400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кестелеу өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Кестелеу өнерінің тарихымен таныстыру арқылы салт дәстүрімізді жаңғырту
Материалдың қысқаша нұсқасы

кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр. Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады.тесік арасын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өткермелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұдай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар, әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастархандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді. Ал кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою-өрнек, мәнерлі бұдырлар кестеленеді. Мұндай тігу түрін орындағанда әуелі үлгі бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қағаз, картон салынып, кестенің жіптерін, сол зататрды бастыра шалып тігеді. Соның нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне қарай бірнеше түсті жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестені көп жуа беруге болмайды. Оларды көп реттерде шаң сорғышпен, киім шөткесімен тазалайды. Көптеген шеберлер бедердің астына қағаз, картон салмай, маталардың қиықтарын, мақта, жүн сияқтыларды салып тігіп жүр. Оны ыстық суға салып жуса да бүлінбейді. Үлгі бойынша сызылған өрнектің үстіе мәнеріне қарай тізіліп алынған әртүрлі ұсақ маржандар, моншақтар бастырып тігуді маржандап кестелеу деп атайды. Мұндай әдістер тақия, сәукеле, өңір, қол доба сияқты бір киер киім мен сән-салтанат бұйымдарына ғана қолданылады. Үнемі киілетін немесе жұмысқа ғана киілетін, сондай ақ арқан-жіптің тартуына түсетін заттарға бұл өнер қолданылмайды. Себебі ондай заттардағы маржандар тез сөгіліп кетуі мүмкін. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, пүліш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауыр келеді. Алтындап тігуге көбіне бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне марожандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы, қыздардың камзолдарының омыраулары, өңірлері және тағыда сол сияқтылар осылай тігіледі. Алтын жіппен тігу Орта Азия халықтарының бәріне тән өнер. Онымен атағы шыққан әйгілі кестешілер ғана айналысқан. Алтын кестелі тон шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі. Кимешектің жағын, хатипа тақиялардың маңдайын, камзолдар мен шашбауларды, жаға жеңдерді алтынмен кестелеу салты бұл күнде де ұнасымды өнер деп танылып жүр.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.04.2023
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі