«Келіңдер, бірге ойнаймыз!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Келіңдер, бірге ойнаймыз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала - бақша тәрбиеленушілеріне қажет!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:  Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту» Такырыбы: «Келіңдер, бірге ойнаймыз!» Мақсаты: балалардың тілін дамытып, анық сөйлеуге үйренеді, логикалық ойлауы жетіледі, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: тілұстарту жаттығуын орындайды. Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді.

Қолданады: бейнелі сөздерді айтады.

Көрнекіліктері: қуыршақтар (ертегі кейіпкерлері), түрлі-түсті шарлар.

Сөздік жұмыс: балақай. Билингвальды компонент: ит-собака, қасқыр-волк. ҰОҚ барысы: І. Кіріспе бөлім: Шаттық шеңбері:

Амансыңба, Алтын күн! Амансыңба, Жер ана! Амансыңба, достарым! Амансызба апайлар! Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым. –Ал, балалар бүгін біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ. Ол үшін бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, көзімізді жұмайын. Балалар біз ертегі әлеміне тап болдық. (балалар орындарына отырғызу) -Сендер ертегі білесіңдер ме? (ия) -Олай болса қандай ертегі білесіңдер? (шалқан, бауырсақ, Маша мен аю) -Сендер күшікті білесіңдер ме? (ия) -Қайдан көрдіңдер? (балалардың жауабы) -Үйдегі күшіктерінің атын білесіңдер ме? (марғау, арлан, тарзан) -Ендеше балалар мен сендерге «Ақтөс» деген ертегі айтып беремін,сендер тыныш отырып тыңдаңдар. Негізгі бөлім: Тәрбиеші: Ертеде «Ақтөс» деген күшік болыпты. Бір күні Ақтөс ұйықтап жатқанда оның үш досы –қораз, мысық, ешкі орманға ойнауға кетеді. Ойынға қызыққан үш дос кеш батқанын байқамай қайтар жолдарын таба алмай адасады. Олар келе жатып, қалың ағаштар арасындағы ескі үйге кезігеді. Орманның ішіндегі бұл кімнің үйді екен деп таңданады. Үйге жақын келіп, есігін қағады. Бірақ ешкім жауап бермейді.Ешқандай дауыс шықпаған соң үшеуі үйге кіреді. Кіргендері сол еді, есік тарс жабылып, үйдің іші қараңғы болады. Қараңғыдан қорыққан үш достың дауыстары шықпай қалады. Сол кезде залым қасқырдың дауысы шығады. Қасқыр: -А-а-а, ұсталдыңдарма, жақсы болды мен сендерді таппай жүр едім. Енді мен сендерді жібермеймін. Қораз: -Қасқыр бізді жіберші мен саған өлең айтып беремін. Мысық: -Ал мен үйінді жинап беремін. Ешкі: -Мен саған ас даярлап беремін. Тәрбиеші: -Сонда Қасқыр, не істерін білмей басы қатып отырғанда, достарын іздеп Ақтөс келіп қалады. Ақтөс: -Қасқыр, менің достарымды жібер. Қасқыр: -Жарайды жіберемін. Бірақ менің шартым бар. Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер дұрыс жауап берсендер біртіндеп жіберемін. Тәрбиеші: -Балалар біз Ақтөске көмектесеміз бе? Балалар: -Ия, ия. Тәрбиеші: -Кане, олай болса қасқырдың тапсырмасын орындайық. 1-тапсырма: «Дұрыс па, бұрыс па» ойыны Шарты: Мыс: Кесе, қасық-ыдыстар (ия). Ит, мысық-құстар (жоқ). Қасқыр: -Жарайсыңдар балалар, сендер қоразды құтқарып алдыңдар. Тәрбиеші: -Балалар біз енді мысықты құтқару үшін қасқырдың келесі тапсырмасын орындайық. 2-тапсырма: «Жаңылтпаш білесің бе?» ойыны Ал балалар, жаңылтпашты жаңылмай айтып берейік. Топ бала, топ бала, Ойнап жүр топтала. Көп бала, топ бала, Қуып жүр допты ала. Амина: Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай. Ұшып кетті торғай. Динамикалық үзіліс: «Ойыншықтар» Біздеде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Әмір беріп бұйырсақ. Ойыншықтар ұйықтайды, Айтқанымнан шықпайды. Ал қозы мен құлыншақ, Ұйықта десем ұқпайды.

Тілұстарту жаттығуы: Еш-еш-еш, Шақырады әтеш.

Қыр-қыр-қыр, Келе жатыр қасқыр. Қасқыр: -Ой,ой балақайлар, қандай қиын тапсырма берсем де орындайды екенсіңдер. Енді сендерге қандай тапсырма берсем екен. Тәрбиеші: -Тамаша, балалар, сендердің білімдерінің арқасында қоразды, мысықты құтқардық. Енди келеси тапсырманы орындайық. 3-тапсырма: «Қай жануар жоқ» ойыны Шарты: жануарлардың суретін көрсетіп, ішінен біреуін жасырып, қандай жануар жоқ екенін сұрау. -Дұрыс айтасындар балалар, олай болса біз ертегіде кездескен ешкі, қораз, мысық туралы тақпақ білесіндерма? (ия) Уәде: Оятпа, қораз сен бізді, Өзімде сездім таң атты. Сенсіз-ақ білем мезгілді, Танимын енді сағатты. Асылай: Мен Қоразбын, Қоразбын Жалқаулармен аразбын. Таңды бұрын қарсы алып, Елді оятам жар салып. Қ: Айсұлтан: Күнде тәртіп бұзыпты, Кішілерді сүзіпті. Миуананы үзіпті, Мүйізіне тізіпті. Алуа: Беті қолын жуады, Тышқандарды қуады. Тазалықты сақтайды, Апам оны мақтайды. О. Алихан: Мынау түрған мысық, Екі көзін қысып. Ұйықтап отыр маужырап, Сүт көжесін ішіп. Қасқыр: -Ақтөс сенің достарыңа, мен өте риза болдым. Менің де осындай достарым болса ғой. Ақтөс: –Балақайлар, қасқырда бізбен бірге дос болсыншы? Балалар:-Ия дос боламыз. Ақтөс: -Менің достарымды сендердің білімдерін арқасында құтқардық. Рақмет, балалар. Тәрбиеші: -Көрдіңдер ме, балалар «Дос көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды»-деген осы. Олай болса бәріміз дос болайық. Достарымызбен қоштасып тобымызға барайық. (көздерін жұмады)

Қорытынды бөлім: - Балалар біз қайда бардық? -Балалар сендерге не ұнады? -Біз қандай жануарларға көмектестік? -Сендерге ойын ұнады ма? Балаларды мақтап, мадақтау, смайлктер беру













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2020
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі