Материалдар / Кескіндеме.Жылы және суық түстер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кескіндеме.Жылы және суық түстер

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1242
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәннің аты:

Бейнелеу өнері

Уақыты:1230

Сыныбы:

Кабинет:12

Мұғалім: А.Р.Омарова

Сабақтың атауы

Кескіндеме

Жылы және суық түстер туралы не білесіңдер?

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың  маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады. Сурет салу дағдысы қалыптасады. Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт   жанры туралы түсінік беру. Нәрселердің  түрлі көлемін салыстырмалы түрде елестете   отырып,әр жазықтарға бөліп, геометриялық      бөліктерге дағдыландыру.   Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен — жүрекке» шеңбері

Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі

Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау

Бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз. Осы үш топқа бейнелеу өнерін қаншалықты білетіндерін тексеріп, сұрақ қоямыз. Сендер жауап беріп ұпай жинайсыңдар.

Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)

Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)

Хроматикалық түстерді атаңдар. (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)

Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр).

Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі).

Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын, күннің әсеріне байланысты түстерлің өзгеруі).

Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы).

Түр түс туралы қандай ғылым бар? (колористика).

Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу).

Перспективаның түрлерін ата. (жазықтық, ауа, сызықтық, жарық, көлеңке).

Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік).

Сергіту сәті

«Халықтар» биі

Жаңа сабақ

Мына жұмыстарға мұқият қара. Олар салған жылы және суық түстер жайлы білетініңді есіңе түсіруіңе көмектеседі.

 

 

 

 

Жылы және суық түстер арқылы суретшілер ауа райын, жыл мен тәулік мезгілдерін ғана емес, сонымен қатар көңіл күйді де бере алады.

1.       Мына жұмыстардың қайсысына жылы, салқын, ыстық, суық, көңілді, мұңды, қуанышты және мазасыз деген анықтаулар сәйкес келеді?

2.       Бұл шығармаларды қарағанда сен қандай сезімде боласың?

3.
Саған қандай түс ұнайды? Жылы ма, әлде суық па?

 

Жылы және суық түстердің құпия-сырлары өте көп. Мына екі шеңберге зер салып қара.
Шеңбердің қайсысы саған үлкендеу болып көрінеді? Әрине, сен қызыл түсті шеңбер деп айтасың. Расында да қызыл шеңбер жасыл шеңберден үлкен болып көрінеді. Ал негізінде бұлар бірдей өлшемдегі шеңберлер.

Өз бетіңмен тәжірибе жасап көр: сары және күлгін (не қызғылт сары және көк) түсті қағаздардан өлшемдері бірдей екі шеңбер қиып ал. Оларды бір-біріне беттестіріп бірдейлігін тексер. Сонан соң шеңберлерді өлшемі бірдей қара немесе сұр шаршылардың үстіне қой.

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Ал, енді, алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады?

Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т.б. жанрлары бар. Бүгін біз натюрмотр жанрына тоқталамыз. Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт -қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натбрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады. Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.           Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады. Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрнісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық , қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық баба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады. Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натбрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады.

Сарамандық жұмыс: Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады. Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі. • Суретті қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастаймыз.                           Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялықденелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз. Натюрмортты орналастырып болған соң, артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға дайындаймыз. • Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.

Ой толғаныс

 

 

 

Үйге тапсырма

Тапсырманы аяқтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

 

 

 

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!