Жаңа білімді
баяндау
|
52мин
|
1.Кәсіпорынның міндеттері мен
атқаратын қызметтері
2. Кәсіпорындардың
жіктелуі
3. Шаруашылық
серiктестiктер
Кез келген кәсіпорын
заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорын - шаруашылық коммерциялық
қызметті жүргізетін, меншік, шаруашылықты жүргізу немесе мүлікті
оперативті басқару құқығында өз міндеттемелері боынша жауап беретін
жеке субъект болып саналады. Кәсіпорын – қоғамдық қажеттілікті
қанағаттандыру және табыс табу мақсатында өнім өндіру (қызмет
көрсету) үшін құрылған шаруашылық жүргізуші субъект. Экономикалық
әдебиеттерде кәсіпорын мен фирма ұқсас ұғым деп айтылады. Дегенмен,
екі түсінік арасында кейбір айырмашылық бар Кәсіпорын – өнім немесе
бұйым өндіру, қызмет көрсету, жұмыстар атқарумен, өнімдерді
өткізумен айналысатын өндірістік бірлік ретінде түснідіріледі.
Термин «Фирма» (ағылшын сөзі) кәсіпорынның белгілі бір атауы. Фирма
– заңды кәсіпкерлік жеке дара бірлік.
Фирма болып, ірі концерндерді де, сонымен қатар
шағын компанияны да айтуға болады. Өндірістік кәсіпорынға тән
белгілер: Ұйымдық біртұтастық. Кәсіпорын құрылтай құжаттарында көрсетілген
басқару тәртібі мен өзінің ішкі
құрылымы бар ұйымдастырылған ұжым болып саналады. Экономикалық
біртұтастық – материалдық, қаржылық
ресурстардың, есепке алу мен жұмыс нәтижелері, жоспарлаудың
жалпы ортақ болуымен түсіндіріледі. Өндірістік-техникалық
біртұтастық. Дайын өнім өндіру немесе
өндіріс үрдісінің жалпылығымен түсіндіріледі.
Технологиялық үрдістердің біртұтастығы жағдайында
кәсіпорын технологиялық жағынан біртекті цехтар мен
бөлімшелерден тұрады. Бұл технология, техника, тұтынылатын
шикізаттар, өндірісті ұйымдастыру әдістерінің өзара байланысымен
толықтырылады
Өндірістік кәсіпорынның негізгі
міндеттері 1. Сұранысты жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету 2.
Қалыпты еңбек шарттарын құру және ынталандыру Кәсіпорында
жұмыскерлерді ынталандыру, оларға қалыпты жағдай жасау арқылы
жоғары нәтижелерге қол жеткізуді білдіреді. 3. Кәсіпорынның ырғақты
жұмысына қол жеткізу. 4. Қоршаған ортаны қорғау 5. Кәсіпорын қызмет
ететін өңірлерде халықтар үшін жұмыс орындарын құру Сонымен қатар
міндеттеріне салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеуі қажет. Кәсіпорынның негізгі
қызметтері:
1.
Ресурстық
2.
Ұйымдастырушылық
3.
Өндірістік
4.
Қаржылық-экономикалық
5.
Кәсіпкерлік
6. Өнімді өткізу ҚР
Азаматтық кодексіне (Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы
27 желтоқсандағы № 268-ХIII) сәйкес, барлық заңды тұлғалар 2-ге
бөлінеді:
коммерциялық
коммерциялық емес
ұйымдарға
2.Кәсіпорындардың
жіктелуі
Кәсіпорындардың
жіктелуі.
Кәсіпорындардың
әртүрлі типтік белгілері бойынша жіктелуі Жіктелу белгілері
Кәсіпорындар Қызмет ету мақсаты Коммерциялық, коммерциялық емес
Қызмет ету сипаты Өндірістік, өндірістік емес Экономика салаларына
тән Өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылыс, көлік, байланыс
Өнеркәсіп салаларына тән Машина жасау, металлургиялық, тігін, мұнай
өңдейтін, целлюлозалық-қағаз, тамақ өнімдерін шығару бойынша Дайын
өнімнің экономикалық мәні бойынша Өндіріс құралдарын шығаратын;
тұтыну заттарын шығаратын (нан, сүт өңдеу, тігін,
парфюмериялық-косметикалық) Өнімнің қызмет ету сипаты
бойынша
Еңбек құралдарын
шығаратын (машина саласы), еңбек заттарын шығаратын (тоқыма
фабрикалары, цемент, кірпіш зауыты, металлургиялық комбинат) Еңбек
затына әсер ету сипаты бойынша Кен өндіру, өңдеуші Технология
сипаты бойынша Үзікті технологиялық үдерісі (тоқыма, ұн тартатын,
судалық құрылыс); үздіксіз (химия, нан зауыты, мұнайды қайта
өңдеу), бар Өндіріс типтері бойынша Жаппай (темекі фабрикасы, ұн
тарту, көмір шахтасы), сериялы (станок, темір бетон шығаратын
зауыт, кондитерлік), бірлік (сувенир фабрикасы, тәжірибеліксынақ
өндірісі) Шығындардың құрылымы бойынша Материал сыйымдылықты, қор
сыйымдылықты, еңбек сыйымдылықты, энергия сыйымдылықты Мамандандыру
деңгейі бойынша Мамандандырылған, көп профильді
(диверсификацияланған) (компьютер, автомобиль, балалар коляскасы,
мұздатқыш, станок), аралас (тоқыма, ағаш өңдеу, мұнай өңдеу
комбинаттары) Мөлшері бойынша Микро, шағын, ірі Меншік нысаны
Мемлекеттік, жеке Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша Мемлекеттік
кәсіпорын, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестіктер, өндірістік
кооператив Қызмет ету сипаты бойынша өндірістік, өндірістік емес
болып бөлінеді.
Шаруашылық
серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм
серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша
жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. Толық
және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр
тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады. Толық
серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары
серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен
ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп
танылады. Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола
алады. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның
құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең
төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Серiктестiктiң мiндеттемелерi
бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап
беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң
(салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен
шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және
серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын
серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады. Бiр немесе бiрнеше
адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген
мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке
қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және
серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан
салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Қатысушылары серiктестiк
мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен
жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне
тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар
арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар
серiктестiк деп танылады. Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi
мөлшерi жарғыда көзделедi. Қатысушылардың бiрi банкрот болған
жағдайда оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi,
егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi
көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай
бөлiнедi. Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң
құрылтай құжаттары болып табылады. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру
үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға
акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi
осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар
құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн
көтередi. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк
негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив
мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi
бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. Кооператив мүшелерi
екеуден кем болмауға тиiс. Қазақстан Республикасы азаматтарының,
қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың
өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың
тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын
дербес, бастамашыл қызметi дара кәсіпкерлік болып табылады. Өзге
жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.
Дара кәсіпкерлік келесі түрлерде жүзеге асырылады:
өзіндік; бірлескен
кәсіпкерлік. Өзіндік кәсіпкерлік Өзiндiк
кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк
негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған иелiк
етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара
кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк
негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және
(нем
|
Жаңа материалды
бекіту
|
10мин
|
Тақырып бойынша тест
сұрақтары:
1. Кәсіпорын қызметінің
мақсатына байланысты кәсіпорындардың
түрлері:
1) Коммерциялық, коммерциялық
емес
2) Өндеу және
өндіру
3) Ірі, орта,
шағын
4) Қор сыйымдылықты, материал
сыйымдылықты, еңбек
сыйымдылықты
5) Жаппай және
сериялық
2. Қандай кәсіпорындар шағын
кәсіпорындар болып
табылады?
1) Жұмыскерлер саны 100 адамнан
аспауы керек
2) Жұмыскерлер саны 150-200
адам
3) Жұмыскерлер саны 200-300
адам
4) Жұмыскерлер саны 250
–адамнан асатын 5) Жұмыскерлер саны 101-250
адам
3. Қоғамдық қажеттілікті
қанағаттандыру және табыс табу мақсатында өнім өндіру (қызмет
көрсету, жұмыс орындау) үшін заңдарда белгіленген тәртіппен заңды
тұлға құқығымен құрылған шаруашылық жүргізуші
субъект:
1)
Кәсіпкерлік
2)
Өндіріс
3)
Бизнес
4)
Кәсіпорын
5) Кәсіпкерлік
бірлестік
4. Кәсіпорынның өз атын,
мақсатын, құқын, негізгі қызметін, ережелерін көрсететін негізгі
құжат?
1) Кәсіпорынның
жарғысы
2) Кәсіпорынның
балансы
3) Кәсіпорынның ұжымдық
келісім
4) Кәсіпорынның қаржылық есеп
беру құжаттары
5) Еңбек
шарты
5. Қай коммерциялық ұйымның
жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінеді, жарғылық
капиталы 100 АЕК кем болмауы
тиіс?
1) Шаруашылық
серіктестік
2) Өндірістік
кооператив
3) Акционерлік
қоғам
4)
Корпорация
5) Сенім
серіктестігі
Дұрыс жауаптары: 1.1) 2. 2)
3.4) 4. 1) 5. 1) 1.
|