперт-1 |
1. Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5,6 г темір тақташаны салды. Темір толық еріді. Бөлінген мыстың массасы қандай? 2. Cu + HNO3(КОНЦ)→ Cu + HNO3(СҰЙЫТ)→ Тотығу-тотықсыздану процесі арқылы теңестіріңіздер. 3. Неге темір ыдыста тотияйынның (мыс купоросының) ерітіндісін сақтауға болмайды. Жауаптарыңызды химиялық реакциялармен дәлелдеңіздер. |
Оқушылар топ бойынша сұрақтарға жауап береді. |
|||
2- тапсырма. Миға шабуыл «Доп қарлы кесек» (3минут) |
1. Оңай балқитын металл?
/сынап/ 9. Бастапқы буыны палуанға
тән, екінші буыны өнерпазға тән элемент? (Күш - ән) 11. Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс) 12. Футбол терминінде кездесетін элемент (гольми) 13. Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі(бром) 14. Иілгіштік қасиеті жоғары металды атаңыз және қанша мм-ге жайылады? 15. Электрөткізгіштігі бойынша І, ІІ, ІІІ орында тұрған металдарды атаңыздар? |
Оқушылар сұрақтарға тез жауап береді. |
|||
3- тапсырма. « Кезектен тыс сұрақтар» (3минут) |
1. Сілтілік жер металдарды
ата |
Оқушылар жаңа тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. |
|||
Эксперименттік кезең. Суды сүтке айналдыру, сүтті суға айналдыру тәжірибесі (10минут) |
Кальций хлориді (CaCl2) ерітіндісіне натрий карбонатын (Na2CO3) қосып, ақ түсті тұнба аламыз, бұл тұнба кальций карбонаты (CaCO3). Түзілген ақ түсті тұнбаға тұз қышқылын қосу арқылы бастапқы зат кальций хлориді (CaCl2) алынады. Тәжірибе барысында жүрген химиялық реакция теңдеуі: СaCl2 + Na2CO3→ CaCO3↓ + 2NaCl CaCO3 +2HCl → СaCl2 +H2O +CO2↑ |
Оқушылар экспериментті бақылау арқылы, тиісті раекция теңдеулерін жазады. |
|||
4-тапсырма Трансляция (6минут) |
Гипс – CaCO3 Ангидрид – CaSO4 Алебастр – CaSO4*1,5H2O Кальций карбиді – CaC2 Доломит – CaCO3*MgCO3 Кальций гидро карбонаты – Ca(HCO3)2 Әк сүті – Ca(OH)2 Кальций гидриді – CaC2 Әктас – CaCO3 Сөндірілмеген
әк - CaO |
Оқушылар сөз түрінде берілген химиялық атауларды химиялық форулаға айналдырады және тиісті раекция теңдеулерін жазады. |
|||
5-тапсырма Тізбек |
Ca(OH)2→CaCO3→Ca(HCO3)2→CaCO3→CaO→CaCl2 Ca→Ca(OH)2→CaCl2→Ca(NO3)2→CaO |
Оқушылар химиялық айналымдарды жүзеге асырады. |
|||
Қорытындылау |
Әрбір оқушы сабақ мазмұнына сәйкес өз ойын білдіреді, өзге оқушылар ойын жалғастырып алып кетуге сөз береді. |
Әрбір оқушы өз ойымен бөлісе отырып өзге оқушылар ойларын жалғастырып әкетеді. |
|||
Үйге тапсырма беру |
Кальций 146-148беттер №1-7 тапсырмалар мен жаттығулар. |
||||
Бағалау |
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен жауаптарының сауаттылығы мен ғылымилығы ескеріле отырып формативті бағалау жасалады. |
||||
Кері байланыс |
Стикерге өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлері, алған ақпараттарының құндылығы мен маңыздылығы туралы ойларын білдіреді. |
Жаңа сабақты қаншалықты түсінгендерін, көңіл-күйді білдіретін смаиликтер арқылы көрсетеді. |
Жаңа сабақты игеру;
Атом құрылысы:
Мg Ca
1s2 2s2 2p6 3s2 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2
Магний және кальций қосылыстарында +2 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Табиғатта таралуы: Кальций табиғатта көп таралған элементке жатады. Жер қыртысындағы құрамы бойынша ол бесінші орында, оның массалық үлесі – 3,4%. Табиғатта кальций косылыстарын кез келген жерде кездестіруге болады: кальций тұздарынан таулы массивтер және сазды тау жыныстары түзілген, теңіз және өзен суларының, өсімдік және жануарлар организімінің құрамына кіреді. Адам организімінде сүйекте ,тіс эмальінде, қанда 1 кг-ға дейін кальций болады.
Көп таралған қосылыстардың бірі – кальций карбонаты СаСО3 әр түрлі минаралдар түзеді: бор, мәрмәр, әктас, ұлутас, кальций, маржан (жемчуг), кораллдар, перламутр және көптеген аралас минералдар, олардың көпшілігі өте бағалы болып келеді.
CaF2
Флюорит
Ca3(РО4)2
фосфорит апатит
маг. селикаты
асбест.
доломит
Табиғатта сонымен бірге гипс CaSO4 *2H2O фосфориттер және апатиттер Сa3(PO4)2, флюорит СаҒ2 және т.б. кездеседі.
Магний табиғатта таралуы бойынша сегізінші орында, массалық үлесі бойынша 1,9% . Ол 200-ге жуық минералдардың құрамына кіреді. Олардың маңыздылары: магнезит MgCO3, доломит MgCO3*CaCO3, карналлит KCl*MgCl2*6H2O, оливин Mg2SiO4, асбест 3MgO * 2H2O* 2SiO2.
Алынуы: Кальций металын өнеркәсіпте екі жолмен алады:
1.электролиз әдісімен алу үшін балқыған Калций хлориді (CaCl2) арқылы тұрақты ток жіберіп, катодта таза кальций металын алады:
Са2+ +2e → Ca0 (элек.тогы)
2. Al не Mg ұнтағының әктаспен аралас қоспасын вакумда 1100 – 1200°С-та қыздыру арқылы алады. Калций көмегімен уран, торий, ванадий, хром, цирконий, бериллий, тантал сияқты қиын балқитын, сирек те шашыранды, ілеспе металдарды тотықсыздандырып өндіреді.
Физикалық қасиеттері: Кальций - күмістей ақ түсті жеңіл металл. Оның тығыздығы сілтілік жер металдардың тығыздығына жақын. Кальцийдің ауамен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген оксид қабықшамен лезде қапталады, сонымен оны сілтілік металдар секілді керосин қабатының астында сақтайды.
Кальций едәуір қатты металл, балқу температурасы - 840̊ С.
Магний ақ түсті металл, ауамен жанасқанда бірден жұқа және тығыз қорғаныш оксид қабықшасымен қапталады, сондықтанда мөлдір емес. Ауадан және судан қорықпайтын металдардың ішінде магний , ең жеңілі. Магний алюминийден 1,5 есе, мыстан 5 есе жеңіл, сондықтан ол маңызды конструкциялық материал. Мg пластикалығы басым, жеңіл созылады және иіледі.
Химиялық қасиеттері: Сілтілік металдарға қарағанда кальцийдің химиялық белсенділігі аздау, ал магнийдікі одан да төмен. Химиялық реакцияларда олар белсенді тотықсыздандырғыштар. Жай заттардан бейметалдар, ал күрделі заттардан су, қышқылдар, тұздар, оксидтер олар үшін тотықтырғыштар бола алады.
Жай заттармен:
-
Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді
-
Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді
-
2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді
-
Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді
-
Mg +Cl2 = MgCl2 магний хлориді
-
3 Mg + N2 = Mg3N2 магний нитриді
Күрделі заттармен:
-
Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2↑
-
Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2↑
-
Mg + H2O = MgO + H2↑
-
TiCl4 + 2Mg = Ti + 2MgCl2
Осы реакциялардың барлығында кальций - тотықсыздандырғыш.
Кальций оксиді — ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000 C0 шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:
СаС03 == СаО + СО2↑- 180кДж
Кальций оксиді — нағыз негіздік оксид.
Кальций сілтілікжер металл болғандықтан,
оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций
гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:
СаО + Н20 = Са(ОН)2 + 70 кДж
Бұл реакция өте қуатты жүреді, су бұрқылдап "қайнап" жатады, тіпті біразы буланады. Нөтижесінде, сөндірілген әк деп аталатын көпсіген кеуек ақ ұнтақ түзіледі. Кальций гидроксиді суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі лабораторияда әк суы деген атпен жиі колданылады. Кальций гидроксиді ерітіндіде иондарға толық диссоциацияланады:
Са(ОН)2 = Са2+ + 2ОН-
Сілті ерітіндісінің түзілгені фенолфталеиннің таңкурай түске боялуынан байқалады. Кальций гидроксиді қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп бейтараптанады. Бұл реакцияны лабораторияда көмірқышқыл газын анықтау үшін қолданады. Әқ суына көмір қышқыл газын жібергенде, ол алдымен ерімейтін карбонат түзіп, лайлана бастайды:
Са(ОН)2 + CO2 = СаСО3↓ + Н2О
Газды одан әрі жібере берсе, лай көрінбей кетеді, өйткені суда ерімейтін орта тұз ерімтал қышқыл тұзға айналады:
СаСО3 + Н2О + СО2 = Са(НСО3)2
Қатты күйдегі кальций гидроксидінің Са(ОН), судағы жүзгіні, түсі ақ болғандықтан, техникада әк сүті деп аталады. Сөндірілген әк құрылыста кеңінен қолданылады. Әк сүтін құрылыста әктеу үшін пайдаланады, ал сөндірілген әктің құммен қоспасын кірпіш қалағанда және сылағанда байланыстырушы зат ретінде жүмсайды. Бұл қоспа көмірқышқыл газымен әрекеттесіп, қатты карбонат (бор) түзеді.
Зертханалық жұмыс: Суды сүтке айналдыру, сүтті суға айналдыру тәжірибесі
Кальций хлориді (CaCl2) ерітіндісіне натрий карбонатын (Na2CO3) қосып, ақ түсті тұнба аламыз, бұл тұнба кальций карбонаты (CaCO3). Түзілген ақ түсті тұнбаға тұз қышқылын қосу арқылы бастапқы зат кальций хлориді (CaCl2) алынады. Тәжірибе барысында жүрген химиялық реакция теңдеуі:
СaCl2 + Na2CO3→ CaCO3↓ + 2NaCl
CaCO3 +2HCl → СaCl2 +H2O +CO2↑
Кальций тұздарының құрылыста үлкен маңызы бар. Олардың сумен химиялық байланысып, кристалгидраттар түзетін қабілетін кеңінен пайдаланады. Мәселен, табиғи гипсті CaS04 • 2Н20 өртегенде, өзінің кристалдық суының біразын жоғалтып, алебастрға айналады:
CaS04 • 2Н2O = CaS04 • 0,5Н20 + 1,5Н20
Алебастр ұнтағын сумен араластырғанда кері реакция жүріп, қайтадан гипс түзіледі. Гипстің бұл қасиетін тек құрылыста қолданып коймайды, оны әшекейлер жасағанда және медицинада пайдаланады.
Табиғи сулардың құрамындағы кальций және магний гирокарбонаттары су қоймасына түседі. Сонда олар ыдырайды немесе көптеген тірі организмдердің қаңқасын, бақалшығын, сауытын құруға қатысуы мүмкін.Осындай организмдер тіршілігін жойғаннан кейін, қалдықтары су құймаларының түбінде жиналады. Олардың қаңқаларынан (сүйектері) жүздеген жылдардан кейін ұлутас, бор және басқа минералдардың шөгінділері түзіледі.
Табиғатта минералдардың ауысуы осылай жүреді де, жер қыртысында бос саңылаулар, яғни опырылған жер және жаңа шөгінділер түзіледі. Карбонаттардың гидрокарбонаттарға және керісінше айналу процестері атмосферада көмірқышқыл газының құрамын тұрақты ұстап тұруда маңызды рөл атқарады.