Материалдар / Кәмілетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, қараусыздық пен панасыздық

Кәмілетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, қараусыздық пен панасыздық

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
298
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кәмілетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, қараусыздық пен панасыздық.



Қазіргі қоғам қарыштап дамып, күн санап құбылып жатыр. Қоғамдағы өзгерістер мен қиындықтар санасы қалыптасып, ойы бекіген тұлғалардың өзін сан-саққа айдап алып барады. Ал біздің мектеп қабырғасында жүріп үлкен қоғаммен танысып жүрген жас жеткіншектерімізге қызықты болып көрінгеннің көпшілігі қылмысқа бастар жолдың бірі сынды. Оған дәлел ел аумағында соңғы екі жыл көлемінде компьютер клубтарының саны артып, келушілердің де қарасы артқан. Таңның атысымен барып, қара кешті батырғанша күнұзақ ойынға беріліп, білімнен қол үзіп кеткен жастарымыз қаншама. Отбасыдағы ата-ана қызметімен кеткенде әсіресе қала жастарының бағыты білімнен тайып, ойын-сауыққа бұрылып барады.

Статистика балалар жасаған тіркелген қылмыстар саны азайғанын көрсетеді: 2009 жылы - 6 651 бала, 2017 жылы - 3 148. Кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасындағы қыздар үлесі 7,0% құрады. Қайта құқық бұзушылыққа барған балалар 12,7 %  құрады.

Өткен жылдар ішінде балаларға қатысты шығарылған айыптау үкімдері 2009 жылы 2 654-тен 2017 жылы 443-ке қысқарды. Сотқа дейін қамауда отырған балалар саны да 2009 жылы 475-тен 2017 жылы 166-ға қысқарды. Оған қоса, колониялардағы балалар саны 2009 жылдың аяғында 427-ден 2017 жылы 49-ға қысқарды. Бұл мәліметтермен таныса отырып, барлығы жақсы деуге негіз жоқ. Бүгінде ата-анасымен үйінде отырған әрбір бала сырттай бақылауда, осы сәтте мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілер баланың оқу үлгерімін дұрыстап, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға жұмыс жасауы тиіс. Әрине мектеп қабырғасындағы алған білім баланың саналы тұрғыда дамуына негіз болады. Сондықтан да мектеп әкімшілігі руханиятты дамытатын ісшараларды өткізіп, жасөспірімдермен бірге талдауға тырысуы керек. Ашық сұхбаттар, онлайн кездесулер өткізіп, зиянды әдеттер мен әрекеттерге бейім болмауды ескертіп, білім алушыларды үлкен қоғамға саналы түрде аттандыру мектептің негізгі міндеті деп ойлаймын.







Қостанай қаласы №15 ЖББМ

тарих пәні мұғалімі Айту Б.Н.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ