Материалдар / Кешірімділік - көңіл кеңдігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кешірімділік - көңіл кеңдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды кешірімділікке шақыру, сонымен қатар ересектерге мейірімділік, кешірімділік жайлы кішігірім ой-толғау жүргізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2018
451
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кешірімділік көңіл кеңдігі

Кешіре білу әркімнің қолынан келе бермесі анық. Сатқындықты, опасыздықты кешіре білу әрине көңіл кеңдігінің белгісі. Әр кез кешірімді жанның жүрегі кең, көңілі таза болады.Алайда,қанша жерден кешірімді болсақ та, кейбір жағдайларда қатты көңіл қалып, жүрекке сызат түсіп жатады.Себебі, өмірдің өзі ақ пен қарадан тұрады. Мәселен, кейде айналамыздағы жандардың көбісі жұртқа періштедей болып көрінгенімен, ішкі жан-дүниесінің жұтаң, рухани кедей екенін араласа келе байқаймыз. Олардың сатқындық жасағанын көргенде, жаның күйініп, мұңға батады. Амал жоқ. Өмірде неше түрлі адам болады емес пе, деп өз-өзімізді жұбатып қоямыз. Ал, сіздің сеніп жүрген адамыңыз сізді сатып кетті немесе сыртыңыздан жағымсыз сөздер таратып жүр делік. Сіз риясыз сеніміңіздің сізді орға жыққанын білсеңіз, не істер едіңіз? Әрине бұл кез сіздің кешірімділігіңіздің қаншалықты деңгейде екенін көрсететін сәт болмақ. Мұндай кезеңде егер сіз өкпешіл адам болсаңыз, онда кешіру қиынға соғары анық. Егер "Жақсы адам ашуы-шәйі орамал кепкенше " дегендей, кешіре білсеңіз, нұр үстіне нұр.

Кейде көңіліміз қатты қалып, күйзеліске түсіп қайғырып жатамыз. Өмірдің бар ауырпалығы тек өз мойнымызға артылғандай, әлем тамашаларынан тысқары қалып жататын кездеріміз де жиі болады. Тек ілгері жылжып , көңіліміз жай болуы үшін осындай сәттерде, ең алдымен, кешірім сұрау мен кешіре білуді үйренгеніміз жөн.

Кешіру арқылы өміріміз түбегейлі өзгеруі мүмкін. Кеңпейілділікпен кешіру өткеннің барлығын санамыздан сызып тастап, түк болмағандай өмір сүру деген сөз емес. Қанша дегенмен бәріміз де пендеміз ғой, көңіліміздің қалуы заңдылық. Дегенмен, иықтағы бар ауыртпалықты алып, тасты құздан төмен құлатқаныңыз секілді сылып тастасаңыз, өмір сүру, алдыға қарай жылжу жеңілірек болары сөзсіз. Бұл оңай емес, дегенмен үйренуге тұрарлық қасиет. Осындай қысылтаяң кезде рахымдылық пен сүйіспеншілік тәрізді асыл қасиеттерді көмекке шақыра білуіміз керек. Білуімше, әлемге күліп, жарқын көзқараспен қарайтын болсақ, әлем де бізге сондай ізгі сүйіспеншілікпен қарайтын болады.

Адам күнәһар болып тумайды. Алайда, пендешілікке салынып, күнәға бой алдыру арасы бір-ақ қадам. Және осы тұста адамгершілігімізді сақтап қалуға жәрдем беретін бір нәрсе бар, ол- кешірім сұрау, айыпты жанды кешіре білу.

Иә, бүгінгі буын өкілдері ретінде өскелең ұрпаққа берер тағылымымыз: кешіруді, кеңпейілділікті үйрету. Алайда, кешірімді болудың жөні осылай екен деп қылмыскерді ақтап, зұлымдықты жақтап кетуімізге де әсте болмайды. Істің ара – жігін ажырату өз еншімізде. Адам бар жерде, құндылықтар да қатар жүрері сөзсіз. Ал, сол құндылықтардың адам өміріндегі рөлі қандай? Құндылық таным-түйсігі жетілген адам көзқарасына байланысты әртүрлі сипатта болмақ. Қоғам өміріне терең бойлай отырып, адамның таным көкжиегін кеңейтетін басты бес құндылықты атап көрсеткім келеді. Олар: ақиқат , сүйіспеншілік(кешірімділік, рахым, қайырымдылық), дұрыс әрекет, ішкі тыныштық және қиянат жасамау.

Жалпы, құндылықты әлемге шуақ шашқан алып гүл деп алайық. Ал, ақиқатты осы құндылық гүлінің күре тамыры деп есептейік. Егер біз ақиқатты сүйіспеншілікпен суғарып, дұрыс әрекет жасағанымызға риясыз сенімді болсақ, онда біздің ішкі тыныштығымыз қанағаттанып, ешкімге қиянат жасамас едік. Ең бастысы, кешірім сұрау мен кешірудің қажеті де болмас еді. Осылай бес құндылықты арқау ете отырып, өз ішімізде ғажап гүлді өсіру үшін бізге, ең алдымен, өз-өзімізді жете тану керек. Себебі, онда адамгершілік, кешірімділік, ізгілік сынды асыл құндылықтар тізбегі жатыр. Махатма Ганди айтқандай, «Қандай ұрыс-керіс, жанжал болмасын барлығын сүйіспеншілікпен, кешірімділікпен жеңіңдер »,тек сонда ғана барлық келеңсіз дүниелердің шарықтау шегінің өзі де осынау ұлы сезімнің алдында дәрменсіз күйде болады.

Міне,осындай асыл қасиеттерді адам бойына дарытуда көптеген жаңашыл өзгерістер күнделікті өмірімізге еніп те үлгерді. Солардың жарқын бір дәлелі, «Өзін-өзі тану»пәнінің бастау алуы. Адами, рухани құндылықтарды дәріптейтін ерекше пәннің негізін қалаған ел анасы, Қазақстанның алғашқы ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваға айтар алғысым шексіз. Сара анамыз негізін қалаған бұл пән қазірде барша ата-аналарға ,ұстаздарға оқушыларға өзінің жылуын дарытып,өмірге деген құлшыныстарын қайта оятуда.Осы пәннен біз кешірімді болудың не екенін жан-жақты түсінеміз және «біреуден құрмет күтсең, ешқашан көңілін қалдырма» деген асыл сөздің мағынасын ұғынамыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!