Кәсіби білім беруде дуалдық оқыту жүйесін
енгізу мәселелері
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы
– 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында
еліміздің болашағының бағытын түзеген, ұлы мақсаттарға жеткізетін
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынуы жарқын келешекке жасалған жақсы
өмiрдiң тұтас жиынтығы деуге әбден болады. Демек, экономиканы
дамытуда бұрынғыдай таптауырын жолмен жүре бермей, жаңа
инновациялық ізденістерге бару, жаңа жетістіктер мен озық
технологияларды енгізу қажеттігіне баса мән берді. Сондықтан еліміз
озық индустриялы елдердің қатарынан орнықты орнын алуы үшін соңғы
серпін жасалмақ.
Елбасымыз Жолдауында еліміздің келешегі – жас
ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің
көкейіміздегі толғақты сауалдардың бірі. Елбасымыз жастардың,
техникалық және кәсіптік білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген
жүйесіне көшіруді мәлім етті. Осы орайда мемлекет азаматтарының
тәрбие, бiлiм және кәсiптiк даму саласын, жастар саясатын дамытуға
қойылатын талаптарда жоғары болмақ. Сондықтан әлемдік тәжірибе
негізінде және ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды ескеру
арқылы білім беру бағдарламаларының ғылыми сипаты мен
тереңдігін, ғылыми-зерттеу бағыттарының жан-жақтылығымен дуалдық
оқыту жүйесін жаңғыртуды айқындап
отыр.
Дуалдық оқытудың негізгі артықшылықтары ең
алдымен, жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғары
пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады. Өйткені олар жұмыс
берушінің талаптарына толығымен жауап
береді.
Біріншіден, дуалды білім беру процесі, ең
алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашылық іскерлік
сапаларын, коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін, рухани
– адамгершілік, мәдениетін қалыптастырады. Сонымен қатар, болашақ
мамандардың функционалдық сауаттылығы немесе құзыреттілігі
қалыптасады.
Екіншіден, білім берудің негізгі мәселесін –
еңбекке орналасуды шешуге мүмкіндік беретіні және кәсіпорын мен
колледжде оқу арқылы қажетті біліктілікке қол
жеткізуі.
Демек, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және
инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында еңбек нарығы басқа
салалармен қатар колледждімізге де тікелей әсер ететіндіктен еңбек
нарығы мен білім беру жүйесінің қызметтерін байланыстыру
қажет.
Өйткені жаңа уақыт талабына сай – рухы биік,
болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын,
халықаралық стандартқа сай, бəсекеге қабілетті, танымдық деңгейі
жоғары, білімді де білікті мамандарды қажет
етеді.
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны
өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда
болып негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар
даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде
дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде
бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі - германиядағы
кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда
оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен
қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға,
білімді ұйымдастыруға арнайды.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі -
техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының
бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті
мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі
себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер,
яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім
мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық
білім берудің алшақтап кетуі болып
табылады.
Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың
арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура
келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке
қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу
үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын
қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, стажировкадан
өту, қайта даярлау қажеттілігі
туындайды.
Білім беру мекемелеріне тән сипат олардың
академиялығы, жүзеге асырылатын оқыту бағдарламасының мемлекеттік
жалпы міндетті білім стандарттарына (МЖБС) сәйкес келу қажеттілігі,
бітірушілердің болашақтағы жұмыс орындарынан ара қашықтықта болуы
және бірыңғайға келтірілуі болып табылады. Бүгінгі таңда білікті
кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында МЖБС орнына білім
берудің кәсіби стандарттары (БКС) әзірленуде және
енгізілуде.
Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің
дуалды жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал
етеді. Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп – қонуы азаяды,
әлеуметтік шиеленіске жол
берілмейді.
Қазақстандық кәсіптік білім беру жүйесінде қос
бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты
зерттелуде. Шет елдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім
берудің жаңа буын мемлекеттік стандарттарын жасауға жұмыс берушілер
қатыстырылып, дуалдық жүйені кәсіптік білім беру үдерісіне
енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары
қарастырылуда.
Кәсіптік білім берудің мемлекеттік
стандарттарының жаңа буыны құзыреттілік қатынасқа негізделген,
соған сәйкес қазіргі заманғы маман еңбек нарығында және кәсіби
салада әлеуметтік қорғалуды, икемділікті, бейімделгіштікті,
табыстылықты қамтамасыз ететін әлеуметтік және кәсіби сапалардың
жиынтығына ие болуы қажет. Стандарт талаптарына сәйкес кәсіби
құзыретті маман даярлау мазмұны білім, білік, дағдыларды
қалыптастыруға ғана емес, өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес дамыған
кәсіби іс-әрекет дағдыларын меңгертуге
бағытталған.
Елімізде 600 мыңнан астам адам техникалық және
кәсіптік білім берумен қамтылған. Кәсіптік шеберлікті қамтамасыз
етудің нақты жолы - жас мамандарды оқытып үйрету, жаңа мамандыққа
бейімдеу болып табылады. Бұл мәселе жұмыспен қамтудың жаңа
стратегиясы арқылы өріс алып келеді
ҚР Президенті барлық отандық компанияларды
дуалды білім беру жүйесіне атсалысуға шақырды. «Бүгінде бұл жүйе 60
елде жұмыс істеуде. Мен барлық қазақстандық компанияларды осы
жүйемен шұғыл айналысуға, ал Үкіметке оны қадағалауды тапсырамын»,
- деді Елбасы.
Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған жүйені
енгізген «Қазақмыс», «Кегок», «Самұрық-Қазына» сынды компанияларды
атап өтті.
Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың
кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында
меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі
жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысы мен әсерін,
енгізілу тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру
жүйесінің сапасын арттырады.
Дуалдық жүйе дегеніміз, білімгер - түлектер
білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды. Оқуды
бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен
және қондырғы-құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға
орналасуға мүмкіндік алады.