400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Керқұла атты Кендебай 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптарға арналған қазақ әдебиетінен бөлім бойынша жиынтық тапсырмасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Исаева Гульжан Сериковна Тындаушының портфолиосы А және Б бөлімі

Шымкент .қ. ПШО ЖМ филиалы «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу

және сараптау»бойынша курстар


Түркістан облысы,Отырар ауданы.Жамбыл атындағы мектеп-лицейі

Орындаған:Исаева Гульжан Сериковна

Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім: «Таза, мінсіз асыл сөз»


Оқылатын шығарма Керқұла атты Кендебай


Оқу мақсаты


5.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

5.3.1.1.шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау


Бағалау критерийі







Ойлау дағдылары-

ның деңгейі


  • Шығарманың жанрын анықтау арқылы фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды.

  • Берілген эпизодтар арқылы шығарманың тарихи құндылығына баға береді.


Жоғары ойлау дағдылары



Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма «Керқұла атты Кендебай» ертегісін сюжетіне қарай «Оқиға

баспалдағы» әдісі Shape1

Оқиғаның шешімі

-------------------

бойынша жазыңыз.




Shape2

Оқиғаның шарықтау шегі

---------------------------------------------------------------------




Shape3

Оқиғаның шиеленісуі

-------------------------------------------------------------------





Shape4

Оқиғаның дамуы

---------------------------------------------------------------------------------






Shape5

Оқиғаның басталуы

----------------------------------------------------------------------------------------







2-тапсырма. Берілген эпизод арқылы ертегінің ғасырлар бойы маңызын жоймай келе жатқанына өз ойыңызды тұжырымдап жазыңыз.

Бұдан бірнеше жыл бұрын сіздің жорықшыларыңыз елімізді шауып кетіпті, малымызды айдап, қолға түскен батырымызды байлап алып кетіпті. Міне, сол батырды босатып әкетпек болып келдім. Бұл - бірінші. Екінші жоғым мынау: бір күні малда жүргенімде аспандап ұшқан алты аққудың алтын кебісі менің қолымда қалды. Сол алтын кебіс сіздің елдікі дейді. Соны табыс еткелі келдім, - деп, Кендебай алтын кебісті ханға ұсынады. Хан: - Дұрыс, балам! Сіздің елдің малын айдатып, батырын байлатып алдырғаным рас. Мергенбай батыр әйелімен екеуі біздің қолда. Зынданда жатқан Мергенбай батырға: «Маған қызмет етсең босатам», - деп елші жіберіп едім, қарысқан батыр екен. «Жауыма қызмет істемеймін. Бірақ, қол-аяғымды босатсаң, содан кейін сөйлесем», - деп, қарысып жатып алды. Босатуға корықтық. Ондағы мақсат: сені қолға түсіру еді. Сенің атағың бізге де мәлім еді. Сені алдыртып, құлынымды қоймайтын қара құсқа жұмсамақ едім. Өзім іздеп таба алмаған сон, намысы болса, іздеп келер деп елінді шаптырып, батырыңды байлатып алдыртқан едім. Одан кейін де екі жылдай келмедің, содан соң алты қызым сені іздеп барған болатын. Бұл менің кіші қызымның кебісі. Енді сенің алдыңа қоятын тағы бір шартым бар. Ол мынау: дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар, жалмауыз кемпір бар. Осы үшеуін өлтіріп, бастарын алып кел. Осыны орындасаң, батырыңды босатып, беремін, малыңды өзіңе қайтарамын. Кіші қызымды беріп күйеу етемін, - деді. Кендебай Керқұла аттың қанжығасындағы қоржынын алып келіп, арыстанның азуын, кемпірдің басын, жеті басты дәудің көздерін ханның алдына төгіп тастайды. Хан разы болып, зынданда жатқан Мергенбай батырды, оның әйелін, қолға түскен басқа адамдарды азат етеді. Шауып алған малын қайтарып береді. Кіші қызын Кендебайға қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, көп сыйлықтар беріп, Кендебайды еліне аттандырады. Кендебай елдің малын айдап келіп, иелеріне табыс етеді. Ата-анасына қосылып, бала қуанады. Сөйтіп, бұл ел Керқұла атты Кендебай батырдың елі болып атаныпты.







Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың жанрын анықтау арқылы фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды.

1

Шығарманың сюжеттік дамуын жазады:

Оқиғаның басталуы

Оқиғаның дамуы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның шешімі


1

1

1

1

1

Берілген эпизодтар арқылы шығарманың тарихи құндылығына баға береді

3

ертегінің ғасырлар бойы маңызын жоймай келе жатқаны туралы ойын жазады


1

Эпизодтан дәлелдер келтіреді

1

Ойын тұжырымдап жазады


1

Барлығы

8

Таза,мінсіз асыл сөз.

бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат(рубрика)

Shape6 Shape7 Shape8 Білім алушының аты-жөні


...........................................................................................................................................


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Shape9 Шығарманың жанрын анықтау арқылы фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды.


Шығарманың жанрын анықтау арқылы фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттауда қиналады.


Шығарманың жанрын анықтау арқылы фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттауда қателеседі

Шығарманың жанрын анықтау арқылы фабуласы мен сюжеттік дамуын анықтауда қателеспейді

Берілген эпизодтар арқылы шығарманың тарихи құндылығына баға береді.

Shape10

Берілген эпизодтар арқылы шығарманың тарихи құндылығына баға беруге қиналады.




Берілген эпизодтар арқылы шығарманың тарихи құндылығына баға беруде қателеседі.






Берілген эпизодтар арқылы шығарманың тарихи құндылығын бағалай алады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27.10.2020
881
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі