Кеңістікті, мезгілдік қатынастарды қабылдау.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеңістікті, мезгілдік қатынастарды қабылдау.

Материал туралы қысқаша түсінік
кеңістікті қабылдау, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мерзім__________________

Тақырып: Кеңістікті, мезгілдік қатынастарды қабылдау. Білім, икемділіктер, дағдылар: кеңістікті қабылдау, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын тәрбиелеу.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.а) баланы сабаққа дайындау.б) бой жазу.

«Апта күндері» Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету. Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка. Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады. ІІ. Жаңа сабақ мазмұны. Кеңістік – материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс – жақындығын, тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мысалы: заттың көлемі мен түрін қабылдау – көру, сипай сезу, қимыл – қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. Дүниедегі заттың барлығы да кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік немесе аласа т.б.). Тапсырма:

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?» Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері. «Ойыншықты тап» Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Көрнекілік: Топтағы ойыншық. Ойынның мазмұны: Ойыншықты тығып қойып, балаға жасырады. Мұғалім нұсқауымен, мысалы: Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады. «Тез ойла» Мақсаты: 1.Баланың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу. Көрнекілік: Топтағы заттармен. Барысы: Балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. « Заттарды қабылдау»аласа мұналар, жуан- жіңішке қарындаштар, оң қолын және сол қолын көтеріп тұрған баланың суреттері, табиғат көрінісі ( ағаштар алыстан кішкене, жақыннан үлкен болып көрінеді( т.б. суреттер бар. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.
  • Мұналар қандай? ( биік немесе біреуі аласа)
  • Қарындаштар қандай? ( жуан- жіңішке)
  • Суретте бала қай қолын көтеріп тұр? ( оң, сол)
  • Мына суретте ағаш қалай орналысқан? ( кішкене ағаш алыстан көрінеді, үлкені жақыннан т.б.)
  • Сен менің қай жағымда тұрсың? (алдымда)


Сабақтың қортындысы. Бүгін біз не үйрендік? Тексерілген: .
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2019
3025
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі