Материалдар / КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА СЕРПІЛІС
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА СЕРПІЛІС

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні бойынша екі апта көлемінде осы жылдың 24 мамыр мен 04 маусым аралығында «Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы онлайн режимінде ««Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ-ның ұйымдастыруымен өткен біліктілік арттыру курсы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2021
504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА СЕРПІЛІС


Мектептің жүрегі де, негізгі тірегі де – мұғалім. Мұғалім дегеніміз саналы еңбек ғұмырының барлығын, қажыр-қайратын, бойындағы асыл қасиеттерін жас ұрпақтың тәрбиесіне арнап, ең алғаш әліппе ұстатып сауатын ашатын, адамзаттың саналы өміріне жететін білім нәрімен сусындататын ерекше жан иелері, бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшілері саналады.

Өйткені, мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер ақпараттандырушы, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Сонымен қатар, өз санатын жаңартып, біліктігін арттырып отыру керек.

Химия пәні бойынша екі апта көлемінде осы жылдың 24 мамыр мен 04 маусым аралығында «Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы онлайн режимінде ««Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ-ның ұйымдастыруымен өткен біліктілік арттыру курсында Есентуреева Гульмира Джумановна тренерлік жасады. Сонымен қатар, таныстырылымдарымен таныстырып, дәрістерін жоғарғы деңгейде өтіп отырды. Яғни, осы курс барысында орта білім мазмұнын Жаңарту аясында қолданылатын орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы және де жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар деген түйінді құжаттармен жұмыс істеу деңгейімізді анықтап, осы бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізіп, тапсырмалар берді. Тапсырма орындау барысында өз таным деңгейімізді көтердік. Яғни, оқу бағдарламасында кодтау арқылы оқу мақсаттары айқын көрсетілген. Осы оқу бағдарламасының негізінде пәннің ұзақ мерзімді жоспары жүзеге асыратынын білеміз. Алайда, жеке өзім қысқа мерзімді жоспар жасауда алдынғы білімге мән бермейді екенмін. Осы курс барысында «Спиральді оқыту» әдісі бойынша оңайдан күрделіге қарай, яғни, тақырыптың алдынғы сыныптарда өткен оқу мақсаттарымен ұштастырып жоспарлау керек екендігін ұқтым. Орта білім мазмұнын Жаңарту аясында қолданылатын құжаттарды пайдалана отырып, жобалар, ықшам сабақтар жоспарладық. Жоспарлау кезінде бағалау критерийлері мен оқу мақсатын ашатып тапсырмалардың дескрипторларын жазғанда «біледі», «түсінеді» деген етістіктердің қолданылмайтындығына мән бердік. Сонымен қатар, Б.Блум таксономиясы бойынша оқушылардың ойлау дағдысының деңгейін анықтауға бірнеше мысалдар келтіре отырып, нақтылап, өз білім деңгейімізді көтердік.

Жалпы, курс барысында қандай нәтижеге қол жеткіздік ?

Өзіміздің кәсиби құзіреттілігімізді дамыттық. Яғни, оқу бағдарламасы мен пән мазмұнындағы жаңашылдықты меңгердік;

Тапсырмаларды әзірлеуді үйрену дағдыларымызды дамыттық. Яғни, пән бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды топпен бірлесе, жеке ТӨЖ ретінде жасап, өз білімімізді шыңдадық;

Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгердік. Яғни, дәріс барысында алған мәліметтеріміз бойынша орындаған ТӨЖ орындау барысында оқушылардың функционалды сауаттылық пен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар ұйымдастыруымыз керек екендігін түсіндк.

Сонымен қатар, ІТ-технолгияның жаңаша әдістерін және сабақта жобалау технологияларын тәжірибеде қолдану жөнінде өз біліктілігімізді арттырдық;

Қорыта келгенде, Пажарес оқыту стилін таңдағанда мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді. Мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі. Яғни, осы біліктілік арттыру курсында үйренгенімді өз тәжірибемде іс-әрекетіммен көрсетуге тырысамын және міндеттімін. Өйткені, мұғалімнің қырық жылдық педагогикалық стажы болса да, қырық минуттық сабағына дайындықпен келіп, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиектерін ашулары керек. Сондықтан, осындай курстардың берері мол.



Түркістан облысы, Келес ауданы, №11 "Жолбасшы" жалпа орта мектебінің химия пәні мұғалімі, Таджибаева Куралай Жанибековна




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!