Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН МАМАНДЫҚҚА СӘЙКЕС ОҚЫТУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН МАМАНДЫҚҚА СӘЙКЕС ОҚЫТУ
А.С. Оспанова
«Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Аннотация. Статья посвящена проблемам развития государственного языка в профессиональной научно-технической сфере, основываясь на понимании его приоритета и роли в становлении государственности Казахстана и его будущем. С ростом значимости языка и расширении сферы его применения необходимы разработка новых научных теорий и внедрение инновационных подходов к их внедрению в области обучения и подготовке к обучению по техническим специальностям.
Ключевые слова: профессиональный казахский язык, обучение, инновационные технологии.
Мемлекеттік тілдің əлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда оның ғылымда, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты. Кəсіптік-техникалық колледждер мен жоғары оқу орнын бітірген жас буын — əрі болашақ маман, əрі өндірісті ілгері дамытатын кəсіпкердің алдыңғы қатарлы маман болуы өз елінің тілін жоғары деңгейде білуімен де терең сабақтасады. Соңғы жылдары әдіскер-ғалымдар қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар, студенттердің кәсіптік мамандығын ескере отырып игертудің тиімді жақтарын қарастыруда.
Тілді мамандыққа қатысты оқытудың ұтымды жақтары:
- тіл үйренушілер қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алады;
- кәсібіне байланысты жинаған сөздік қорды жумыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дандысы калыптасады;
-қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі, қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер Қазақстан тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып, білімдерін молайтады;
- күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды үйренеді ;
- болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуына, және дамуына, өз мамандығын саналы сөзінуіне мүмкіндік туады.
Қазақ тілін мамандыққа сәйкестендіріп қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми зерттеулерге тоқталатын болсақ,Б.Ш. Мешімбаеваның “Гуманитарлық бөлім студенттерін қазақша пікірлесім (диалог) арқылы сөйлеуге үйрету әдістемесі” атты ғылыми еңбегінде студенттерді пікірлесім арқылы қазақша сөйлеу тіліне үйрету әдістемесінің ғылыми негізін жасады. Автор мамандыққа бағытталған пікірлесім арқылы сөйлесуді меңгертуде қолданылатын ұтымды әдіс-тәсілдерді анықтады, пікірлесімге қатысты қазақша сөйлеу тіліне үйретуде төмендегідей 3 кезеңді қамтуды ұсынды:
-
оқу процесіндегі пікірлесім;
-
шығармашылық пікірлесім;
-
шығармашылыққа бағытталған пікірлесім құрастыру [1. 135-бет].
Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандығында кәсіби қазақ тілінен үлгілік оқу бағдарламасының жоқтығынан ,жұмыстық оқу бағдарламасын құру қажет болды.Жұмыстық оқу бағдарламасын құрмас бұрын арнайы пәндер оқытушыларымен тығыз байланыста жұмыс істейміз.Бағдарлама үлгілік оқу бағдарламасының құрылымымен талаптарына негізделіп құрылған. Сағат саны жоспарға сәйкес алынды.Түсіндірме жазбада бақылау түрлері, сынақ, емтихан, базалық құзыреттер жазылды. Бағдарламада грамматикаға көңіл бөлінген. Бұл бағдарлама кәсіби қазақ тілін оқытудың талаптарын жүзеге асыруға көмектеседі.
Жұмыстық оқу бағдарламасының өзектілігі еңбек нарығында бәекеге қабілетті, әртүрлі сөйлеу жағдайында кәсібти құзыреті бар білікті маман дайындау үшін кәсіби маманданған саласы бойынша кәсіби сөздерді меңгерту маңызды әрі өзекті.
Кәсіби терминология – ғылыми стильдің негізгі белгісі. Мамандық саласындағы ұғымдармен ғылыми атаулардың, терминдердің табиғатын қазақша терең меңгеру, кәсіби лексиканы толық падаланып ,қазақша өз ойын анық жеткізу басты назарға алынады.
Сабақтарда жоғарыда айтылған ресурстарды қолданып, сөйлеуге үйрету үшін тақырып бойынша диалог жүргіземіз.Мысалы: «Теміржолда», «Екі жолаушы», «Анықтама бюросында» т.б.
Диалогтік оқыту – ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында студенттердің сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту. Мен өз тәжірибемде диалогтық оқыту әдісін қолдана отырып мынандай жетістіктерге қол жеткіздім:
- студенттердің тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік болды;
- басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын студенттердің түсінулеріне көмектесті;
- студенттердің сыни ойланып, пікір алмасып, бір-бірін тыңдай білуіне жол салды;
- мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың студенттері қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектесті.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы сабақтарда қолдану – студенттерге үйрету емес, студенттің үйренуіне көмектесу негізінде іске асырылады. Менің міндетім - СТО-дың стратегяларын қолдана отырып студенттердің ізденімпаздылығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Нақтылап айтсам мен өз сабақтарымда СТО-дың венн диаграммасы, миға шабуыл, sinkuein немесе бес жолды өлең, семантикалық карта т.б.стратегияларын қолданамын. Мысалы, кәсіби қазақ тілі пәні бойынша «Негізгі және туынды сын есім.Вагон және оның құрылысы»тақырыбын өту кезінде мынадай стартегияларды қолданған болатынмын.
Г.Т.Алдамбергенова “Кәсіптік мектептердің орыс бөлімі оқушыларының қазақша сөйлеу тілін құрылысшы мамандығына сәйкес мәтіндер арқылы дамыту” атты жұмысында, мәтін арқылы тілді оқыту төмендегі міндеттердің жүзеге асуына көмегін тигізеді:
- өз мамандығы бойынша сұрақтарға жауап бере білу, осы тақырып төңірегінде ойын айта білу дағдыларын меңгерту;
- тұрмыста, өндірісте, әлеуметтік ортада қазақша тілдік қатынасты игеру;
- қазақ тілінде мәдени-ресми, кәсіби қатынасқа дайындық;
- кәсіби бағыттағы қарым-қатынастық мәтіндерді аудармасыз түсінуге ұмтылу;
- қазақша ойлауға, қазақша сөйлеу әуезділігіне жету, үлгісіз, жетексіз өз бетінше сөйлеуге, жазуға дағдылану, игеру ;
- оқушылардың сөздік қорын молайтуда аударма, түсіндірме және кәсіби сөздіктерді пайдалана білу [2. 77-бет].
Студенттердің мамандығына сай сөздік қорын молайту олардың болашақ мамандығы бойынша қазақша тілдік қатынас жасауына мүмкіндік береді. Бұл бағытта студенттер әр сабақ сайын өз мамандықтарына қатысты мәтіндерді оқып, кәсіби сөздер, сөз тіркестері, терминдермен танысып, оларды есте сақтауға, сауатты жазуға, сөйлеу тілінде дұрыс қолдана білуге үйренеді. Мәтінде кездесетін кәсіби терминдерді жаттап қоймай, іс жүзінде көрсете алады.Сабақ барысында «Вагон,вагон элементтері», «Вагон және оның құрылысы», «Вагон құрылысы», «Автотіркегіш» т.б. тақырыптарды өту барысында көбіне көрнекі құрал ретінде макеттерді қолданамыз. Макеттерді қолдануда студенттер мәтіннен алған білімдерін нақтылайды [3].
Кәсіби қазақ тілі сабақтарында терминдерді оқытудағы басты мақсат - болашақ маман қазақ тілімен қатар мамандыққа, кәсіпке байланысты атау сөздерді үйреніп, сөздік қорын байытады, терминдердің түсініктемесіне мән береді және оны келешекте қызмет барысында қолдану-олардың өз саласын жетік меңгерген маман болуына септігін тигізеді. Терминдермен жұмыс барысында сөздердің мағынасын меңгерілмейінше, еш нәтиже бермейді. Өзінің таңдаған мамандығының нағыз шебері болу үшін оқытушы термин жасаудың жолдарын үйретіп, студенттің қызығушылығын арттыруы қажет.
Қазақ тілін теміржолшы мамандығындағы студенттерге игертудегі оқытушының төмендегі міндеттері:
-
өз мамандығына сай сөздер мен мәтіндерді іріктеп алу;
-
оқу материа-лының игерілуіне тиімді әдіс-тәсілдерді таба білу;
-
студенттер ынталы түрде игерулері үшін, оларға бұл сабақтың қажеттілігін түсіндіру;
-
студент ынтасын арттыруда оның қызығушылық қасиетін туғызатын психологиялық жағдайды ұйымдастыру [4. 98-бет].
Кәсіби қазақ тілін оқытуда оқу бағдарламасына сәйкес арнайы пәндерге негізделіп мәтіндер және жаттығулар жинағы әзірленуде.
Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті мол мамандарды даярлау міндеті бүгінгі білім беру жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз. Осы мақсатты іске асыруда студенттерге іскерлік қарым-қатынасты дұрыс оқыту қажеттілігі күннен-күнге айқын сезілуде. Бұл айтылған ұстанымдар мен тәсілдер қазақ тілін кәсіби бағдарлы мамандыққа байланысты оқытудың өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, оны меңгертудің әдіс-тәсілдері кәсіби бағдарлы қатысымда атқаратын маңызы зор.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Мешимбаева Б. Гуманитарлық бөлiм студенттерiн қазақша пiкiрлесiм (диалог) арқылы сөйлеуге үйрету әдiстемесi: Пед.ғыл.канд. … дисс. – Алматы , 1999. –163 б.
2. Алдамбергенова Г.Т. Кәсiптiк мектептердiң орыс бөлiмi оқушыларының қазақша сөйлеу тiлiн құрылысшы мамандығына сәйкес мәтiндер арқылы дамыту: Пед.ғыл.канд. … дисс. – Алматы, 2002. -161 б.
3. И.Ф.Пастухов, В.В.Лукин, Н.И.Жуков. Вагоны. Учебник для техникумов желехзнодорожного транспорта. 1988.
4. Аяпбергенова К.Қ., Қатаева Р.Т. Қазақ тілі. 2002. ISBN 9965-09-045-9., 98 б.