Материалдар / «Кәсіби даму мақсатын SMART арқылы құру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Кәсіби даму мақсатын SMART арқылы құру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға смарт мақсат құруда көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2020
1202
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коуч

Кырыкбаева А.С.

Коучинг-сессия тақырыбы

«Кәсіби даму мақсатын SMART арқылы құру»

Жалпы мақсаты

Мұғалімдерге КДМ қоюдың тиімді жолдарын үйрету.

Оқу нәтижесі

SMART ақылды тапсырмалары арқылы мақсат қоя біледі.

Әдіс-тәсіл

Түрткі сауалдар, миға шабуыл, ой тұжырымдау

Негізгі идеялар

Мұғалімдер КДМ нақты, өлшенген, қолжетімді етіп қояды. Дұрыс қойылған мақсат арқылы КДМ игеруіне жағдай жасалады.

Кезеңі

Коучнигтің іс-әрекеті

Мұғалім іс - әрекеті

Ресурс

Психо логиялық тренинг.

Топқа бөліну

Тренинг «Қоржындағы тәттілер»

Мұғалімдерге қоржындағы тәттілерді таңдатып, сол тәттілерге қыстырылған сөздер арқылы көңіл-күйлерінің көтерілуіне ықпал жасайды. Мұғалімдер тілекпен бөлісіп, өзара бір-біріне жақсы лебіз айтады.

Бірлестіктер бойынша топқа бөлу

Мұғалімдер қоржындағы тәттілерді таңдап, сол тәттілерге қыстырылған сөздер арқылы көңіл-күйлерін көтереді және топқа бөлінеді

Музыка

Ой шақыру сұрақтар

Коучингімізді бастамас бұрын сіздерге видео ұсынғым келіп тұр.

Видео:Как добиться цели позитивный мультфильм. Сонымен видеоны көре отырып қандай тұжырым жасадыңыздар, ойымызды ортаға салайық:

1. Видеодан не түсіндіңіздер?

- Қалай ойлайсыздар, бүгінгі коучингте не туралы сөйлесеміз?

Мақсат қоя білу де өнер

«Мақсат — мұраттарыңа жете бер» — деген бата-тілек естімегеніміз кемде -кем шығар…
Осы мақсат деген сөзді жиі естиміз, жақсы таныспыз, дегенмен сол мақсат қою өнері бізге таныс па?
Мақсат дегеніміз — нақты күні белгіленген соңғы нәтиже.

Дейін-кейін стратегиясы

Қазіргі өміріңізде қандай арманыңыз бар?

-Топтық жұмыс

І топ: Мақсатқа байланысты негізгі ұғымдар

ІІ топ: Мақсат қою алгоритмі

ІІІ топ: Мақсат қоюда жіберілетін кемшіліктер

Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз пікірлерін ортаға салады

Сабақтың тақырыбын анықтайды

Қатысушылар күнделікті өз сабақтарында мақсатты қалай қоятынын, неге көңіл бөлетіндіктерін негізге ала отырып, ой бөліседі.

Кластер құру

Слайд

Теориялық бөлім

SMART деген не?Бұрын естідіңіз бе?

СМАРТ туралы презентациямды ұсынамын.

Әрине, мақсат қоюдын әртүрлi жолдары бар. Солардын iшiндегi SMART деген әдiспенен бөлiскiм келедi. Ол тиiмдi әрi жетуге оңай мақсат қоюға арналған.

Мұғалім жоспар құрғанда SMART-қа сәйкес мақсаттар мен міндеттерді (ақылды міндеттер) ұстанады. (ағылш. SMART objectives – ақылды тапсырмалар) – оқытудың мақсаттары мен міндеттерін қоюға арналған аббревиатура, 1981жылы Джордж Доран енгізген.

Ол 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.

Specifik- арнайы, нақты;

Measurable- өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;

Attainable- қолжетімділік;

Realistic- шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;

Timed- белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.

Интерактивті тақта арқылы SMART мақсат қою тақырыбына слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Слайд

Топтық тапсырма

Ал ендi мысалдар келтiрiп қарастырайық.

- Қай қағидалар орындалмай тұр?

Тапсырманы талқылайды.

Мақсаттың смартқа сәйкестігін анықтау

Мұғалімдер берілген тақырыпқа СМАРТ бойынша сәйкестігін анықтайды

Үлестірме

Сергіту сәті

Геометриялық тест бойынша топтардың мінезін анықтау
Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тезшешім қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер. Шыдымды, тәуекелшіл.
Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға қызғушылық білдіреді. Әуесқой. суық тиіп ауруға және жарақаттанушылыққа деген беталыстары басым.

Шеңбер:
- тұлғааралық қатынастарда үйлесімділікке талпынушы, байланысқа түсушы, мейірімді, жанашырлыққа қабілетті, жомарт;
- танымал емес шешім қабылдауға тырысады, басшылықта демократиялы басшылық стилін ұстанушы, қоғамдық жұмыстарға бейім;
- тума психолог.

Геометриялық денелерді таңдау

 

Топтық тапсырма

СМАРТ бойынша сабақ мақсатын қою.

Әр топ өзара бір-бірінің жұмысын бағалайды

 

 

Қорытындылaу

Кейін стратегиясы

Смарт мақсатқа құру

 

Кері байланыс

SWOT-талдау бойынша

Коучингтeн алған әсерлeрін кері байланыс парақшаларына жазaды



Дәстүрлі сабақ беру әдістемесі бойынша біз үш мақсатты белгілеп жүрдік.

Ол үш мақсаттың орындалғаны маңызды емес, көп болып жазылып тұрса, көп жұмыс жасайтын сияқты түсінікке шырмалып қалғанбыз. Мысалы, қазақ тілінен тақырыпқа қатысты жаттығуларды қарап шығамыз да, еңбек туралы мақал болса, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу деп мақсат жаза саламыз. Ал ойсыз жазылған мақсаттан нәтиже шықпасы белгілі. Бұрынғы сабақ беру жүйесіндегі сабақтың мақсаты мен SMART мақсат бойынша құрылған сабақты салыстырып қарайық /Қосымша № 1/.

Оқушылардың жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады. Джон Кеннедидің «Ұлттың дамуы толығымен білім сапасының дамуына тәуелді» деген ұлы сөзі бар. Демек, мақсатты дұрыс қою арқылы біз сол сабақтағы жұмыстың нәтижесін болжаймыз. Сабақты өткізген соң мақсатымызға қайта оралып, оқыту тиімділігін анықтай аламыз. SMART мақсатқа сай құрылған сабақ табысты оқытудың кепілі болмақ. Мұғалім жұмысында әдістемелік тақырыпты таңдап алып, сол бағытта жұмыстанамыз. Кейде сол тақырыптың атын ұмытып қалып, мұғалімдердің "Білмеймін, бірлестік жетекшісі біледі" дегенін де естіп

жүрміз. Ол неліктен? Себебі тақырып та, мақсат та дұрыс таңдалынбаған. Ал мұғалімнің қызығушылығын оятпаған тақырып оқушыға қажет пе? Бұл ойланатын жағдай. Сондықтан әрбір жұмысты бастаған кезде "Мен нені нақты жүзеге асыра аламын, менің қолымнан не келеді?" деген сұраққа жауап беріп, кіріскеніміз дұрыс. Мақсатымыз аз болған сайын нәтиженің нақты және сапалы болатынына менің көзім жетті.

Екінші деңгейлік Бағдарламаның бастыміндеттерінің бірі-мұғалімдер тобын оқытуды басқарудағы коучинг пен жүйелі тәлімгерлік. Білгенімізді үйрету арқылы  біз өзіміз одан сайын біле түсеміз. Осы бағытта қалалық жас мұғалімдер мектебіне өткізген «Сабақтың мақсатын қалай анықтайды?» тақырыбындағы  коучинг сабағым  нәтижелі өтті деп ойлаймын

Ұлы Абай:

Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ! деген еді. Бар өмірлік мақсатын төрт ауыз сөзбен түйіндеген  ақынның берер жемісі азайып кеткен жоқ. Қаншама ғасыр өтсе де, сарқылмайтын кенге, таусылмайтын рухани азыққа айналды.

Мақсатты дұрыс қою- адам өміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, уақыт та жұмсалуы керек. Егер де қойылған мақсатқа жеңіл түрде қолжетімділік болса, онда оның маңыздылығы басымдыққа жатпайды. Себебі оған оңай қол жеткізгеннен соң, тағы да жаңа мақсатты іздеу қажеттігі тұрады. Сондықтан мақсатқа деген талап өте күшті болуы керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!