Материалдар / Кәсіби шеберлік сайыс "Жас дәнкерлеуші", электргазымен дәнеркерлуші мамандықтарына арналған

Кәсіби шеберлік сайыс "Жас дәнкерлеуші", электргазымен дәнеркерлуші мамандықтарына арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
630
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шығыс қазақстан облыстық Білім департаменті
Зайсан технология колледжі КММ










Пән мұғалімі: :Ж.З.Қабиева









Зайсан қаласы
2013-2014 оқу жылы

Жас дәнекерлеуші
Сайысы

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: болашақ дәнекерлеуші мамандарының кәсіби білімділігі мен біліктілігін қалыптастырып, өзін-өзі тану мүмкіндігін арттыру.
Дамытушылық: студенттердің танымдық белсенділіктерін, өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: кәсіби шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және ұйымшылдыққа баулу, кәсіби құзыреттілігін және нарықтық еңбекке тәрбиелеу.

Жүргізуші: - Құрметті, бүгінгі сайысымызға жиналған қауым, қонақтар, ұстаздар, болашақ мамандар! Жас дәнекекрлеуші сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысымыздың бағдарламасы:
І тур- Мен кіммін? (әр сайысқа қатысушы өзін өлең жолдарымен, әнмен, эмблемасын таныстыру).
ІІ тур- Талап қыл артық білуге... (Викториналық сұрақтарға жауап беру )
ІІІ тур- Шебердің қолы ортақ (сайыскерлер өз шеберліктерін тәжірибе жүзінде көрсету)
ІV тур- Мен болашақ дәнекерлеуші маманымын (сайыскерлердің мамандығы туралы ой толғауы)
Бүгін сіздердің алдарыңызда дәнекерлеуші мамандары жан-жақты білімдерін ортаға көрсетуге дайын. Қане, қатысушыларды ортаға шақырайық.
Осы қатысушыларға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық!
Жүргізуші:
Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Бұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз,
Жас дәнекерлеуші сайысын қошеметпен бастаймыз.
І тур Мен кіммін?
Жүргізуші:
Алдымен танысалық,
Ата-тегімізге барысалық!
Бұл шартта әр қатысушы өздерін көрермендерге эмблемасымен, ұранын таныстыруы керек.



ІІ тур- Талап қыл артық білуге...
Жүргізуші: Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді.
Жүргізуші: Бұр турда сайыскерлеріміз экрандағы ұяшықтардағы арнаулы пәндер бойынша дайындалған сұрақтардың бірін таңдап жауап беруі тиіс. Олай болса сайыскерлеріміздің білімдерін сынап көрейік!
Материалтану пәні бойынша сұрақтар:
Материалдың физикалық қасиеттерін ата.
Металдар дегеніміз не?
Металдардың кристалдануы дегеніміз не?
Қара металдарға қандай металдар жатады?
Түсті металдарға қандай металдар жатады?
Метал қорытпалары дегеніміз не?
Металдардың жылу өткізгіштігі дегеніміз не?
Шойын дегеніміз не?
Шойынның қандай түрлерін білесің?
Болат химиялық ұрамы бойынша қандай түрлерге жіктеледі?
Газбен кесу және дәнекерлеу пәні бойынша сұрақтар:
Газбен дәнекерлеу ерекшеліктерін ата.
Газбен дәнекерлеуге қолданылатын газ түрлері?
Газбен дәнекерлеу жабдықтарына сипаттама бер?
Негізгі жанғыш газды ата.
Ацетилен генераторы не үшін қолданылады?
Газбен дәнекерлеу жабдықтарымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Ұштықтар дегеніміз не?
Ұштықтардың нөмерлерін ата.
Көміртекті болаттарды габен пісіру ерекшеліктеріне ата.
Түсті металдарды газбен дәнекерлеу ерекшеліктеріне сипаттама бер.

Доғалы дәнекерлеу пәні бойынша сұрақтар:
Доғалы дәнекерлеу дегеніміз не?
Доғалы дәнекерлеуді алғаш ойлап тапқан ғалымдарды ата.
Дәнекерлеу қосылыстарының түрлерін ата.
Электрмен дәнекерлеу жабдықтарына сипаттама бер.
Электрмен дәнекерлеу кезіндегі қаупісіздік ережелерін ата.
Таврлы қосылыстар дегеніміз не? Қандай маркалармен белгіленеді?
Айқастырмалы қосылыстар дегеніміз не? Маркасын ата.
Түйістірмелі қосылыстар дегеніміз не? Маркасы қандай?
Дәнекерлеу жіктері дегенміз не?
Жіктердің түрлеріне сипаттама бер.

ІІІ тур- Шебердің қолы ортақ

Жүргізуші: Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе деп жазады өз еңбегінді Жүсіпбек Аймауытов.
Жүргізуші: Әбунасыр әл Фараби адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады деген. Сонымен бұл турда сайыскерлеріміз шеберліктерін іс жүзінде дәлелдеп, өздерінің дәнекерлеу ісінің маманы екендігін көрсетулері тиіс. Әрбір сайыскер алдымен карточкалық тапсырмалардың бірін таңдап алуы керек. Әрбір сайыскерге тапсырманы орындауға 15 минут беріледі.
ІV тур- Мен болашақ дәнекерлеуші маманымын
Жүргізуші: Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Жүргізуші: Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең.
Жүргізуші: Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық керек (Әбу-Насыр Әл Фараби). Әрбір дәнекерлеуші маманы өз болашағын қалай елестеді, осы туралы ой толғауын тыңдап көрелік...
Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен көрермендер келесі әніміз сіздерге арналады.
Жүргізуші:
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер,
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер, -деп сіздерге жүгінеміз.

Қорытындындылау: сайыста жеіңп шыққан дәнекерлеуші маманы марапатталады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ