Материалдар / Кешенді географиялық аудандастыру 10 сынып ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кешенді географиялық аудандастыру 10 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кешенді географиялық аудандастыру 10 сынып ҚМЖ 472 бұйрықпен құрастырылған Оқу мақсаты 10.6.1.1 дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2024
467
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының атауы ___________________________________________________________________________________

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Кешенді географиялық аудандастыру

Бөлім

6 Елтану 6.1 Дүниежүзі аймақтары

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып 10

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Кешенді географиялық аудандастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.6.1.1 дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру

Сабақтың мақсаты


Саяси карта көмегімен тарихи және географиялық аймақтарға кіретін елдерді анықтау

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеі, сабаққа дайындығын тескеру.

«Ой шақыру» сұрақтары

Географиялық аудандастыру дегеніміз не?

Қандай тарихи аудандардық білесіңдер? Және т.б.

Сабақтың тақырыбы анықталады.Сабақтың мақсаты анықталып, бағалау критерийлерімен танысады

Сұрақтарға жауап береді, өзгенің пікірін тыңдай біледі

Дескриптор

Сұрақтарға жауап береді

Жалпы 1 балл

Ашық сұрақ-жауаптар

Сабақтың ортасы

Жаңа білім. Бүгінгі тақырып жайлы түсінік беріп, оқулық мәтінмен танысуды ұсынамын. Негізгі түсінік пен терминдерді дәптерге жаздырамын.

Континент – субаймақ – мемлекет

Тарихи –географиялық аймақтың континенттік деңгейі 4 өмір сүру аймағынан тұрады : Евразия, Африка, Америка, Австралия және Мұхиттық аралдар

Субконтинентальді деңгейі макроаймақтардан тұрады: Шетелдік Европа, Оңтүстік Азия, Оңтүстік –Шығыс Азия, Орталық Африка, Солтүстік Америка және т.б.

Субаймақтар – бұл макроаймақтардың ірі бөліктері. Мысалы Латын Америкасын мынадай субаймақтарға бөлеміз: Мезоамерика немесе Орталық Америка (құрамында Мексика, Орталық Америка мен Вест-Индия аралдарының елдері), Анд елдері (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили), Ла-плато елдері немесе Атлант жағалауы елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия). Соңғы кезде жаңа атау да пайда болған: Оңтүстік конус елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Чили).

Ал Латын Америка атауы осы аймақта тарихи орын тепкен роман тіл әулетінің (латын тілді) халқы – испандар мен португалдардың орналасуымен таралған. Қазіргі терминологияда Кариб елдері деген атауды да кездестіруге болады, себебі ол мемлекеттер латын тілді емес .

Тапсырма 1. Әрбір жұп өздерінің таңдауы бойынша 1 тарихи – географиялық аймақты таңдап, оның ерекшелігіне сипаттама береді.

  1. Географиялық орнына сипаттама жасаңыз

  2. Тарихи – географиялық облыстың құрамына қандай ірі мемлекеттер кіреді анықтаңыз.

  3. Этникалық және діни ерекшеліктері бойынша (халқына сипаттама беріледі) Мәдениет және тұрмыс салтына шағын сипаттама беріңіз.

  4. Әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайына баға беріңіз

Ескерту: Оқушыларға көмек ретінде мәтіндер немесе ноутбуктерді/ғаламторды пайдалануға мүмкіндік жасау


Тапсырма №2.Саяси карта бойынша геосаяси жағдайы өте қолайлы немесе қолайсыз елдерді анықтап, олардың себептерін жазу.

Оқушылар мәтінмен танысады, тарихи-географиялық аудандастыру принциптерін анықтайды.











Оқушылар жұппен тарихи-географиялық аймаққа сипаттама береді, өзара пікір алмасып, картамен жұмыс істейді.







Сасяи картаны пайдалана отырып, елдердің орналасқан орны бойынша жіктейді



















Дескриптор:

Тарихи-географиялық аймақтың географиялық орнын сипаттайды; 1 б

Тарихи-географиялық аймаққа кіретін мемлекеттерді анықтайды; 1 б

Аймақтың этиникалық және діни ерекшеліктерін сипаттайды; 2 б

Әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайына баға береді; 1б

Жалпы 5 балл



Дескриптор:

Геосасяи жағдайы қолайлы елдерді анықтайды; 1б

Геосасяи жағдайы қолайсыз елдерді анықтайды; 1 б

Себептерін анықтайды; 2 б

Жалпы 4 балл


Оқулық

Дәптер
















Дәптер

Оқулық

Интернет желісі

Сасяи карта













Саяси карта

Дәптер


Сабақтың соңы


Сабақты қорытындылау. Сабақта оқушылардың жинаған зерттеулеріне қарай тезірек сабақты түсінгендеріне байланысты ерекше мадақтау жасап,әрқайсысына жеке- жеке кері байланыс жасау.

Кері байланыс «3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Дескрипторды назарға ала отырып Оқушылар өздерін бағалайды


Кері байланыс



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!