Материалдар / Кері байланыстың тиімділігі, оқушыға ықпалы және әдістер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кері байланыстың тиімділігі, оқушыға ықпалы және әдістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Кері байланыс тарихы, философтардың тұжырымдамалары, оқушыға әсер ететін ықпалы және әдістер
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі заман талабына сай ұстаздық шеберлігі орасан зор жауапкершілікті арттыруды талап етеді.

Соңғы жылдары отандық және шетелдік ғалымдар мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетінде ойлау және талдау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын көрсетіп келеді. Ал бұл дарындар мен дағдылардың негізі – мұғалімнің кәсіби рефлексиясы.

Рефлексия (латынша «reflexsio» – өзіндік ой-толғау) – «жан-жақты дамыған және кемел адамның өз іс-әрекетін және оның заңдылықтарын түсінуге бағытталған теориялық әрекетінің нысаны; адамның рухани дүниесінің жасырын қасиеттерін ашуға көмектесетін және өзін-өзі тануға бағытталған іс-әрекет»

Рефлексия ұғымы алғаш рет ежелгі грек философиясында пайда болды және адамның ойлауын, ойлау процестерін және өз ойын талдауын білуге бағытталған ұғымды білдіреді (Декарт). Сократ, Платон, Локк және басқа да философтар рефлексия адамның не қабілетті екенін өзін-өзі тануға және сезінуге бағытталған әрекет деп тұжырымдайды. Кант, Гегель, Фихте, Шеллинг сияқты еуропалық философтар рефлексияны адам танымының дамуының негізі деп санады. Лейбниц концепциясы бойынша рефлексия адамның апперцепциялық қабілетінің қасиеті (адамның ойлауының өткен тәжірибесімен және оның жеке ерекшеліктерімен байланысы) деп аталады.

Алға қойған мақсатқа байланысты сабақтың кез келген уақытында рефлексия жүргізуге болады. Мысалы, сабақтың басында эмоционалды рефлексияны ұйымдастыру арқылы байланыс орнатуға және сыныптың көңіл-күйін түсінуге болады. Ортасында жаңа сөз тіркестерін бекіту үшін сабақтың мазмұны мен тақырыбы бойынша өзіндік талдау жүргізген дұрыс. Сабақтың соңында тақырыптың оқушыларға қаншалықты түсінікті немесе қиын болғанын тексеруге болады. Балаларға арналған рефлексияның мүмкін мысалдарын қарастырайық.

1. «Ауа –райы» әдісі

Әр оқушыға үш сурет дайындаңыз: күн, күнді аздап жауып тұрған бұлт және қара бұлт. Сабақ соңында балалардан олардың көңіл-күйлеріне сәйкес келетін картаны көтеруді сұраңыз, мынаны түсіндіріңіз:

Күн маған бәрі ойдағыдай болып, көңілді болды дегенді білдіреді;

Бұлт пен күн - мен үшін қиын болды, бірақ қазір бәрі анық;

Бұлт - мен ештеңе түсінбедім.

Соңғы суретті таңдаған оқушыларға назар аударыңыз. Егер олар сабақтан мүлдем ештеңе білмесе, олармен жеке сөйлесіп, себебін анықтаңыз. Мүмкін олар сабаққа алаңдап, қалған сыныптан артта қалған шығар.

2. «Поезд» әдісі

Поезд вагондары бұл сабақтың этаптары, оқушылар әр этапта қаншалықты белсенді болғанын және түсінген немесе түсінбегендерін жазып отырады.

Мысалы, бірінші вагон бұл фонетикалық жаттығу. Оқушы жаттығу ұнағанын, қызықты болғанын жазады. Келесі вагон грамматикалық ереже, бұнда жаңа шақты түсіндіме, әлде түсінбедіме белгілейді. Сол сияқты, оқушылар әр этапта қаншалықты белсенді болғанын және түсінген немесе түсінбегендерін жазып отырады.

3. «Идеялар себеті»

Оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін парақтарға жазады, барлық қағаздар себетке (қорапқа, қапшыққа) салынады, содан кейін мұғалім пікірлерді таңдап оқып, жауаптарын талқылайды. Оқушылар өз пікірлерін жасырын түрде, яғни анонимно парақтарда жазыладыды.

Кері байланыс қалай беріледі?

-өзінің туралы бірнеше сөз айтыңыз;

- Мен есімдігімен өз сөйлеміңізді бастаңыз;

-алдымен жаұсы жақтарын атап шығыңыз;

-сөкпеңіз;

-қолдануға пайдалы болатын нақты кеңес беруге ұмтылыңыз.

Кері байланысты қалай алуға болады?

-кері байланысты соққы емес, ұсыныс ретінде қабылдаңыз;

-сіз қайсы бір іс-әрекет бойынша кері байланыс алғыңыз келетінін айтыңыз;

-ұқыпты тыңдаңыз, сөйлеп тұрған тұлғаның сөзін бөлмеңіз;

-айтылған кері байланысқа талас тудырмаңіз;

-кері байланыс үшін алғыс айтыңыз.

Жалпы кері байланыс:

Бағалаушы емес, сипаттамалық тұрғыда болуы.

Жалпыланған емес, нақты болуы тиіс.

Кімнің кері байланысты беру және алу қажеттілігін ескеру.

Кері байланыс өзгертуі мүмкін жағдайда бағытталуы тиіс.

Кері байланыс тартымды болуы тиіс.

Орындалған әрекеттен кейән дәл мерзімінде берілуі.

Күмән болмау үшін кері байланыс тексерілген болуы тиіс.

Рефлексияның 21 ғасырдағы оқушыға керек ең маңызды қасиеттерді қалыптастыруға ықпалы

1) Оқушы өз бетінше шешім қабылдап, әрекет жасай алады.

Оқушы үшін мұғалім жауапты емес, керісінше оқушы өз әрекетіне талдау жасай отырып, өзінің мүмкіндігін бағалай алады, өзіне не өажет екенін түсініп, шешім қабылдайды, өз ірекетін белсендіріп, жауапкершілігін күшейтеді.

2) Алғырлыққа үйренеді

Оқушы өзінің ірекетін жақсарту үшін дәл қазір осы сәтте не істеу керек екенін аңғара бастайды. Ол өзінің жіберген қателіктеріне бұрыңғы дай қатты уайымдамауды, жағдайды бағалап, не үшін ондай болғанын талдау жасай отырып, баға беруді үйренеді. Өзінің алдына мақсат, міндеттер қойып, соны сәтті шешудің жолын іздестіреді.

3) Бәсекеге қабілетті болудың тетігін түсінеді

Басқалардан жақсы жасай алуға, кез-келген жағдайда сәтті орындауға тырысады. Біз кез-келген адамның өандай әрекетті болсын жақсы жасауға тырысатының жақсы білеміз. Ал ол белгілі бір қиындықты, кедергілерді женімен келеді. Кешегі әрекеттіміз бүгін ескіріп қалуы мүмкін. Жаңа идеялар, үнемі ізденіс ұажет етеді.


Қорытындылай келе, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің нәтижелерін білуі және талдауы педагогикалық қызметті жүзеге асырудың анағұрлым жетілдірілген әдістерін іздестіру мен дамытуды қамтамасыз етеді деп айта аламыз. Ал белсенділіктің өзгеруі, өзімізге белгілі, қызмет субъектісінің өзгеруіне әкеледі. Мұғалімнің аналитикалық қабілеттерін дамыту барысында оның кәсіби рефлексиясы да дамиды, бұл өз кезегінде мұғалімнің өзін-өзі дамыту үдерісін дұрыс бағытқа бағыттап, оның жеке шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен, рефлексия – мұғалімнің өзін-өзі тануға ұмтылысы, оның кемшіліктері мен әлсіз жақтарын ары қарай жою арқылы талдау және бағалау, сонымен қатар өзін және шәкірттерін жетілдіру үшін қажетті жағдайлар жасауда оның ішкі мүмкіндіктерін ашу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!