|
|
|
|
«БЕКІТЕМІН»
|
«БЕКІТЕМІН»
Директордың ӨОЖЖ орынбасары
______________А.Моминов
|
|
|
|
|
Директордың ОІЖ
орынбасары:
|
|
|
|
|
________________Е.
Билалов
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
№____
Пәні Информатика
Сабақтың тақырыбы
Кестемен жұмыс.
Білімділік: Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша
оқушыларға толық түсінік беру. Оқушыларға Мәтін немесе оның
үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін
қолдануды үйрету, символдарды форматтау; мәтінді туралау, жоларалық
интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды
форматтаудың жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру,
компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы
сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелілік: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке,
еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа
пен тиянақтылыққа баулу, тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, сын тұрғысынан ойлау
технологиясы
Сабақ көрнекілігі: графопроектор, электрондық оқулық, практикалық
тапсырмаға арналған үлестірме қағаздар, деңгейлік тапсырмалар,
кестелер.
Пәнаралық байланыс: информатика, орыс тілі, қазақ тілі, желілермен
ПВЭМ аппараттық кешен.
Сабақтың барысы
1
Ұйымдастыру кезеңі(5 минут)
а)
кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә)
топтағы оқушылардың сабаққа қатысын және оқу құралдарын
тексеру;
б)
оқушыларды сабақ мақсатымен және жоспарымен таныстыру
2 Үй тапсырмасын тексеру (15-25
минут)
Өтілген сабаққа ішшара қайталау жасап, білім алушылардың білімін
шыңдау. Сабаққа дайындығын тексеру.
3 Жаңа такырыпты түсіндіру (40
минут)
Word кестелері беттiң құрамын жiктелуi үшiн
қолданылады. Бұдан басқа, кестелер есептеулер үшiн
пайдаланылады. Word кестелердiң орнату және құрудың технологиясы
қолданылады. Word кестелерді орнату және құру үшін Кесте
батырмасы арқылы iске асыруға болады. Батырма Кірістіру
қыстырмадағы Кесте тобында орналастырған. Құжатқа кестені
кірістіру алдында меңзерді қажет орынға қою керек.
Кесте
батырмасын басқан кезде кесте кірістірудің және құрудың бес әдісі
көрсетiледi .

Кесте құрудың әдістері
Word
кестенің кірістіру және құру әдістерін қарастырайық:
1. Кестені тез кірістіру үшін, мысалы 3х5 кестесін, ол үшін Кесте
кірістіру аймағында қажет бағана (3) және жолдын (5) санын
ерекшелеп, тінтуірдің сол жақ батырмасын ерекшелеудің үстінде шерту
қажет.
2. Кестені кірістіру сұхбат терезесінде бағана
мен жолдың санын анықтап, бағананың енін таңдап, ОК батырмасын
шерту қажет.

Кестені кірістіру
Қосымшаның Таспа терезесінде "Кестемен жұмыс" атты жанама құралдары
пайда болады, ол өзінен Құрастырушы және Макет боп екі қыстырмаға
бөлінген. Жанама құралдардың аттары атау жолында көрсетіледі
Құрастырушы
қыстырмасы

Макет қыстырмасы
Кестені кірістіргеннен немесе құрудан кейін мәтін енгізуді бастау
немесе бейнені кірістіру үшін оның бір ұяшығына шерту қажет.
Кестені редакциялау және пішімдеу үшін Макет немесе Құрастырушы
қыстырмаларындағы құралдарды қолдануға болады, олар кестені
ерекшелеген немесе меңзерді ұяшықтың біреуіне орнатқан кезде
белсенеді. Сонымен қатар кестені редакциялау мен пішімдеу үшін
жанама мәзірде қолданылады.
Word кестесінде есептеулер жүргізу. Word 2013 кестесінде
сандарға есептеу жүргізу формалалары құрылады. Формула сұхбат
терезесін іске қосу үшін Макет қыстырмасындағы Берілгендер тобында
Формула командасын шертіп шақырылады

Мәліметтерді бағаналарда орналастыру. Бағаналардағы мәтiн
(газет бағандары) газеттер, журналдар, буклеттер және т. б.
қолданылады. Microsoft Word 2013 мәтiндi үнсіз келісім бойынша бiр
бағанада бейнелейдi. Бiрақ мәтiндiк процессор мәтiнді екi немесе
одан да көп бағаналарға үлестiре алады.
Бағаналардағы мәтiн бiр бағанның басқа бағананың төменгi жағынан
жоғары қарай өтедi, бiр бағаннан басқа бағанаға ықтиярсыз өту үшiн
бағананың ажыратуын орындау керек ("Бетті белгілеу/Ажырату/Бағана
командасы). "Бетті белгілеу" қыстырмасында "Беттер параметрлер"
тобынан "Бағаналар" белгішесі арқылы құрылады .

Бағаналарды орнату
тәсілі
Жолдарды редакциялау. Жолдарды редакциялау операцияларына
жатады: жолдардың алып тастау, бiр жолдың екiге бөлiнуi, екi
жолдардың бiр жолға бірігуі, бос жолдың орнатуы. Жолдардың бөлiнуi
және бос жолдың орнатуы үшiн Enter пернесi қолданылады. Delete
немесе Backspace пернесiнiң бiреуiн екi жолдарының бір жолға
біріктіру үшiн пайдаланылады.
5.21
суретте кестеде есептеу мысалы көрсетілген. Екі санның қосындысын
орындау үшін меңзерді санның сол жағына орнатып Формула сұхбат
терезесінен шақырып, =SUM(LEFT) функциясын орындау қажет. Басқа
фунцкияларды қолдану үшін Фукцияны кірістіру тізімінен қажет
функцияны таңдау керек.

4 Жаңа тақырыпты бекіту (10
минут)
Тақырып бойынша сұрақтар беру арқылы білім алушылардың түсініктерін
байқау білімін бағалау,білім алушылардың сұрақтарына жауап
беру,қажет болса қайта түсіндіру.
5 Бағалау (5 минут)
Оқушылардың алған бағаларын естіртіу. Сабаққа белсенді қатысқан
оқушыларды айырықша атап өту (көтермелеу).
6 Үйге тапсырма беру(5 минут.)
Білім
алушыларға бағыт көрсете отырып үйге тапсырма беру, осы сабаққа
қайталау жасап оқып-түсініп келу,түсіндіру,көрсете алу,қорғау.
Информатика пәнінің мұғалімі____________М.
Муталханова