«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «№5 А. Байтұрсынов атындағы ЖОМ» КММ
Мерзiм: 20. 12. 2017ж. № 9-10 Мұғалiм: Абаева Назира Турсыновна
Сынып: 8 «Ә,Б» Оқушылар саны: 24
Тақырып: Кешірімділік көңіл кеңдігі
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету
|
Мақсаты: Оқушыларға кешірімділік көңіл кеңдігі екенін сүйіспеншілік құндылығы ақылы мәнін ашу Міндеттері: Білімділік: Кешірімшіл болудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру Дамытушылық: Оқушылардың бойында шынайылық қасиетерді дамыттыру Тәрбиелік: Оқушыларды адамдарға риясыз кызмет етуге тәрбиелеу |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
|
Сабақ барысы: Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Орманға ойша серуен. Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап, отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың даусы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ене түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш, бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінесіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырт, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Үй тапсырмасын тексеру
|
Ескерту |
|
Дәйексөз. Сүйегі жоқ балық болмайтын сияқты, кемшіліксіз адам болмайды. Лютер Дәйексөзді оқушылар үш рет хормен айтады.
|
|
|
Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат) Емен жаңғағы Қ. Толыбаев Жалпақ жотаның етегіндегі кең қолтық қойнауда бұтақтары салалы, тарбиған емендер қаз-қатар өскен. Күздің аңыраған суық желіне бұлғалаңдаған жасыл жапырақтары ырқын берген емес. Ал пісіп жетіліп, түбі босаған жаңғақтары ырғаққа төзбей, жерге торс-торс түсіп жатады шашырап. Кеш, тымық, желсіз. Қыбыр-сыбыр аз. Жоны жуан Еменнің торсиған бір жаңғағы торс етіп түсті де: – Бір жеріңіз ауырып қалған жоқ па?-деп, Жерге аялай үн қатты. – Кешіріңіз мен кінәлі емеспін. Мана соққан Жел түбімді босатып кетіпті. Еріксіз құлап түстім. – Абыржымай-ақ қой, ештеңе етпейді,– деп көңілін аулады Жер. – Мен нені көрмеді дейсің. Бір заманда жосыған қалың аттың тұяғы да айғыздаған жотамды. Зеңбірек те қабырғамды сөгіп, мылжа-мылжамды шығарған.Уақыт өте келе сол жараның бәрі тегіс жазылды. Қашан да Жер жарақаты тез оңалады. – Деңеңізде жараның дағы қалған жоқ па? – деп, Емен жаңғағы күрсініп жіберді мұңайып. Жаңғақ абыржыды. – Неге күрсіндің қарсұрып?.. – Қанатымның жоқтығына өкінемін. – Қанатың болса, қайтер ең? – Онда ешкімге соқтықпай, қалықтай ұшып, алысқа жетер ем. Саған да салмағым түспес еді. – О, қияшыл екенсің... – деп, қарқ-қарқ күлді Жер. Емен жаңғағы өкпелегендей бұртия қалды. – Неге сонша күлесің? – Сенің аңқаулығыңа күлемін... – Қалайша?... – Бармақтай сен тұрмақ, маған мына нән жартастың да, анау таулардың да салмағы бұйым емес. Енді сені бауырыма басып, баптап өсіремін!.. Емен жаңғағы өзінше өніп, ағаш болып ұлғайып өмір сүретініне қуанды. Жердің мейірі түсті. Әйтеуір, шіріп жойылмайтынына сенді.
|
|
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Мұғалім оқулықтағы «Күндестік құрысын» өлеңін оқиды.Оқушыларды 4 топқа бөлеміз; Күнделікті өмірде кездесетін кикілжіңдерді, 4 топ сахналап береді. Дәптермен жұмыс. |
|
|
Топпен ән айту.
Айналайын |
|
|
Үй тапсырмасы. 1. Дәптерде берілген тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ «Кешірімнің күші» мәтінін оқу |
|
|
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Соңғы тыныштық. Баяу әуен ойнатылады. Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтаймыз. |
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарты. Алматы 2010
-
«Өзін-өзі тану» 8-сынып оқушыларына арналған «Бөбек» Алматы 2010
-
«Өзін-өзі тану» оқулығы 8-сынып «Бөбек» Алматы, 2010 жыл.
-
«Өзін-өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 8-сынып «Бөбек» Алматы, 2010
5. «Хрестоматия» 25бет
6. «Өзін-өзі тану» оқушыларға арналған дәптері «Бөбек» Алматы 2010
7. Интернет httpS:///yandex. KZ/Search/?text=%D2%9A%DO
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кешірімділік көңіл кеңдігі

шағым қалдыра аласыз