Материалдар / "Кек" негізі- "Күй"

"Кек" негізі- "Күй"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә.Кекілбаевтың "Күй" хикаяты талданған.Мұғалімдерге, оқушыларға қосымша, ғылыми жұмыстарға пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
562
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кек»-негізі «Күй»

Ежелгі аңыз-әңгімелері бүгінгі көзқарас тұрғысынан електен өткізіп, екшей отырып, сол аңыз-әңгімелерден бүкіл адам баласына тән ортақ қасиетті табуға тырысқан шығармасының бірі. 25 жасында жазылған «Күй» хикаяты.Мұндағы басты тарихи тұлға-Жөнейіт хан.Сегіз тараудан тұратын хикаятта оқиға желісі бірінші, сегізінші тараулардан басқа, алты тарауда баяндалады.Алғашқы тарау негізгі желіге барар кілт іспетті.Сырым атты геодезист жігіт бастаған бір топ жер барлаушылар картаға түсіру мақсатында Қақпақты тәрізі сайын дала, сахараны аралауға шығады.Алайда, көзге ілінер бір белгі, картаға түсірер бір нысан таба алмай әуреге түседі.Біржарым ай қаңғырғандай болған бұлар, түркменнің Қосаба дейтін ауылынан Құрбан атты жасы жетпістен асқан қартты тауып алып, жолсерік етеді.Міне, осыдан кейін ғана Құрбан ақсақал айтқан әңгіме ауқымында сайын дала сыры ашыла бастайды.Сонымен оқиға желісі сан жылдар бойы қатар отырған туыстас екі халықтың арасындағы жалғасып келген қақтығыстар, жеке адамдар тағдырына қатысты өріле отырып, үлкен қоғамдық әлеуметтік мәселе ретінде терең философиялық тұрғыдан түйінделеді. Қазақ пен түрікмен арасындағы бітіспес дау мен кекшілдік, «Жаулықтан тек жаулық туады» Абай сөзінің түйіні аясында көрініс табады.Сол кекшілдіктің, қатыгездіктің салдарынан адамдардың мәңгүрттікке айналуы , «Олар бір апта бойы осылай зар илеп, шыңғырды да жүрді.Сосын бастарына

шаш шықты, ол түйенің көнінен өте алмай, қайтадан бастың құйқасын тесіп кері өсті. Алты тұтқын елі қайда, жері қайда екенін білмейтін мәңгүртке айналды.Бірте-бірте тілінен айрылды.Жөнейіт былтыр бауырларының қандай күйде екенін Дүйімқара өз көзімен көрсін деп екі тұтқынды адай арасына апарып тастады»

«Сүттей аппақ айлы түнде айдалада ұзыннан-ұзақ ақсиып айдау жол жатыр.Жол бойында жер астынан мойны ғана қылтиып күйші тұр.Көзі жаудырап бұлар кеткен жаққа әлі қадала қарайды». Адамның жерге тірідей көмілуі шығармада өткен дәуірдің жиіркенішті әрі өте қатыгез құбылысы ретінде бейнеленеді.Жазушы тарихи оқиғаларды суреттей отырып, ел бірлігі, азаттық пен бейбітшілік идеясына, халықтың патриотты, моральдік сезімдерін оята отырып, соған тәрбиелеуді мұрат тұтады.Ә.Кекілбаевтың осы «Күй»хикаятындағы мәңгүрт туралы эпизоттың негізінде «...аңыз емес, өткен дәуірдегі әдет-ғұрып заңына


9



сәйкес жүргізілген жазалау актісі жатыр»-дейді профессор Ә.Кекілбаевтың осы «Күй»хикаятындағы мәңгүрт туралы эпизоттың негізінде «...аңыз емес, өткен дәуірдегі әдет-ғұрып заңына сәйкес жүргізілген жазалау актісі жатыр»-дейді профессор Ж.Дәдебаев.Бұл хикаяттада Жөнейіттің өз жасаған қатігездіктері түсіне кіріп, түсінен шошып өң мен түстің арасында арбасуы бейнеленеді.

Тірілей көмілген күйші өз баласы Дәулет болып, түсіне еніп, шошып оянып кешке дейін ес жия алмайды.

«Күні кеше намыс қуған ,кек қуған еңіреген ермін деп ойлаушы еді, «кек», «намыс» деп босқа лепіріп, жазықсыға тырнағы, нақаққа найзасы батқан желбуаз жендетке айналғанын сол күні ғана сезіп, жүдеп қалды». Демек кейіпкер толғанысы арқылы жазушы адамның ішкі толғанысы , эмоциялары, өмірдің тепе-теңдігін ұстап тұратын жақсылық атаулының тірегі екендігін ұқтырғандай.

Біз зерделеген үш шығармасында да түс көру-Әбіштің повестерінде-өзек тәрізді , барлық жерде оған жазушы үлкен әлеуметтік , философиялық және гуманисттік мән береді, терең мағына жүктейді. Әрбір шығармадағы түс сол кейіпкердің адами болмысын көрсетумен

бірге сол заманның, қоғамның сипатын, жай-жапсарын ашып береді.Мәселен, түрікпеннің рубасы Жөнейттің көрген түсі («Күй») мен Шыңғыс ханның түсі(«Ханша-дария хикаясы»),Әмірші көрген түстер әр түрлі.Бірақ үшеуінде де кейіпкердің күндіз есінен кетпейді, түнде түсінен кетпейді, үнемі кейіпкерді мазалап, небір ойларға жетелейді, кейіпкер өзінің ғұмырына сын көзбен қарап, өзінен де өмірден де күдіктеніп, әрі-сәрі күйге түседі.Әмірші де, Жөнейт те, Шыңғыс хан да өркөкірек, өзімшіл, даңққұмар болғандарын сезінеді.Жазушы оларды өзі ашық сынамайды, кейіпкерлер өздерін өздері мінейді, терең психологиялық күйзеліске түседі.Әмірші, Жөнейт және Шыңғыс ханның образдары арқылы Әбіш Кекілбаев билікте отырған барлық Әміршінің трагедиясын көрсетеді.Ол трагедия- билікке құмарлық пен даңққұмарлық, өзімшілдік екені белгілі.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ